Сайт учителя начальных классов
.
Сәулет өнері

Сәулет өнері

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәулет өнері шығармаларымен  таныстыру.

Білімділігі: архитектураның  тарихын, түрлерін білу.

Тәрбиелігі: эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылығы: перспектива заңдылығын біле отыра пропорция сақтау арқылы салу.

Сабақтың көрнекілігі: фотосуреттер , иллюстрация, сәулет өнері туындылары.

Құрал- жабдықтары:  әр түрлі бояу, қағаз,қарындаш.

Пән аралық  байланыс: тарих

ІІ Сабақтың әдісі: Сабақта архитектура туралы түсінік  беру, сурет салу.

ІІ сабақтың әдісі: аралас

Жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі (оқушы саның тексеру)

             ІІ Үй  тапсырмасын  тексеру

  1. Шығармашылық  жұмыс  дегенді қалай түсінесін?
  2. Сур. шығ. жұм. талда.  А. Ғалымбаеваның жұм.
  3. Үй тапсырмасын тексеру.

                     Өз беттерімен жұмыс

ІІІ Жаңа сабақ: Сәулет өнері адамдардың  өмірі мен қызметіне қажетті,                материалдық   тұрғыдан ұйымдасқан  орта құрайтын  ұйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері қалыптасқанының  өзіндік  тарихы бар. Қазақстанда 6-18ғ. аралығында  ғажайып сәулет өнерінің  ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла  бастады.  Атап айтқанда:  Сауран,  Отырар , Тараз, Баласағұн  қ.  Жібек  жолы  бойында ерекше  сән –салтанатқа  ие болады.

 

Отырар- Қазақстанның   орта  ғасырлардағы әйгілі  қалаларының  бірі. 8 ғ. Фараб деп  аталған. Ол-ұлы  ғұлама бабамыз  Әл-Фарабидің  туған жері.

Қазба жұмыстар  нәтижесі Отырарда  сәулетті  сарай, мешіттер  болғаның  дәлелдейді. Отырар-қазақ халқының  көне  тарихының  көзіндей ежелгі  қаланың бірі.

Арыстан баб кесенесі.

Тараз. Таразда 5-18ғ тұрғызылған сәулетті  сарайлар , мешіттер  сақталған- қазіргі  Алматыдағы  «Арасан»  моншасының  шығыс бөлігі.                                  Тараз жүйесіне  сүйеніп  салынған.

Айша бибі кесенесі- 12 ғасырдағы  сәулет  өнерінің  маржаны.  Тараз қ . аймағында   ертерек  пайда болған  ескерткіш  Бабажа хатун кесенесі (11ғ) Ескерткіштің  құрылысы  өте қарапайым, ол  күйдірілген  кірпіштен   қаланған. Бұл ескерткіш-көшпенді халықтың талай сәулет кешенді үлгі болған  классикалық құрылыс .

Түркістан қ. қазақ хандығының  орталығы болған

 

ІV Сабақты бекіту: Өз бетімен сәулет өнері туындысын салу

V Үйге тапасырма:«Қала көрінісі» тақырыптық жұмыс

ID: 77 | Просмотров: 2575