Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар

Інкәр көңіл, нәзік сезім

Інкәр көңіл, нәзік сезім

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

Інкәр көңіл, нәзік сезім

Сабақтың тақырыбы: Інкәр көңіл, нәзік сезім

Мақсаты: махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық  ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адамның ең жоғары нәзік, қастерлі  сезімі  ретінде  махаббаттың  тұлғалық  мәнін  ұғындыру;
  • ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін  ажырата алу дағдыларын  дамыту;
  • сүйіспеншілік  сезім  мәдениетіне  тәрбиелеу.

     Шаттық  шеңбері

М.Шахановтың «Гүлдәурен» әнін оқушылар  шеңберге  тұрып орындайды.

    

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен.

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңда

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді бала көктем

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Сабағымыздың тақырыбын жариялау.

  • Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?

    Мәтінмен жұмыс.

    Г. Сайынқызының «Күн ұрланған күн» әңгімесімен танысып келу тапсырылған болатын.

    Оқушылардан әңгіме мазмұнымен кім таныстырғысы келетіні сұралады.

Әңгіме бойынша талқылау жүргізіледі.

     Бұл жастағы ересек оқушыларда ұнату сезімдері болады.  Кейбіреулер өз сезімдерін жасыра білсе, кейбіреулер сезімдерін іште сақтай алмай, ыңғайсыз жағдайларға қалып жатса, Рабиға сияқты арты өкінішті жағдайларға ұшырап жататындары да аз емес.

  • Күнайдың іс-әрекетіне қандай баға бересіздер? Оның шешімін құптайсыз ба?

     Олай болса, М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты өлеңіне дайындалған көріністі тамашалап көрейік.

Автор: Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп жылады:

Ана:

«Жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынары,

Еркелеттім, өмірімді желкен еттім жолына.

Тек сол гүлдеп толыссын деп,

Тек сол кисін, сол ішсін деп,

Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына.

Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары,

Ой түзеді, көз жауын ап қызғалдақтай майдағы.

Алды болды құрбысының бірге өскен,

Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен?

Бекер, бекер жіберіппін еркіне,

Ерте түсіп қалды-ау сірә, албырт сезім өртіне.

Бақытты едім.

Бақытты едім мен қандай,

Қашан қызым жолыққанша ғашықтықтың дертіне.

Күзетшімін бұл күні есік торыған,

Туар айым тумай қалды оңынан.

Үш жыл болды бұйрабас бір әртістің

Сорлы қызым жүгіріп жүр соңынан.

Ал ол иттің, бұл қорлыққа қарашы,

Бар әйелі, баласы. Үйленуге қайдан келсін шамасы?!

Қызым соны білмейді ме? Біледі. Біле тұра селт етпейді жүрегі.

Небір жайсаң жігіттерді төредей

Мазақ етіп кетпеді ме елемей?!

Бұл не деген көлден табар бақытты

Шөлден іздеп жаңылысқан шөрегей.

Деп сенсем де: бақыт алда, жол алда,

Адасқандай кейіптемін боранда.

Ал ол үшін бұйрабас сол әртістен

Артық жан жоқ ғаламда.

Тек соны ойлап беріледі арманға,

Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда.

Сосын қайта жымияды:

 «Менен асқан бақытты Адам жоқ, - деп, - жалғанда»

Дауа бар ма, дауа бар ма талғамға?!

Жақын тартып сырласымдай бұрынғы,

Кешір, қалқам, саған аштым сырымды.

Сен ерекше сыйлы жансың қызыма,

Сыйлайтыны - жатқа оқиды жырыңды.

Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нәзік,

Жеңе алмаспыз өр мінезбен ұрдажық.

Өтінемін, сол бақытсыз сорлыға

Қол ұшын бер, ой саларлық жыр жазып.

Автор:

Соны айтты да, шығып кетті қоштасып,

Тұрып қалдым ойым мұңмен астасып.

Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы ана,

Көз алдымнан кетпей қойды жас ғашық.

 

  •  Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?
  • Қыздың іс-әрекеті жөнінде не айтасыз?
  • Сезім әркез екі жақты бола ма?
  • Жалпы қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруін құптайсыз ба? Сіздің айналаңызда осындай жағдайлар орын алды ма?
  • Ғашық болу дегенді қалай түсінесіздер?

 

Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

 Абай.

Сүйіспеншілік мәдениетіне қалай  үйренуге болады?

Шын мәнінде сүйе білу дағдысының  ұғымы кең. Сүйе білуді ұят қылық деп қарамай, адам өмірінің стимулы ретінде қабылдауға үйренуміз керек.

  • Себебі  сүю...?

