Сайт учителя начальных классов
.
Маңғыстаулық заңғар жазушы

Маңғыстаулық заңғар жазушы

Маңғыстаулық заңғар жазушы

Тақырыбы: Маңғыстаулық заңғар жазушы

Сабақтың   мақсаты:

Білімділігі:  Қазақстанның   халық  жазушысы,қоғам   қайраткері  Әбіш  Кекілбаевтың  туындыларының  құндылығын,  тәрбиелік  мәнін  ұғындыру.

Тәрбиелілігі:  Қазақ  халқының  савлт-дәстүрін, мәдениетін  қастерлеуге, ұлтжанды  болуға,  адами  жақсы  қасиеттерді  бойына  сіңіре  білуге  тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Оқушылардың  өзіндік  ойлау, пікірін  ашық,  саналы  түрде  жеткізе  білу, өзгенің  пікірін  тыңдай  білу,сөзге  қорытынды  жасай  білу   дағдыларын  қалыптастыру.

Сабақтың  көрнекілігі: слайд, парақшалар, видеоролик, кітаптар.

Сабақтың   барысы: Ұйымдастыру.

Негізгі  бөлім:

Тәрбие  сағатының  тақырыбымен,  мақсатымен  таныстырып  өту.

Сұрақ: Әбіш  Кекілбаев  кім?

Олай  болса,бүгін  заңғар  жазушы  Әбіш  Кекілбаев  туралы  толығырақ  мағлұматтар  алып, шығармаларымен  танысып, олардың  тәрбиелік  мәні  қандай, неде  деген  сұрақтарға  жауап  табатын  боламыз.

Сабағымыз

3бөлімнен тұрады:

 1.«Зерде»

2.«Таным»

3. «Тағзым»

Сабақ  барысында  сынып  оқушылары  2  топқа  бөлініп, топпен  жұмыс жасап,көптеген   сұрақтарға  жауап  табамыз.

Топқа  бөлу.

1-топ:

 2-топ:

Видео.

1-бөлім:

Зерде.  

«Заңғар  тұлға»

Сұрақтармен  жұмыс:

1-топ:

1.Ә.Кекілбаев   қай  жылы,  қай  жерде  дүниеге  келді, отбасы  туралы?

2.Ұлт  азаматы  еңбек  жолын  қандай  қызметтен  бастады, қалай  өрбіді?

3.Алғашқы  туындылары  туралы?

2-топ:

1.Ұлы  тұлға  туралы  не  білесіз?

2.Әбіш  Кекілбаев  қандай  марапаттауларға  ие  болды?

3.Жазушының жарық  көрген  кітаптарын  ата.

Слайд.

Жазушының  өмірбаяны, қызмет  жолын, шығармаларын  толықтыру.

2-бөлім

Таным

« Заманмен   бетпе-бет»

Әбіш   шығармаларында  халық  дүниетанымы, тіршілік  ету  қағидалары, салт-дәстүрлері, адамға   тән  парасаттылық, ұлтжандылық, білімқұмарлық, имандылық,  адам  психологиясының  алуан  иірімдері,шынайы   тарихи  өмір  бейнеленеді.                                                                                                           Жазушының  « Елең-алаң»,  «Үркер»,  « Аңыздың  ақыры»  шығармалары  нағыз  тарихи  шынайы  өмір.

Ендеше,  тақтаға  назар  аударайық.

Видеоролик.

Жазушының  барлық  шығармаларын  бір  сабаққа  сиғызу  мүмкін  емес, алайда, бүгін «Күй» , «Шыңырау» повестеріне қысқаша  ғана  тоқталып  өтеміз.

1-топ: « Күй» повесі.

2-топ: « Шыңырау» повесі.

Слайд. ( толықтыру ). « Үркер», «Елең-алаң» «Аңыздың  ақыры» « Бәсеке» повестері  туралы  айтып  өту,   Әбіш  шығармаларының  тәрбиелік  мәні.

Поэзилық   минут. Өлеңдер  оқу.

3- бөлім

Тағзым

« Естеліктер  сыр  шертеді»

Слайд.

Жазушы   туралы  айтылған  замандас  қаламгерлер  естеліктеріне  тоқталу.

Слайд.( марапаттары)

Қорытынды.

Ашық  тәрбие  сағаты

Дайындаған: « Бейнеу  мектеп-интернаты» мм-нің   мұғалімі: Л.Сейсенбаева

ID: 5369 | Просмотров: 3303