Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар

Даму мүмкіндігішектеулі оқушыларға оқу және еңбек дағдыларын үйрету ерекшеліктері

Даму мүмкіндігішектеулі оқушыларға оқу және еңбек дағдыларын үйрету ерекшеліктері

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...

 Даму мүмкіндігішектеулі оқушыларға оқу және еңбек дағдыларын үйрету ерекшеліктері  

Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде — қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде:«Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында — даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.

Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:

§  білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;

§  оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;

§  оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

§  мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

§  қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;

§  мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;

§  білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

§  Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

§  Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;

§  Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;

§  Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.

Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.

Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.

Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан

тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қаитамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы дмау деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.

Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.

Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектебінде психолог болып жұмыс жасап жүрмін. Өткен жылы мектеп партасында отырған 6 оқушылардан басқа, үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 3 оқушымен жұмыс жүргіздім. Олар жас деңгейіне қарамастан мектепалды даярлы және 1-11 сынып аралығында оқитын болды. Ол оқушылармен алдымен диагностикалық зерттеу жұмыстарынан бастап, түрлі түзету жұмыстары денсаулық жағдайына байланысты жүргізілді.

Сонымен 2012-2013 оқу жылына мектепте барлығы 1 оқушы үйден оқиды.

Мүмкіндігі шектеулі бааларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.

Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соың ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.

§  Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың азаюы.

§  Эмоциялық депривация- қоршаған ортаме қарым-қатынаста эмоцияның әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі.

§  Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау айқындығының төмендеуі.

Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.

«Қазақ педагогикалық энсеклопедия сөздігінде» ойлауға мынадай анықтама береді. Ойлау – сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың мида жалпы жәе жанама түрде ұғым арқылы бейнелену. Ал П. Г. Гальперин: «Ойлау -сезім, қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы дамытушы» ретінде қарастырады. Басқа психикалық функцияларға қарағанда адамның ойы ерекше, белсенді процесс. Ой адамың айналысындағы дүниемен айналыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу.

Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйретіу қажет.

§  Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу.

§  Іс-әрекетке қызықтыра білу:

§  Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның ж.үзеге асуына бақылау жасау.

Тәсілдер:

Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).

- Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмиыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар)

- Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. көптеге жаттығуларды қолдануға болады.

Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады. Олар: басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады. Психикалық дамуының негізгі бүзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы, қоршаған ортаны тануы нашар болып келеді.

Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де нашар меңгереді. Ақыл-ойыв орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан «Айналамен таныстыру» өте маңызды. Ондағы басты мідет балалардың табиғат туралы қароапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақынқоршаған ортаны заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады.

Дүниетанымын кеңейтудің мақсаты ақыл-ойы орташа даиыған оқушылардың оқудың бастапқы сатысында алған қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту және бекіту қоршаған әлемде бағдарлаудың практикалық тәсілдерін, өмірлік қажетті икемділіктер мен дағдыларды дамытуды жалғастыру.

Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы және табиғат пен қоғамдағы адам өмірінің өзі де кезеңдік түрде болады. Оқушылар бұл қайталанатын, сонымен қатар өмір кезеңдерінің уақыттың ағымдығын мен қайталанбастығын сезінуге және түсінуге тиісті. Бұл үшін балаларды оларды қоршаған табиғат пен қоғаммен өзара қарым-қатынасқа қатыстыру керек.

Сондықтан оқушыларға қоршаған орта және әлеуметтік ортада бағдарлау үшін қажетті қызмет, икемділік тәсілдері қалыптасады. Іс-әрекеттік тәсілде ресек адамның басшылығымен меңгеріледі. Оқушылардың даму деңгейіне қарай, мүмкіндігінше біртіндеп оқу үрдісінде муляждар , суреттер, фотосуреттер, сызба бейнелер, шартты белгілер, пиктограммалар ендіріледі.

Сонымен қатар оқушыға өзін тану керек.: терісін («шешуге болмайтын киім»), қаңқа (мені не ұқстап тұр), бұлшық ет жүйесін (маға қозғалуға не көмектеседі) деп түсіндіруге болады.

Адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттері-ересек адамдар дегеніміз кімдер? Ата-аналар, туысқандар, көршілер, құрдастар, кішілер-үлкендер, таныстар, таныс еместер, сенің достарың-ересек адамдар және балалар…т.б

Мұғалім мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста оның жеке ерекшелігі ескере отырып барлық материалды сабақта іс-жүзіне асыруға міндетті емес екенін ұмыытпағаны абзал. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек.

Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.

Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Кулбаева Лаззат Тулегеновна

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қосалқы мектеп-интернаты

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Ашық сабақтар | Қосты: Масон (19.01.2015) | Автор: Кулбаева Лаззат Тулегеновна W
Көрсетілім: 1747 | Ілмек сөздер: және, Оқу, Даму, дағдыларын, Еңбек, Оқушыларға, мүмкіндігішектеулі, ерекшеліктері., үйрету | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0