Сайт учителя начальных классов
.
Тәуелсіз елім -Қазақстан!

Тәуелсіз елім -Қазақстан!

Тәуелсіз елім -Қазақстан!


Тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!

Мақсаты:
а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 23 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру.
б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілігін, плакат, суреттер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, буклет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар
Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 1-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді 16-Желтоқсантәуелсіз Қазақстанымызға 23 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991- жыл алтын әріптермен жазылды.
Жүргізуші:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор: «Гимн»

2. Кіріспе (Мұғалім сөзі)

3. Негізгі бөлім.

Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Қаз дауысты Қазыбек би: - біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Жүргізуші:
Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлапотырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайдыдейсің! Сеніңболашағыңдыойлаймын, еліміздіңболашағыжайлы, өткенөміржайлыойлаймын.
Немересі: - Ата, өткенөмірдеген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткенөмір» сонауежелгіата-бабаларымыздыңертекезденбелгіліөткенөміржолы, тарихыемеспе?
Немересі: - Ал, олқандайболған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаңбірсөйлесін.
Болмаса да оқығантарихшыатам,
Жинадыескілердентариххатын.
Мақсатым, кейінгіұрпақұмытпаса,
Айтылғанаталардыңаманатын.
Сондықтан балам, сен де өзтарихыңдыбілугетиістісің, сонауертекездебіздіңата-бабаларымызҚазақруларыныңбасынқосып, халықболыпқалыптасуынанбасталадыбұлтарих. Ал, балам, тарихтытыңдайық.
Буклетпенжұмыс:
Жүргізуші: (Интербелсендітақтадақазақтарихытуралы видеоролик көрсетіледі.)
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендікалып, әлемтаныдығойелімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» дегенне?
Атасы:Көптенберіестілмегенеренсөз,
Екітізгін, біршылбырынөзіалған,
Көркемжігітболыпөссекөгенкөз.
Егемендік ел болудыңбелгісі.
Басқажұртпентеңжұлдызы,теңкүні,
Егемендідегенсөзденестілер,
Атажұрттыңарғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Ендіміне, желбірегенкөкбайрағымыз, айбындыәнұранымыз, жарқырағанелтаңбамызтөріміздеілулітұр. ЕгемендікЕліміздіңкелешегінөзіңсияқтыұрпақтарыматарихетіпбаяндапаталарыңтұр. Ұмытпаңдарайналайынұрпақтарым!

Жүргізуші: - «Тәуелсіз елім Қазақстан » тақырыбынаоқушыларымызөлең жаттап келген екен. 
Берекет
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Ақгүл
Жиырма үш жыл, жиырма үш жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық
Гулданай
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Ақбота
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Нұрәділ
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Дайана
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Мұғалім:
- Балалар, өте жақсы жаттап келген екенсіңдер, жарайсыңдар! 
Жүргізуші:
- Енді «тәуелсіз-Қазақстан» атты әдеби музыкалық концертімізді көріп тамашалаңыздар.
1. Ән. «Қошақаным қайда екен?» Гүлзат
2. Би. «Қазақ биі» Айжанай мен Дайана
3. Би. «Аққу» Ақбота мен Айжұлдыз

4. Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі)
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» 
Сұрақ-жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
6. Еліміздің Президенті кім бола алады?

Мақал-мәтелдер сайысы.
«Жалғастыр»
1. Еңбек түбі береке,
(Көптің түбі мереке)
2. Елінен безген – ер оңбас,
(Көлінен безген – қаз оңбас)
3. Ер бір рет өледі,
(Қорқақ мың рет өледі)
4. Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
(Су атасы – бұлақ)
5. Өлеңді жерде
Өгіз семіреді.
Өлімді жерде
(Молда семіреді)

- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.
- Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізде өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр.
- Білім ғасыры. Сондықтан менің мақсатым білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасыр болашақ лидерін дайындау. Бұл балалар еліміздің болашағы.
Біздің Қазқастан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек би атамыздан ақ тілек тілейік!
Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз қамысты болсын!
Қалада, мейлі қырда болсын!
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасыр табалдырығын,
Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!
Аумин!
Басшыларға сөз беру
Сабақ аяқталды. Хош сау, болыңыздар!

ID: 6735 | Просмотров: 2496