Сайт учителя начальных классов
.
Отырар мен Түркістан, Ғылымда жолы бір дастан

Отырар мен Түркістан, Ғылымда жолы бір дастан

Отырар мен Түркістан, Ғылымда жолы бір дастан

 Айгүл Шаяхметқызы Шакенова

Степногорск қаласы

Изобильный ауылының ОМ

 тарих пәні мұғалімі

моб.тел:87055079872

   Сайыстың мақсаты – ежелгі замандағы Отырар мен Түркістан топырағында туған, халқымызға мол мұра қалдырған ғалымдар Әбу  Насыр Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауидың өмір жолдарымен, тарихтағы алатын орындарымен таныстыру.

 

Сайысты бастамас бұрын мынадай жоспар құрдым:

  1. Топтарды таныстыру.
  2. Сәлемдесу.
  3. Танымдық сұрақтар.
  4. Шағын қойылым.
  5. Өнер сайысы.
  6. Қорытындылау.

Әділ қазылар алқасы сайланады. Ортаға Әл-Фараби мен Ахмет Иассауи тобының мүшелері шығады. Жоспардағы әр сайыстан кейін екі топқа әділ қазылар тиісті бағасын беріп отырады.

 

І. Топтарды таныстыру.

а) Әл-Фараби тобы:

- Біздің тобымыз Әл-Фараби атында. Оның толық аты – жөні – Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген.  Ол ғалым, дәрігер, сазгер болған. Ат спортымен айналысып, саздық аспаптар жасаған. Әл – Фараби педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.

ә) Ахмет Иассауи тобы:

- Қасиетті Түркістанда дүниеге келген. ХІІ ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімге, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр. Қарапайымдылығымен, көпшілдігімен, ғылым жолындағы даралығымен ғасырдан – ғасырға жетті.

 

ІІ. Сәлемдесу.

А) Әл-Фараби тобы:

Отырар Әл-Фараби туған қала,

Таңқалған ол туғанда барша дала.

Бір өзі – ғалым, сазгер, тарихшы да,

Дәрігер өз халқына болған шипа.

 

ә) Ахмет Иассауи тобы:

Ахмет Иассауи тобынанбыз,

Білім мен өнерге шыңдалғанбыз.

Жолдаймыз сәлем саған – ғұлама топ,

6 ұл менен қыз.

ІІІ. Танымдық сұрақтар.

Бірінші топқа:

  1. Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді?             870-950 ж.ж.
  2. Өзінің ұлы ұстазы Аристотельдің қандай еңбектерін оқып шыққан?    («Метафизикасын» қырық рет, «Жан туралы» еңбегін жүз рет, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.)
  3. Әл-Фараби қандай ғылымдар бойынша еңбек жазған?    (Логика, музыка, астрономия, педагогика және психология.)
  4. Сиқырлы қобдиша. «Мына қобдишада Әл- Фарабиге қатысты бір нәрсе бар, ол затты күн сайын баршамыз қолданамыз. Ол не нәрсе деп ойлайсыздар?»                                                                                                   Балалар өздерінің  жауаптарын айтты.                                                   Дұрыс жауабы: Отырар қаласының суреті немесе Әл-Фараби бейнеленген ескі бір теңгелік ақша.

 Екінші топқа:

  1. Ахмет Иассауи қаламынан туған көлемді шығармасын ата?           («Диуани хикмет» - «Даналық кітабы»)
  2. «Түркістан» өлеңі кімдікі, жатқа айт                                                             (М.Жұмабаев)                                                                                      Түркістан – екі дүние есігі ғой,                                                                       Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.                                                                      Тамаша Түркістандай жерде туған,                                                         Түріктің тәңір берген нәсібі ғой.
  3. Ахмет Иассауи кесенесіндегі тайқазан туралы не білесіңдер? (Тайқазан Қарнақта жеті түрлі металдан жасалған. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін Эрмитаждан киелі Түркістанға қайтарылды.)
  4. Сиқырлы қобдиша. «Бұл қобдишада Ахмет Иассауиге қатысты бір нәрсе бар? Ол не нәрсе деп ойлайсыңдар?»                                                 Балалар бұл сұраққа да әртүрлі жауаптар айтты. Дұрыс жауабы: «Тайқазан» суреті.

ІҮ. Шағын қойылым.

Бірінші топ:

1-оқушы.

Әл-Фараби есімі дүние жүзіне танымал. Оны Шығыстың Аристотелі деп атайды.

2-оқушы.

Әл-Фарабидің адам қасиеті туралы, жан туралы ұғымдары – орта ғасырдың жемісі.

3-оқушы.

Араларын мың жылдай бөліп тұрған,

Фараби мен Абайдай дана туған.

Қазақ елі есімің мәңгі өлмейді,

Биіктейді қашан да дара тұлғаң!

4-оқушы.

Әл-Фарабидің жан туралы ұғымы мен Абайдың 7,19,27,38,43-ші қарасөздерінде сабақтастық бар.

5-оқушы.

Адамшылық туралы ақыл берген,

Ғалымға үлестері ерекше ерен.

Әбу-Насыр, Абаймен қол созады,

Кейінгіге шыңдардан, биіктерден.

 

  Ал Ахмет Иассауи тобы «А.Иассауидың Арыстан бабадан бата алуы» қойылымын қойды.

Арыстан баба:

  • Иә, балам қай баласың?

Ахмет Иасауи:

  • Мен бе ата, мен халықтың баласымын.

Арыстан баба:

  • Балам, өзің болайын деп тұрған бала екенсің?! Өзіңе үш сауал қояйын.Мүдірмей жауап берсең, шәкіртім боласың.

Ахмет Иассауи:

  • Қойыңыз сұрағыңызды ата. Шамам келгенше жауап берейін.

Арыстан баба:

  • Ақылды кім береді, кім алады?

Ахмет Иассауи:

  • Ата, менің ойымша ақылды үлкен айтады, кіші тыңдайды.

Арыстан баба:

  • Көз кімдікі, сөз кімдікі, балам?

Ахмет Иассауи:

  • Ата көз де, сөз де халықтікі. Себебі, көзбен көретін де, сөзді тыңдайтын да халық.

Арыстан баба:

  • Білім алсаң, кім үшін жұмсайсың, балам?

Ахмет Иассауи:

  • Құдай жолына арнап, халыққа жұмсар едім.

Арыстан баба:

  • Олай болса, балам сен менің шәкіртім боласың.

Ү.Өнер сайысы.

    Бұл сайыста екі топ ән шырқап, биледі. Қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен Әл-Фараби тобы тапқырлығымен көзге түсіп алға шықты.

    Бұл шараның көрнекілігіне зор көңіл бөлініп, Әл-Фараби, Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашылығына байланысты кітаптар, суреттерден тұратын шағын көрме ұйымдастырылды. Қазақстан картасынан аталған қалалар көрсетілді. Сайыс өз мәнінде өтіп, оқушылардың қызығуын өткізді.

ID: 8411 | Просмотров: 2810