Сайт учителя начальных классов
.
Ою-өрнектер ою әдісі

Ою-өрнектер ою әдісі

Ою-өрнектер ою әдісі

 

Сабақтың  тақырыбы:  Ою - өрнек ою әдісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың шеберлігін шыңдай отырып, қол икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету, өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы:
IIІ. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
ІҮ. Жаңа сабақ: Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік

  1. Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
  2. Ою-өрнектің қолданылуы, топтарын слайд арқылы көрсетіп түсіндіру. Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады. Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
    Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.

Ү. Сарамандық жұмыс: Өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
  2. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
  3. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.

YІ. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
YІІ. Сабақты қорыту

Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YIІІ. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.

ID: 7921 | Просмотров: 3726