Сайт учителя начальных классов
.
Бәрі де ана , бір өзіңнен басталады!

Бәрі де ана , бір өзіңнен басталады!

Бәрі де ана , бір өзіңнен басталады! 

«Бәрі де ана , бір өзіңнен басталады»  атты тәрбие сағаты

Мақсаты:Ана жайлы ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ер бала мен қыз бала арасындағы  татулықты нығайту.

 Барысы:                                              

Құрметті ұстаздар, қонақтар,оқушылар.

Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде аналар мерекесі тойланады.  Әуел бастан   таңды қалай қарсы алсаңыз күніңіз солай өтеді , ендеше, Әр елдің амандасу салты бар.  Әр ұлттың салтымен амандасып , бір- бірімізге амандық саулық тілейік,

1.Ресейде құшақтап бетінен алама кезек 3 рет сүю.

2.Германияда  қол алысып көз түйістіру,  

3.Қытайда қолын кеудесіне айқастырып  иіліп сәлем беру,

4.Малайзияда саусақтың ұшымен ғана қол алысу,  

 5. Японияда  қолын екі жанына қойып бас ию, 

 6. Индияда  екі алақандарын маңдай тұсына апарып бас ию,  

7. Эскимостар  мұрын түйістіріп амандасады,

8. Қазақстанда қол аласып төс қағысып амандасады Міне  бәріміздің бойымыздан тараған   күш қуат бүгінгі тәрбие сағатымның мақсатына жетуге көмектеседі деп сенемін.

құрметті қыз – келіншектер қауымы сіздерді осынау айтулы мерекемен  құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық ұзақ ғұмыр, өмірде бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Ана – жүрек , жүректі құдірет де,

Ана-тірек тіректі құрметте.

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана күнің, күніңе табынып өт.

деп бүгінгі « Бәрі де ана ,бір өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

  Ана туралы айтпай ,тебіренбей  өмірден өту мүмкін емес. Сондықтан ана туралы ғұламалар не дейді екен тыңдап көрейік. Компьютерден тыңдау. Бұл тыңдағандарыңыз  Қадыр Мырзалиев ағамыздың «Бәрі де ана  бір өзіңнен басталды» атты шығармасы болды.

Ия шынында да  кей кезде біз ана қадірін түсінбей жатамыз. Сондықтан адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту- таралғының керегі жоқ.

Жантәңір, Жасмин, Дәурен тақпақ ән «Әрқашан күн сөнбесін »

Даяна ,Саят, Балауса, Біржан, Арайлым ,Қуаныш   ән « апатайым »

Дүние жүзілік әйелдер мейрамында олар жайлы толғамай кету мүмкін болмас « Әйелдер-ай » компьютерден тыңдау  «25 мың теңге » оқиғасы осындай әйелдер жайлы  болмақ. Тамашалаңыздар.

Ана-тіршіліктің гүлі ,отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауында ана мен бала жағдайын жақсарту мәселесін көтеруі аналар алдындағы  перзенттік борышы деп білеміз. Өмірде анаға деген сағыныш. Оның  ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә. Осы сәтте  ана мен бала арасындағы  естен кетпес сәттер естеріңізде болар.

« Анаға хат »  көрініс

Түн ұйқысын төрт бөліп , сәбиі жыласа жүрегі езілетін аналар үшін  дүниенің бар асылын жинап берсек те көп емес.

Ендеше  қазір  оқушылар арасында ойын өткізейік.

 Ортаға тегеш пен су кесе қоямын.үтік пен орамал қоямын. Сағат,  қағаз, қалам,сыпырғыш , шелек қоямын. 2 минут ішінде балалар осы жұмыстардың барлығын байланыстырып атқарып шығуы керек.

Жарайсыңдар міне ана тек бала тәрбиелеумен шектелмей  қаншама шаруа тындырып үлгереді екен.

 Сондықтан анамыздың еңбегін бағалап, арасында қолымыз тисе көмек беріп отыру артық болмас.

 Күннің шуақты сәулесіндей , ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат ендеше ана мен бала арасындағы  сабақтастықты қазіргі жауаптарынан біле аламыз.

 Сіздерге сұрақ қоямын   жауап  сіздерден болады.

«бірінші аналар жауап береді.»

2.Қоғам қайраткерлері аналардан кімдерді білесіздер?

3. Қыз балаға лайық мамандық  атаңыз?

4. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздарды білесіздер ме?

5. Балаларыңыдың ішінде ең  еркесі ең   тәттісі  қайсысы деп айтар едіңіздер?

1.Өз аналарыңыздың көңілін қалдырып ,  өкінген кездеріңіз бар ма?ендеше

Бұл жалған дүниеде жоқты бар, ашты тоқ ететін, ол-ана .жайлы бір үзік сыр

 монолог оқу

Жарайсыздар.

Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды, демекші  қазір аналар  менің қолымдағы конверттен  тамақтың түрлері жазылған қағаздарды алады,ал балалар сол тамақты қалай не қосып пісіретінін айтып береді.(манты, палау, айран, кеспе  блины , бауырсақ , қаймақ , ірімшік, кеспе, май ) міне көрдіңдерме балалар аналарың осыншама тамақтың қалай жасалуын ұмытпай, шатастырмай  күнделікті  асханада дәмді тамақтарды да ешкімнің көмегінсіз пісіреді екен.

