Сайт учителя начальных классов
.
Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

          Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі,тіл саясаты оның ішінде мемелекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.

          Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – камуникативтік қызыметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

          Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда қалыптасқан тарихи факорларға байланысты қоғамда негізінен қазақ-орыс тілділігі басымдыққа ие болған. Ресей қашаннан бері біздің көршіміз,біздерде ұзақ  уақыттан бері ортақ мәдениет,ортақ тарих болып келді және қазіргі таңда Қазақстанда орыс тілін сақтап қалу біздің мемлекетіміз арасында көп ретте сауда,дипломатиялық және мәдени байланыстарды қалыптастыруға тиімді жағдай жасайды.

          Орыс тілін меңгеру біздің азаматтарымыз үшін шын мәнінде үлкен байық, осы орайда бізде екі тілді ұрпақтың қалыптасуы көп ретте ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілік сапасын арттырады. Қостілділік дегеніміз- бұл тек екі тілде сөйлеу қабілеті ғана емес,  сонымен бірге,бұл қос өркенниеттің мәдени құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті болып табылады. Орыс тілі –біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі,әлемдік білімдердің қалың қатпарларын танудың, ұлтаралық қарым- қатынастың тілі.

          Президенттік «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты-қазақ тілінде қысым жасау емес,керсінше оның бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі дәрежесіне дейін көтеру. Оның үстіне қазақ тілінің бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек, ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына бағытталған жол,себебі ол әлем мойындаған халықаралық қатынастар тілдерінің бірі. Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде,орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын.

          Елбасымыздың биылғы Қазақстан Халқына Жолдауындағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы – дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы мемлекеттерге тін құбылыс. Дегенмен мемлекеттік тіл-өмірлік қажеттілік. Оны саяси саудаға, даудамайға айналдырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тіл әр адамға өзінің қайраткерлік  мүмкіндігін кеңейту үшін қоғам,мемлекет ісінде өзін-өзі көрсете білу үшін ел тағдырында ықпалды тұлғаға айналуы үшін керек. Жаңа әлемдегі жан – жақты дамыған,бәсекеге қабілетті жаңа Қазақстан тұғыры рухани құндылықтарға негізделген, бұл біздің мемлекетіміз ұстанып отырған саясатымыздың басты қағидасы. Рухани құндылықтың бастауы-тіл мәртебесін көтеру,мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаңа саясатқа кірудің басты кілті,-деп елбасымыз айтқандай қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси-әлеуметтік және мәдени қарым қатынас жасауда. Осыған орай қазіргі заман мектебі де түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр.

Оқушы өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол,өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс. Сол себепті оқушы бірнеше тілді меңгеруге тиіс.

          Орыс тілін оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор. Әсіресе,қазақ және ағылшын тілдерінің байланысы ерекше орын алады. Бұл тілдердің басты мақсаты-оқушыларының бойына қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру, және қарым-қатынасты дамыту. Осыған орай оқушылардың бойына бағдарлама талаптарына сай іскерліктерді қалыптастыру.орыс тілінің мұғалімі оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында уақытты үнемдейтін қызықты әдіс терді пайдаланған жөн. Орыс тілі төмендегі талаптарға сай өтуі тиіс.

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетіде қолданылу қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
  • Сабаққа алуан түрлі жұмыс түрлерін яғни жеке,жұп,топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқушы тұлғасын толығымен оқу процессінде тарту;
  • Сабаққа түрлі көрнекіліктерді пайдалану оның ішінде техникалық (үнтаспа,комьютер, бейнефильмдер); техникалық емес құралдар (суреттер,альбомдар,сызбалар,кестелер,крассвордтар);
  • Оқушының шығармашылық қасиеттерін ояту,ынталандыу;
  • Сабаққа жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану;
  • Ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
  • Қосымша материалдарды,газет журналдарды, интернет көзін қолдану;

Тілді үйренудің басты мақсаты оқушының іштей талпынысына,ұмтылысына тікелей әсер етеді.

     Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс –тіршілігін анықтайды.үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті

                                          Оқушы құзіреттілігін арттырудың тиімді жолы

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де,дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін көрсетеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшеліктері оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

     Мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізетін ынталы,сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.

     Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп,тәуелсіздік алу мақсатында белсенді,сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттеігі күн санап өсуде,олар оқушылардың әртүрлі топтарына білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде мектеп, жаңаша оқытудың тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын игеруге мүмкіндік береді.

     Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрын алаған білімдері мен жаңа немесе сыныптаға түрлі дерек көздерінен мұғалінен, оқулықтан және достарынан алған білімдерінен астастырыла жүзеге асады. Дайын білім береуге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен  тиімді сіңісе алмайды. Сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.

     Дәстүрлі оқытудан алынған  механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға боады. Бірақ мән мағынасы дұрыс меңгерілмейді. Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған біәлімдерін сыныптан тыс жерлерге,кез келген жағдайда тиімді пайдалануға болады.

     Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясымен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушының оқған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алады,пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін көрсете алатындай етіп орайластырып құрылады.

     Мұғалім қызыметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғыну.

     Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып,білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысына қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік,жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.

