Сайт учителя начальных классов
.
Интеллектуалды білімпаз

Интеллектуалды білімпаз

Интеллектуалды білімпаз

Сабақтың тақырыбы: Интеллектуалды білімпаз

Мақсаты: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Сергектік, зеректіктерін дамыту.

Көрнекілігі: Компьютер, слайд, нақыл сөздер

Барысы:

Жүргізуші: Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы – заман талабы. Мектебімізде болашағына үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылардың қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырып, танысуға рұқсат етіңіздер.

  1. Ахылтаева Гүлбану 7 «В» сынып оқушысы ұраны:

«Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

  1. Сетай Айдана 7 «Г» сынып оқушысы ұраны:

«Білімді – азамат ел ертеңі»

  1. Құрманбай Нұрғиса 7 «Б» сынып оқушысы ұраны:

«Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

  1. Нағашбек Айдана 7 «В» сынып оқуышысы ұраны:

«Шапқан озар, жатқан қалар»

  1. Сәрсенбаева Аида 7 «В» сынып оқушысы ұраны:

«Білім деген биік шың, қиындықтан өткізер»

  1. Есімбек Әсем 7 «Г» сынып оқушысы ұраны:

«Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқуменен еңбекке сал барыңды»

  1. Тілеумұрат Ақмарал 7 «Б» сынып оқуышысы ұраны:

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп»

  1. Жүрсін Дулат 7 «Б» сынып оқушысы ұраны:

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

  1. Ақылтаева Салтанат 7 «Г» сынып оқушысы ұраны:

«Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

  1. Сапарғали Ернар 7 «Б» сынып оқушысы ұраны:

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады»

Сайыскерлердің жұмысына әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

«Білімді азамат ел ертеңі», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз!

І-тур. «Білім ағашы» айналымы. Бұл бөлімде сұрақтар қойылады. Алдарындағы белгіні кім бұрын көтерсе, сол сайыскер сұраққа бірінші жауап береді, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Бұл айналымның «Білім ағашы» аталу себебі – көбірек ұпай жинап алып, білімнің биік шыңына жету.

Сұрақтар:

  1. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын  физикалық шама (масса)
  2. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз қозғалуы (броундық қозғалыс)
  3. Денелердің жерге тартылу күші (ауырлық күші)
  4. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді (орын ауыстыру)

5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)

  1. Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші (дененің салмағы)

7. Бірлік ауданға түсірілетін күш (қысым)

  1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанысып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы (диффузия)
  2. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш (үйкеліс күші)

10. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)

11. Дененің немесе дене бөлшектерінінң уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)

12. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама (заттың тығыздығы)

Жүргізуші: Сонымен І айналымға белгіленген сұрақтар аяқталды. Қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайларын санағанша әуенді үзіліс жариялады. Осы бөлімнің қорытындысы бойынша  ең аз жинаған сайыскерлер ойыннан босатылады.

Ойынымыздың келесі ІІ бөлімі «Көкпар» деп аталады. Бұл бөлімді тест тапсырмалары беріледі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

ІІ-тур «Көкпар» (Тест тапсырмалары)

1.Дененің бірқалыпты қозғалыстағы жылдамдығы қай формуламен анықтайды?

А)  F=mg

B)  ρ=m/V

C) υ=s/t

Д)  V=abc

2. Жердің денені өзіне тарту күшін қалай атайды?

     А)  Серпімділік күші

     B)  Ауырлық күші

C)   Дененің  салмағы

    Д) Магнит күші

3. Дене көлемін және пішінін сақтайды. Осы дене жасалған заттың  күйін анықта

А)  Қатты

B)  Газ

C) Сұйық

Д)  дұрыс жауабы жоқ

4. P = F/Sформуласымен қандай физикалық шаманы анықтайды?

А)  жұмыс

B)  тығыздық

C) қысым

Д)  жылдамдық

5. Физикалық шаманы білдіретін сөзді тап.

А)  мұздың еруі

B) уақыт

C) термометр

Д)  темір

Жүргізуші: Осы бөлімнің қорытындысы бойынша  ең аз жинаған сайыскерлер ойыннан босатылады.