(Себебі сүю біреуге күш беріп, қуаныш сыйлайды, өмірінің мәніне айналады, ал екінші біреудің сенімін жоғалтып, қайғы-мұң әкеледі. Барлық сүйкімді, шарапатты ұлы істерге, ерлікке адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем беріп  отырады. Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін білгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Жайшылықта қолдан келмейтін істер тындырады. Махаббат болмаса, адам қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмес еді.)

  • Қалай ойлайсыңдар, адам бір көргеннен ғашық болуы мүмкін бе?

 Үнділердің ертедегі өсиет  кітаптарының бірінде «Адамды  бір-біріне  құштар ететін үш нәрсе   бар олар:  жан сұлулығы,  ақыл-парасаты, сымбат көркі:

Жан сұлулығы  оған  деген  достықты;

Ақыл-парасат  оған деген  құрметті;

            Сыр-сымбаты  сүйіспеншілікті  пайда қылады. Осы үш  нәрсе  қосылып, адамды ынтық ететін   махаббатты  пайда  қылады» деп жазылған.

 

  • Ал адам өмір бойы бір адамға ғашық болып өтуі мүмкін бе?

     Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жасы  Олай болса М. Шахановтың Естайдың  72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар сәтінде аласыұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан,  арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай ақын әбден жұқарып, тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп:

«Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр саусағымнан тастамай келгенімді білесің, енді қалған уақытта да қолымда жарқырап жатсын деген. Ұлы сезімін кішкене жүзікке сыйдырған қайран Қорланым-ай!» – деп ағыл-тегіл жылапты. М.Шаханов осы оқиғаны Евгений Евтушенконың үйінде шетелдік қонақтармен бас қосуда әңгімелеп бергенде, итальян мүміншісі: Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған ғашықтардың сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен- деп баға берген.

Олай болса, М. Шахановтың осы оқиғасын тамашалайық. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің жалғасын тыңдайық.

Автор:

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі,

Ғашық  жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды оны жұрттың өсегі,

Бұған дәлел – құдіретті «Қорлан» әні кешегі.

Қасіретті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі,

Қайран Естай қимас досын шақырып,

Былай депті деседі:

Естай:

«Ей, Нұрлыбек, еренім!

Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен, амал нешік, көнемін.

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын,

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің.

Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,

Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны -  жай күндер.

Көлмен көлдей, тау мен таудай теңдесе,

Белдесуге талап қылдым мен неше.

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға.

Сірә мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә мендей мұңға батқан жан бар ма?

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын

Менсінбеген менің мұңым – тәтті мұң.

Тәтті емей не? Он сегізге ой салып,

Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!

Әттең тағдыр қоса алмадым, сорым ба?

Заман – жылан, жатып алды-ау жолымда.

Бірақ менің бақытым да, барым да –

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме

Мен болыппын. Оһо, қандай мәртебе!

Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Десе дағы ел  дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт, қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін, өзіммен бірге жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу  - қандай мәртебе!

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де!»

Автор:

Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

Әне, солай қайсар ақын көз жұмды.

Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:

Қорлан:

«Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыз дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың –ау, Жер-Ана?»

Автор:

Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп,

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып, делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

Қорлан:

«Бақыттымын, бақыттымын»

Автор:

Депті де, көз жұмыпты мәңгілік.

 

Автор:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.

Адам азса, ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі.

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан,

Әлем соған сенді.

Құлай сүю  - ерлікпен тең себебі!

 

Ән: «Құсни Қорлан»

Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,

Табиғат берген екен күн мен айын.

Мұратқа іздеген жан бәрі-ай жетпес,

Дариға-ай, арманым көп неғылайын.

Ахау, арман, Құсни Қорлан,

Екеуі-ай туған екен бір анадан.

  • «Махаббатсыз өмір бос» деген пікірмен келісесіздер ме?
  • Құлай сүю - ерлік» деген оймен келісер ме едің?

 

  Назар аударайық

    «Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады».

В.Шекспир.

       Қортындылау.

«Сүйіспеншілік», «Ерлік», «Әдемілік», «Мейірімділік», «Жаңа мүмкіндіктер», «Әдеп», «Адамгершілік» сөздерін қатыстырып, сабақта алғна білімдерін өз сөздерімен қорытындылау тапсырылады.  

     Құрметті оқушылар! Бүгінгі пікірталас сабағымыздан ой түйгендейміз. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңдар емес» - деп, Г.Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп-пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ.  Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Нургуль Дуйсенова

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Ашық сабақтар | Қосты: nurgul7777 (21.01.2015) | Автор: Нургуль Дуйсенова W
Көрсетілім: 1329 | Ілмек сөздер: нәзік, сезім., көңіл, Інкәр | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5914
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 70
Қонақтар: 69
Тіркелгендер: 1
Duyssembaeva_zhanar