     Құзырлы оқытудың маңызды факторлары  мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалауы болып табылады.

     Сапалы оқыту мұғалімнің бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Сапалы оқытудың оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

     Сыни тұрғыдан ойлау- бұл саналы мағынаны іздеу:өзінің көзқарасының болуымен , басқалардыңда пікірін ескеріп,қандайда обьективті ойлау және қисыны бар  өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан білудің жаңа идеяларыды ұсынуға  және жаңа мүмкіндіктерді көтеруге қабілетті,мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

            Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой-өрісін дамытуға қолдану

Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Адамның өмір бойы білім алуы үшін  жағдай туғызуымыз қажет делінген.

     Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастырамын. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып, ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың  ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасап аламын. Ол үшін Р.С. Невовтың әдістемесін қолданамын. Атап айтсам «Шытырмандар», «Бұл жерде не артық?» «Топтарға бөл», «Равен матрицасы» әдістемелерін көркемлогикалық ойлау деңгейін анықтауда «ЛАбиринт арқылы өт», «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша», «Рубик кубигі» әдістемелерін көрнекі – қимылдық ойлау деңгейін анықтауға пайдаланамын.

     Сөздік – логикалық ойлау қабілетін «Ұғымды анықтау айырмашылығы мен  ұқсастығын табу» әдістемесін пайдаланамын. Бұл әдістеме арқылы оқушының интелектуалдық жүйесінің даму деңгейін анықтай аламыз. Оны мынадай сұрақтар арқылы анықтауға болады:

Қай жануар үлкен?

Ат па, жоқ ит пе? (Дұрыс жауабы – ат)

Азанда адамдар таңғын ішеді?

Ал күндіз және кешке қандай тамақтарын ішеді? (Дұрыс жауап –түскі,кешкі)

Күндіз дала жап-жарық,ал түнде ше? (Қараңғы)

Аспан көкпенбек, ал шөп ше? (Жасыл)

Шие,алмұрт,алхоры және алма бұлар -.....(Жеміс жидектер)

Қазір сағат қанша болды? (Балаға сағат көрсетіліп уақыт айту сұралады)

Жас сиырды бұзау деп атайды.

Ал жас итті жәні жас қойды қалай атайды? (күшік және қозы) және т.б

     Ит қайсысына көбірек ұқсас? Мысыққа ма,жоқ әлде тауыққа ма?

     Жауап бере отырып неге олай деп есептейсің,соны түсіндір және т.б сұрақтар қойылады.

Ойлау қабілеті дұрыс дамыған адам көптеген заттармен құбылыстарды талдап, бір- бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып,оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасы, түрі мен түсін, кеңестікке орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

     Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар  көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру», «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Не жетпейді» т.б түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндіктер бар.

     Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет.осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардың мағынасын түсініп,негізгі қасиеттерін анықтау, қабілетін дамытып ойлаупроцесін тереңдетеді.

     Шығармашылық тапсырмалардың түрлері өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, мазмұнын тереңдету және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік-логикалық түріне қарай жетелеуге мүмкіндік туады.

     Сондықтан ойлау  процессін дамытуға әсерін тигізетін дидактикалық материалдары жүйеге келтіріліп,сыныптардағы оқитын пәндердің мазмұнына байланысты топтастырып жинаса оны келесі қолданғанда біраз жаңалықтар ендіріп, жаңа нұсқада қолдануға болады. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет.

     Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын,түрін,түсін, кеңестікке дұрыс орналасуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен.

     Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана  сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»- деп айтқан екен.

Олай болса,қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы,мақсат-мұраты.

                       Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – уақыт талабы

     Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік  - экономикалық жаңғырту  - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

     Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік,шығармашыл тұрғыдан ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

     Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың  40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген.

     Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени саяси және экономикалық қызыметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына,жасына қарамай ілесіп отыруы,адамның мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

     Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

  • Белсенділік
  • Шығармашылық тұрғыда ойлау
  • Шешім қабылдай алу
  • Өз кәсібін дұрыс таңдай алу
  • Өмір бой білім алуға дайын тұруы болып табылады

Бұл функцоналдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

     Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.

     Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функцоналдықсауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

     Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орыны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман –мүддесін таытуда,оларға идеялық-саяси,рухани-адамгершілік т.б тәрбие беруде,дүниеге көсқарасын,мінезін және жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе,тіліміздің өзіндік қалаптасқан нормаларын,жалпы айтқанда грамматикасын үйрету қазақ тілінің басты мақсаты.

Баяндаманың соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынадай тұжырымдармен ұсынуға болады

  1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін,(айтылым,жазылым,тыңдалым,оқылым,тілдесім) меңгерте білу.
  2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде кез- келген жағдайда әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
  3. Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым –қатынас жасау;
  4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
  5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;
  6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
  7. Оқушылардың әлеуметтік – мәдени дағдыларын дамыту;
  8. Қазақ халқының  салт-дәстүрі,мәдениеті,тарихын түсіну және құрметтерге баулу;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бүгінгі заман талабы. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқушының алдынан шыққан оқушы   өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады,азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осығған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

    Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа талаптар                                                     

ID: 6217 | Просмотров: 3713