Сайт учителя начальных классов
.
Көктем

Көктем

 Көктем 

Сабақтың тақырыбы:                          Көктем

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Көктем тақырыбы бойынша 2 сыныпта алған білімдерін еске түсіру,  тақырып бойынша окушылардың білімдерін толықтыру.  Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін  жинақтау, арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе  алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа   тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, топтастыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ü    Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;

ü    Оқушыларды қарым-қатынасқа  психологиялық дайындау;

ü    Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ü    Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

- Сәлеметсіздер ме балалар?

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Өте жақсы.  Төрт көзіміз түгел болса, сабағымызды бастайық.

ІІ.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Міндеттері:

а) өткен сабаққа шолу

ә) өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру;

б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту;

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Алдымен мына өлең шумақтарына назар аударайық:

            Қар, мұз еріп,

            Су көбейіп,

            Сай салаға ағады.

            Бүршік шашып,

            Жапырақ ашып,

            Гүл бәйшешек басады.

            Ал, балалар, айтыңдаршы

            Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: көктемде.

-  Әрине көктемде, дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Көктем. Ендеше көктемінң шуақты күнінде автобусқа отырып,  саяхат жасап қайтайық.

1-аялдама. "Сұрақ - жауап" аялдамасы.

-Жыл мезгілдерін ата.

-1 жылда неше ай  бар?  Атап шық.

-Қазір қай мезгіл?

-Көктем айлары?

-Қазір қай ай? Бүгін нешесі?

-Бүгін ауа-райы қандай?

Сөздікпен жұмыс.

ü  бұлбұлдың суретін көрсету;

ü  оқыту, қайталату;

ü  сөйлем құрастыру. /Болымсыз етістікті қатыстырып сөйлем құрастыру./

2-аялдама. "Суреттер сөйлейді." Суретпен жұмыс. (Оқулықтағы суретке қарап, әңгіме құрастырамыз.)

Оқушыларға "Көктем" мезгіліне байланысты сурттер көрсетемін. Оқушылар көрсетілген сурттер бойынша әңгіме құрастырады.

Үлгі: Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Құстар ұшып келе бастады. Балалар ұя жасады. Ағаштар бүршік жарды. Жерге шөп шықты. Гүлдер өседі. Адамдар қысқы киімдерін шешеді. Жеңіл киім киеді.  

ІҮ.Тапсырмалармен жұмыс.

3-аялдама. "Мәнерлеп оқу" . Оқулықпен жұмыс.

2-тапсырма. 162-бет. "Наурыз", "Сәуір", "Мамыр" өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

  •   өзім оқимын;
  • оқушыларға шулап оқытамын
  • бір -бірден мәнерлеп оқиды.

НАУРЫЗ - көктемнің (первый) айы.

СӘУІР - көктемнің (второй) айы.

МАМЫР - көктемнің (третий) айы.

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

 

4-аялдама. "Көктемгі мерекелер" /"Топтастыру " әдісі арқылы мерекелерді топтастыру.   /

Оқушылар көктемгі мерекелерді атап шығады. Әр мерекеде шарлар ілініп тұрады.  Шардың ішінде сұрақтар жасырылған. Оқушылар шарды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

8 НАУРЫЗ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ?

 

22 НАУРЫЗ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ?

 

 

"БІРЛІК КҮНІ" қарсаңында бірлесіп келесі тапсырманы орындап көрейік.

Дәптермен, тақтамен жұмыс.

163-бет  5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазғызу.

 

Ү. Сабақты қорытындылау.

5- аялдама "Дұрыс-дұрыс емес" ойыны.  Жеңіске жету үшін соңғы тапсырманы орындап шығайық.

v  Мен мамырда тон киіп мектепке елдім.

v  9 мамыр - Аналар мерекесі.

v  Сәуір -көктемнің екінші айы.

v   Көктемнің алғашқы гүлі - раушан.

v  Наурыз мерекесінде наурыз көже пісіреді.

v  Ағаштарда шөп өседі.

ҮІ. Оқушыларды бағалау кезеңі.

Міндеті:  өзара бақылау; жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту, т.б.) /Жеңіске жетулерімен құттықтау./

 

Үйге тапсырма. 2-тапсырма. Өлеңдерді жаттау.

Міндеттеріоқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру

5-тапсырма. Болымсыз етістіктерге сөйлем құрастыру.

 

9. Рефлекция кезеңі

Міндеттері:

ü  Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлекциясына жағдай жасау;

ü  Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету

-Сабақ ұнады ма?

 Сабақтан не үйрендің?

ID: 6995 | Просмотров: 2766