Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар

Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

      Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

         Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.
       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі» - деп атап көрсетті. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
     Қоғам мұғалімдерге  болашақтың  тұтқасын  ұстар жастардың  тағдырын  сеніп  тапсырды. Сондықтан ағылшын пәні мұғалімі  үнемі сабақтың  жүргізілу жүйесін  жетілдіріп, мектептегі  оқу – тәрбиелік жұмыстарды жүйелеп,  сапасы мен  тиімділігін арттырып, оқыту барысындағы кездесетін проблемаларды шешуде оң өзгерістер әкелуге  өзінің барлық  күш – жігерін  жұмсауға тиіс.

            «Қазақстан – 2030 »  стратегиясының  ұзақ мерзімді басымдықтарына көңіл қоя отырып, стратегия мен міндеттерді жүзеге  асыру  барысында  көздеген мақсаттарға жету үшін тиімді шешімдер  қабылдау негізінде білім саласын басқаруда  стратегиялық  жоспар жасай білуді  меңгеру- бүгінгі күннің  өзекті мәселесі. Білім мекемелерінде оқу -  тәрбие процестерінің  дұрыс жүзеге  асырылуын, мектепті басқарудың ғылыми негізде  құрылуын қадағалау , білім жүйесінің  барлық буындарында  басшылық  пен бақылауды  жүзеге асыру -  білім басқармасының  негізгі міндетттерінің бірі Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
   Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Оқушыларды жан - жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті – күрделі процесс. Ол іс - әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
  Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Бұл әдістер жалпыға ортақ қолданылып келеді, демек артық айтпаған болар. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық,танымдық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын көтеруде.
Оқу -  тәрбие үрдісін  ұйымдастыру жүйесі түбегейлі  өзгертуді  керек етеді. Мұнда ұстаздардың  кәсіптік деңгейі,  олардың жан - жақтылығы, біліктілігі, оқушылардың танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай білуі, әр оқушыны қалай оқыту керектігі туралы мәселені шешетін оқу жүйесін құру қажеттілігі тұр..
    Қазіргі қоғамда көптеген ғалым профессорлар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда мына мәселелерді негізге алады: біріншісі – мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі - өз бетінше істеудің әрқилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі – оқушының қабілеттерін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруға, олардың күш – мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті. Оқушылардың танымдық белсенділігін ізденімпаздылығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.

  Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы шарты болатын нышандарын оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Яғни,  мұндағы танымдық қабілет бұл оқушының қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту. Тек оны дамыта білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжыдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді. Сонымен бірге оқытушы оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар сабақта жаңа тақырыпты немесе өткен сабақ материалдарын талдап жинақтай білсе айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз. 
  Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін оқушы дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Оқушының қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейінен бұл нәрсе оқушы іс-қабілеттері танымдық әрекет арқылы пайда болады.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқыту барысында баланың ақыл - ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
  Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
  Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
  Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады.
Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу - танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл - ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б.
Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.
Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Танымдық іс – әрекетті  қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.
Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген «Ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны», « Жұлдызды сағат»  т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.
Сондай – ақ «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

«Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

     Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:  «Міlling» – «Сыңарыңды тап» жаттығуы. Бұл жаттығуды кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек. « Сөйлемді аяқта…» . Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек. Бұл ойындарды 4-5 сыныптармен жиі өткіземін. Teaching with limited Resources:« Шектелген ресурстармен оқыту» Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу. «Hot chair» – «Ыстық орындық». Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Жеңген оқушы тиісті «5» бағасын алады.

Дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Сонымен қатар сабақ тақырыптарына байланысты мақал - мәтел, жұмбақ - жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады. Мысалы, сабақ барысында мақал - мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
 

        - тақырып мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу мәнін ашып өз ойымен жеткізу;
- суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ, жаңылтпаш айту;
- жұмбақтардың, мәтелдердің жалғасын айтқызу;
- топқа бөліп мақал - мәтелдер жарысын өткізу т. б. Ол оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, шығармашылыққа дамытады.
Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатыны сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек?
- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
- Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Жалпы оқушылардың шығармашылығын, танымдық қабілеттерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен «Сатылай кешенді талдау» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымыда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.
Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

 

Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.
3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.
4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады.
5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ж. Қараев «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы»

2.Тұрысбаева «Дамыта оқыту технологиясы».

3.Иманғалиева А. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы».

 4. Пассов Е.И. «Технология коммуникативного обучения иноязычной   

    культуре».

  1. жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.

6. Қазақстан мектебі. №1.2004 қаңтар. Ғылыми–педагогикалық журнал.

7.Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік – педагогикалық

журнал. №3(45), 2010.

8.Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.

9.Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010.

10.Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку. – Москва, 1975.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Ибраимова Каламкас Адилбековна

Жамбыл облысы ,Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылы, Шайқорық орта мектебі

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Ашық сабақтар | Қосты: Ибраимова_Каламкас (22.01.2015) | Автор: Ибраимова Каламкас Адилбековна W
Көрсетілім: 1630 | Ілмек сөздер: АРТТЫРУ., сабағында, Шет, қабілетін, ОҚУШЫЛАРДЫҢ, танымдық, тілі | Рейтинг: 1.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0