Сайт учителя начальных классов
.
Оқушыларға психологиялық тренинг

Оқушыларға психологиялық тренинг

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Оқушыларға психологиялық тренинг

Панель 1
Панель 2

Оқушыларға психологиялық тренинг

Мақсаты: Өтпелі кезеңдегі  тұлғаның  жас  және жеке ерекшеліктерін  зерттеп, кездесетін психологиялық   сәтсіздіктерін  болдырмау

Барысы:

1.Танысу  тренинг

Мақсаты:  Аз уақыттың  ішінде  топтың  есімдерін  есте  сақтау. Ойыншылар  көздерін  жұмып, бөлмеде  ақырындап  жүре  бастайды.  Топта  барлығы  жақсы  араласқан соң  «тоқтаңыздар»  делінеді.  Барлығы көздерін жұмып  тұрады.  Психолог ойынды  бастайды. Бір  ойыншының  есімін атап, иығынан  жанап өтуі керек.  Ол  көзін ашып,  біреуге қолын  тигізіп,  оның  есімін атайды  да ойыннан шыға  береді.  Аты аталған  ойыншы келесі  ойыншыны  атайды. Сөйтіп ойын қатысушылардың бәрінің есімдері аталғанша жалғасады.

2.«Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.

Нұсқаулық:берілген  тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.

1.достарың көп пе?

А.иә  В.жоқ

2.достарыңның ортасында әңгімені ылғи қолдап отырасыз ба?

А.иә  В.жоқ

3.адамдармен қарым қатынас кезінде тұйықтық пен қысылуды жеңе аласыз ба?

А.иә  В.жоқ

4.өзің жалғыз қалған кезде саған көңілсіз бола ма?

А.иә  В.жоқ

 5.Танысыңды кездестіргенде белгілі  бір тақырыпқа сөз қозғай аласың ба?

А.иә  В.жоқ

6 өзіңе жағымсыз адаммен кездескен кезде өзіңнің тітіргеніңді жасыра аласың ба?

А.иә  В.жоқ

7.Нашар көңіл күйіңді жақындарыңа сездірмей үнемі жасыра аласың ба?

А.иә  В.жоқ

8.Досыңмен ренжіскеннен кейін ең бірінші болып достасуға қадам жасай  аласың ба?

 А.иә  В.жоқ

9.Жақындарыңмен қарым қатынаста шұғыл ескертулер жасаудан бастарта аласың ба?

А.иә  В.жоқ

10.Қарым  қатынаста мәмілеге келе аласың ба?

А.иә  В.жоқ

11.Қарым қатынас кезінде өз көзқарасыңды білдіре аласың ба?

А.иә  В.жоқ

12.Таныстарыңның сыртынан әңгіме қылған кезде өзіңді ұстай аласың ба?

 А.иә  В.жоқ

13.Егер қызықты бір нәрсе естісең оны достарыңа айтуға тырысасың ба?

А.иә  В.жоқ

Нәтижелерді өңдеу: «Ия»- 3ұпай, “жоқ»-1ұпай.

30-39ұпай: Жақындарымен,    таныстарымен   және   бейтаныс   адамдармен қарым –қатынас  кезінде  өте үлкен  ляззат алатын, араласуға  дайын  адам.  Қарым  -қатынаста  өте қызықты,бәрінен бұрын (қоғам жаны),достары мен таныстарын тындап,түсініп,кеңес бере алатыны үшін бағалайды.Өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.Серіктесіне зейінді,өз іс әрекетін бақылап отырады.

20-29ұпай:өз шамасына қарай араласатын адам біра қарым қатынаста кейбір қиыншылықтарды бастан кешіреді.Достары аз,таныстарымен үнемі ортақ тіл табыса бермейді.кейде әңгіме барасында өзін өзі ұстай алмай қызбаланып кетеді.Өз серіктестеріне шынайы,ілтипатты,қайырымды болған жөн.Сонымен қатар,өзінің кейбір сенімсіздіктерін жоюға тырысқан жөн.

20-дан аз ұпай:Ұялшақ,тұйық адам таныстарының ортасында үндемей отырып,адамдармен қарым қатынаста жалғыз болғанды қалайды.Бірақ ол оның достары мен таныстары мүлде жоқ  деген сөз емес.Олар сені тыңдағаны,түсінгені  және кешіргені үшін бағалайды. Ал егер, өзінің көзқарасын еркін айтқысы келсе, бәрімен бірдей  сөз  таластырғысы келсе, қызықты  серіктес  болғысы келсе, онда өз  ұялшақтығын  жою  қажет, пікірталаста  шынайы  болып,  әңгімені белсенді түрде қолдап  отырған дұрыс.

3. « Жест  таңдау»  жаттығуы

Мақсаты: әрбір топ  мүшесі үшін жест  жүйісінің мәнерін  қалыптастыру. Шарты:  балалар  шеңбер  құрып тұрады. Әрбір  қатысушыға  тапсырма  беріледі, 3-5минут ішінде   өз  басынан өткен  бір  қызықты,  бір  қиын оқиғаны естеріне түсіріп  баяндап  беру. Бұл  жерге  әңгімені  баяндаудағы  мәнерлілік  пен  қызықтыру  шартты  қойылады.  Талдау: Қай  оқиғаны  баяндау  оңай болды?  Қай оқиғаны баяндау  қиын болды?  Жаттығу  несімен  ұнады?

4. “Кездескенше»  жаттығу

Шарты:  барлығымыз шеңбер  құрып  тұрамыз. Менің  қолымда  кішкентай  жіп бар. Ол  сіздерге  жылу, қуаныш,  табыс,  бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды.  Сіздер  оны  бір-бірлеріңізге  беріп,  тренингтен алған  әсерлеріңіз  туралы пікір  білдіріп,  осымен  бірге,  әріптеріңіздің  атына  өз  тілегіңізді  айтасыз.

ID: 5208 | Просмотров: 14900