Сайт учителя начальных классов
.
Сен де бір кірпіш дүниеге

Сен де бір кірпіш дүниеге

Сен де бір кірпіш дүниеге

8- сынып

2- сабақ

Тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге

Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Міндеттері:

-         өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсаттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі  маңызы туралы түсінік беру;

-         оқушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.

-         Оқушыларды өз өміріне , өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Жағдаятты талдау

Аңыз әңгімеден үзінді

Оқушылар өз пікірлерін  толықтырады.

Дәйексөз

«Өзін-өзі таныған өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды.» деген сөзге оқушылардың назарын аудару.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар сабақ барысында меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушы дәптеріндегі 2- тапсырма орындалады.

Түйіндеме

Балаларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолы туралы онда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын түсіндіру мақсатында оқулықта ұсынылған тапсырма орындалады.

«Менің түйгенім» тапсырмасын орындау.

Мәтінмен жұмыс

«Есіңде мәңгі қалғалы келгем» атты өлеңін оқушылар өз беттерімен оқып шығады.

Оқушылар өзін-өзі тану, өзін-өзі сынау, өзін-өзі жетілдіру, қабілеттерін шыңдау мақсатында дәптердегі үшінші тапсырма орындалады.

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

ID: 5300 | Просмотров: 4377