ІІІ-тур «Полиглот»

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға 3 тілде,

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

30 ұпай, шәкірт, саған несібе.

1. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем, табылмас.

(Жұлдыз, звезда, star)

  1. Суға салсаң батпайды,

  Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, мороз, frost)

  1. Алтын теңге кетеді,

    Күміс теңге келеді

(Күн мен ай, солнце и луна, sun and moon)

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

(Су, вода water)

  1. Өз еркіне жіберсең,

    Дүниені бүлдірер.

(өрт, огонь, fire)

Жүргізуші: Осы бөлімнің қорытындысы бойынша  ең аз жинаған сайыскерлер ойыннан босатылады.

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда» - дегендей, бұл 3 кезеңнен артта қалған сайыскерлердің ұпайлары  аз жинаған сайыскерлер ойыннан босатылады.

IV-тур «Кім жүйрік» (Әрбір дұрыс жауап 0 ұпаймен бағаландаы) уақыт 5 минут.

  1. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см2, оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см2. Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
  2. Өлшемдері 4×0,3×0,25 м темір бетонды тақтай жартылай суға батырылған. Оған әсер етуші архимед күші қандай?
  3. Болаттан жасалған серіппе 120 Н күштің әсерінен 15 мм-ге  ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?

V-тур «Мен ұнатқан пән»

Тарих

  1. Пирамидалардың отаны (Мысыр)
  2. Суяб қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан? (Шу өзені)
  3.  Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды? (Елді жаудан қорғау, Қытай халқын елдент шығармау үшін)

География

  1. Жердің ең төменгі қабаты? ( Тропосфера)
  2. Есіл бойындағы жаңа қала (Астана)
  3. Ең үлкен құрлық (Азия)

Математика

  1. Үш пар ат 30 км- ге шапса, әр ат қанша км- ге шапқан? (30 Км)
  2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
  3. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы? (180)

Әр түрлі

  1. Аспан әлемін зерттейтін пән? (астрономия)
  2. 100 жылдың басқа атауы? (1 ғасыр)
  3. Екі қатынастың теңдігі? (Пропорция)

VІІ-тур «Физикалық эстафета»

VІ-тур «Кім шапшаң»

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Кім шапшаң». Бұл кезеңде  екі оқушыға  15 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.

1-оқушы:

1.Ньютонның 1867 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңының ашуына себеп болған не? (Алма)

2.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым (Торричелли)

3. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Диффузия)

4. Қысымды өлшейтін құрал (Барометр)

5. «Инерцияның» қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)

6. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама (температура)

7. Күштің бірлігі (Ньютон)

8. Жердің ең төменгі қабаты  (тропосфера)

9. Ең алғашқы ұшқыш-космонавт (Гагарин)

10. 10 дәрежесі неге тең?

11. 1 сағатта неше секунд бар?

12. Дененің жерге тартылу күшін не деп атайды?

13. Сұйық тығыздығын өлшейтін құрал. (Ареометр)

14. Физика грек тілілнен аударғанда қандай мағына береді?

15. Күн жүйесінді неше планета бар?

2-оқушы

1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Исаак Ньютон)

2. Күшті өлшейтін құрал (Динамометр)

3. Диффузия қандай мағынаны білдіреді? (Жайылу , таралу)

4. Заттың неше күйі бар? (3 )

5. Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

6. Қысымның бірлігі (Паскаль)

7. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (атмосфера)

8. Барометр ішіндегі сұйық (сынап)

9. 105 дәрежесі неге тең?

10. 2 минутта неше секунд бар?

11. Ауырлық күшінің формуласы?

12. Қысым айырымын өлшейтін құрал. (манометр)

13. Күн жүйесінде неше планета бар?

14.Аспан әлемін зерттейтін ғылым (Астрономия)

15. Астрономиядағы ен негізгі зерттеу құралы (телескоп)

Қорытынды

Жеңімпазды мараппаттау

ID: 5800 | Просмотров: 2935