Сайт учителя начальных классов
.
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

Қазақ биі.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған"Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты соңғы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Оқу озаттарының шеруі.(көңілді музыка ойналады)
Дарындылар елдігімнің айғағы,
Дарындылар қаламыздың айбары.
Марқайтады намысы бар қазақты
Дарындының қанатын кең жайғаны.

1-жүргізуші: Жарайсыздар! Мектебіміздің  мәртебесін әрқашан биікке көтере  беріңіздер!
1-жүргізуші: 
 Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
 Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл
 Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
 Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2-жүргізуші: 
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны,
1-жүргізуші: 
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

(Ортаға түлектер бүлдіршіндермен қол ұстаса шығады. Түлектер орындарына тұрады,бүлдіршіндер кетіп қалады)

2-жүргізуші:  Соңғы қоңырау салтанатының негізгі иелерін ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Оқушылар, түзеліңдер, тік тұрыңдар! Мектеп  Туына теңеліңдер.
Мектеп Туы әкелінсін!

2-жүргізуші: 2012-2013 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны   ашық  деп жарияланады.
(Гимн ойналады)
2-жүргізуші: 
                        Ажырамай ұжымынан бір елі сіз,
                        Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
                        Сөз берелік мектептің басшысына
                        Түлектерге арналсын тілегіңіз.
1-жүргізуші:  Мектеп бітірушілердің құрметіне арналған салтанатты жиынды ашу құрметі мектеп директоры  – Булатова Гулсара Қабылшақызына беріледі.
2-жүргізуші: 
                     Қонақ  деген ырысың мен мейірің,
                     Енді аяңдап оларға да келейін! 
                     Уақыт бөліп, бізге тілек білдірер,
                     Сөз кезегін қонақтарға берейін.

Түлектерді құттықтау сөзі  ---------------------------------------------------- беріледі.

Ән.
1-жүргізуші:
                           Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
                           Ұстаз – ғалым, толастамас мәңгі сын.
                           Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
                           Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

Сөз кезегі мектебіміздің  11 класс оқушысы, алтын белгіге үміткер Сүлеймен Әйгерімге беріледі.
• 11 класс оқушыларының әні («Ұстазым» Мерует,Айсұлтан)
1-жүргізуші:   Өз ұстаздарын құттықтау сәтін түлектер асыға күтіп тұр. Олар өздерінің шәкірттік  лебізін, шын көңілінен шыққан ән – жырларын сіздерге арнамақ, құрметті ұстаздар!
(11 класс оқушылары сөз алады).
• Надира  1 класс оқушыларына кітап тапсырады
• Ән «Қош бол мектебім» Гүлсезім, Мұрат, руслан, Айзат
1 –жүргізуші: Тіршілік тілін білетін,
                         Баланы шексіз сүйетін.
                         Түн ұйқысын төрт бөліп
                         Тілегін күнде тілейтін.
                         Әкелер де асқар тау,
                         Аналар да бір жалғау.
                         Ешкімге тең келмейтін.
2-жүргізуші:   Жақсы шәкірт азамат атанады,
                          Халқынан, ата-анадан бата алады.
                          Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
                          Ортаға шақырайық ата-ананы 

1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан өзінің жүрекжарды лебізін білдіру үшін құрметпен Құрманбаева Сәуле Ахметқалиқызын  шақырамыз

• Монолог.    Қуанышбай Толқын.
2-жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді
                        Батылдықпен  асыңдар сан белдерді
                        Біліміңмен қуантсаңдар мектепті
                        Жақсы ізбен қуантыңдар елді енді.
1-жүргізуші: Мектептің айбынды да, айдынды белгісіндей болған қастерлі туымызды кейінгі  ізбасарларымызға тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Ту тапсыру құрметі мектебіміздің түлегі Серікқалиев Қажымға ұсынылады. Қабылдау құрметі, мектебіміздің 10 класс оқушысы Орысбаев Санатқа беріледі.

2-жүргізуші: 
Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен осы жылдың білім кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы «Алтын белгі» белгісіне
үміткер оқушыларымыз: Сүлеймен Әйгерім, Қандығұлова Гүлдана, Тоғжанова Дамира, Сүйеуова Мадина, «Үздік аттестат» үміткері- Жайшылықова Айнұр
кейінгі ізбасарлары, мектебіміздің 10 класс оқушылары, оқу үздіктері: Қорқытова Ақмерей, Жақсылық Ақтоты, Ерғалиева Аягөз, Елеусінова Ару, Шакимова Мадина, Орысбаев Санат, Есенғалиұлы Жандос, Таңатар Биғали, Ермағанбетова Айгерімге  «Білім кілтін» тапсыруға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: 

• («Білім  кілт» тапсыру сәті.)
1-жүргізуші:
Ашылып өмір бағы алдан
Қиялдың құсын ерттеп алып
Бұл күнге арман саналған
Жетерміз біз де ертең – ақ!

• Көрініс.
Соңғы қоңырау соғу сәті. 
11кластан 1 ұл,1қыз,1кластан 1-ұл мен қыз бала шығады. 

11 класс  
Шарықтасын соңғы қоңырау сыңғыры
Жайқалсын даламыздың қыр гүлі.
Қосылсын түлектердің ән – жыры
Өсе берсін еліміздің ұл-қызы!
(4-еуі қол ұстаса қоңырау соғады)
Фонда жүргізушілер өлең оқиды:

2-жүргізуші: Ең соңғы қоңырау сыңғыры қымбат,
                       Бітірер түлекке соңғы үн қатшы.
                       Сәт сапар дегендей бітірер түлекке,
                       Ертеңін ойлатып тұрғандай тым нақты.

1-жүргізуші: Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
                        Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
                        Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
                        Дауысын естігенде қоңыраудың

• 11 класс оқушыларының қоштасу вальсі
• Көгершін мен шарлар ұшыру сәті.
2-жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай  түкпірінде болсаң да міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығармаңдар.
1-жүргізуші: Адам баласы еңбекпен есейеді, сондықтан еңбекті сүйіңдер. Жоғары сезім сұлулық  пен жылулықты сақтай біліңдер, білім берген алтын ұя білім ордаң, киелі орын  мектебіңді, аяулы ұстаздарыңды сыйлаңдар. Мектеп туын жоғары тұғырдан түсірмей  ұстаңдар, жас түлектер! Арман – мақсаттарыңызға жетіңіздер, алдағы сындардан мүдірмей өтіп, қалаған мамандықтарыңның иесі болыңыздар.Талаптарыңыз оң болсын!
2-жүргізуші: Оқушылар, түзеліңдер,тік тұрыңдар! Мектеп Туына  теңеліңдер! Мектеп Туы  әкетілсін!
1-жүргізуші: 
Арман ойын жеткізген тілектермен,
Қимас сезім туғызған жүректерден.
Қадамыңа сәттілік, ақ жол тілеп
Қоштасайық, жас талап түлектермен!
Мектеп түлектеріне ақ жол, сәт – сапар тілеп шығарып салайық.

• («Жас түлектерге тілек»  әні).

2-жүргізуші: Құрметті  қонақтар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер!  Мектебімізде әр жыл сайын тек қана білімді де тәрбиелі ұрпағымыз кһбейсін деген ниетпен бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына арналған салтанатты  мерекені аяқтаймыз. Көріскенше күн жақсы болсын!

ID: 1351 | Просмотров: 3499