Сайт учителя начальных классов
.
Ойнайық та, ойлайық!

Ойнайық та, ойлайық!

Тақырыбы:  «Ойнайық та, ойлайық!»
 
Іс-шараның мақсаты: 
Оқушылардың  танымдық                             қабілеттерін,шығармашылығын дамыту, ойлау, есептеу, салыстыру дағдыларын арттыру шапшаңдыққа , байқампаздыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Іс-шараның түрі: дамытуойыны.
Көрнекіліктері: тапсырмалар жазылған үлестірмелі атериалдар, гүлдер  шарлар, фигуралар  және т.б.
Іс-шараның өтілу барысы:
1.Кіріспе бөлім.
–Оқушылар ,ұстаздар!Бүгін бастауыш кластар апталығының 4-ші күнінде 
1-класс оқушыларымен  «Ойнайық та, ойлайық!» ойыны өткелі отыр.
Ұраны: (балалар хормен айтады.)
Тыныстап біліммен                                     Бақытты балақанбыз,
Шәкіртпіз біз енді                                       Жайғасқан партаға.
Ерсілеу бүгілген                                         Қуансын жас Отан
Тік ұстаймыз денені.                                   Абыройды арқалағанбыз
 
Абдырап, абыржып
                                      Аптығып,саспаймыз,
                                     Ақыл мен сабыр- жұп
                                      Ойынды бастаймыз.
 
2.  Негізгі бөлім.
1-ойын:    «Ойлан,тап!»  Өлең-есептерді шешеді.
1.Екі қолым елім үшін алысса,
Екі аяғым  жеткізеді алысқа.
Бәрін қосса,қанша, қане айтып көр.     2. Атам,әжем және мен
Болса есепке талабың
Неше адамды санадым?
3. Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі
Қане, кім тез табады?
4. Мұратта бар бес іні,
Қанатта бар екі іні
Қоссаң бес пен екіні
Неше болады шешуі
5.Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып.
 
2-ойын:    «Ойнай жүріп,үйренемін»
 
           
 
       10          1        7          5         8         6         3         2          4
Суреттегі заттардың санын сәйкесінше санмен сызық арқылы қосады.
 
3-ойын:    «Кім тапқыр?»
 
  
Cуреттердегі геометриялық пішіндерді ажыратып,санын анықтау.
4-ойын: «Қатесін табуға көмектес»
 
3+4=7          1+3=5 5+2=7  4-2=1
5-2=3           6-3=2 3+4=6  7-5=2
 
 
5-ойын: «Интеллектуалдық ойындар» 
• Кім тапқыр? Үй құстары мен дала құстарының аттарын екі бағанға 
                     бөліп жазып көр.
• Қай бала өз аяқ киімін бірінші табады?
• Мына киімдердің қайсысын қай мезгілде киер едің?
• Қайсысын табиғи күйінде жеуге болады? Қайсысы дайындалып желінеді?
• Ыдыс-аяқ атауларын ата және олар не үшін пайдаланылады?
 
3.   Қорытынды бөлім.
Ойынның қорытындысы шығарылады, жеңімпаздар анықталады

ID: 294 | Просмотров: 2949