 

Дүниедегі ең ардақты асыл жан ,

Анам менің мәпелеген жасымнан.- демекші

«Мен кім» ойыны арқылы балалар аналарын қалай тауып алады екен, ол үшін  әр бала өз анасының қай жерін жақсы көретінін айтады да сол бойынша анасын тауып алады. қане таңдап алайық,

Ал аналары өз балаларын тауып алуы тиіс ол үшін  комьютерден құттықтаулар беріледі сол құттықтаудың кімге тиесілі екенін тауып  алуларының керек.

 Ана еңбегі ешқашан ақталмайды, бірақ соны сезініп білу әр адамға міндет, сондықтан  қәзіргі ойыннан   қыздар ұлдың ісін ,ал ұлдар кейбір қыздардың ісін атқаруға болатынын білетін боламыз, жылда

Н Ә Назарбев Қазақстан  әйелдер қауымын  құттықтауға кездесу ұйымдастырады,  аналарымыздың арасында  Елбасымен

 кездесуге барғысы келетіндері барма ? сонымен қазір   оқушылар сендердің мамаларың   қайда кіммен кездесуге баратындарын білесіңдер сондықтан уақыт тығыз қазір кету керек  ол үшін біз сендермен мамаларды  сәндейміз уақыт шектеулі кім әдәмі керемет жасай алады екен. Ал аналары бала туралы  ән айтып  отырса жақсы болар деймін.

 Ана ақылды болса  бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың. әке – қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады екен.

 Тәрбие сағатының соңында сіздердің алдарыңызда бір жыл бойы  не күтіп тұрғанын болжағыларыңыз келеме, ендеше  балаларыңыз   себеттің ішінен  таңдайды . мен болжам жасаймын .

(Лавровый  лист   биыл сізді бау- бақшаңызда жақсы өнім  күтіп тұр, қазаныңыз  мол болады, тек лавр жапырағын  тамаққа қосуды ұмытпағайсыз

 Түйме. Сізді кездейсоқ байлық күтіп тұр, тек  киіміңіздің түймелеріне сақ болыңыз.

  Ақша . алдағы уақытта ақшаңыз көбейіп,  ойлаған мақсатыңызға жетесіз тек ақшаны ұқыптап ұстауды ұмытпаңыз

  Мозайка сіз өз қолыңызбен үй салуыңыз мүмкін тек жалқаулығыңыз кедергі келтірмесе болды.

 Кәмпит  биылғы жылы сіздің өміріңіз  тәтті ұмытылмас кездерден тұрады. Отбасыңыз сізге ерекеше сыйлық ұсынады.

Түйреуіш биылғы жыл сізге жаңалық әкеледі   көп  табысқа кенелесіз,  көзден сақтануды ұмытпаңыз ол үшін түйреуіш тағып жүруді әдетке айналдырыңыз.

Шишка сіз биылғы жылы   үй жайыңызды малмен толтырасыз демалысыңызды сәтті өткізесіз, тек   табиғаттағы тосын оқиғалардан сақтануды ұмытпағайсыз.

 

Батарейка  Биылғы жылы сізді жаңа достар мен жаңаша өмір күтуде. Көптен күткен арманыңызға қол жеткізесіз , бірақ  өзіңіздің  күш қуатыңызды  толтырып отыруды ұмытпаңыз ол үшін көп демалып аз ренжіңіз.

Ойыншық осы жылы  мүмкін сіз нәрестелі боларсыз , отбасының толып  бақытты өмір кешесіз бірақ жұмысты да ойлаудың керекгін естен шығармағаныңыз жөн.

 Доңғалақ биылғы жылы сіздің  ойлаған  армандарыңыз орындалады. Арманыңыздағы көлік сатып аласыз, бірақ жол ережелерін сақтауды ұмытпаңыз.

құрметті аналар  сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын. Мен де ана ретінде сіздерге бала бақытын көруді  алла нәсіп етсін деп  мына гүл шоқтарын ұсынамыз.Және де ер азаматтарыңыз сіздерге әрқашан демеу болсын  деген ниетпен  ұлдарға  мына  алжапқышты  бұдан былай жыл сайын 8- наурыз күні  киюді дәстүрге айналдырсын деп  сыйлыққа ұсынғалы отырмын.  Ал қыздарға әсемдік жарасады – демекші  мына  шаш әшекейін әрқашан әсем де кербез болып жүріңдер  деп сыйлыққа ұсынамын.Ал оқушыларыма  биік белестерден көріне беріңдер және араларыңда әрқашан сыйластық болсын   деймін.

 «Әйелдер адамды бесігінен баулиды,.  Өмірдің ірге тасы солардың қолдарымен қаланады» деген екен бір ғұлама  әркез ананың жүрегі ауырмасын, баланың көңілі  қалмасын деп  сүйіспеншілік ойынын ойнайық. Шеңберге тұрамыз, музыка аяқталғанша бір- бірлеріңіздің беттеріңізден сүйесіздер. Соңында қалған жеңімпаз  анықталады.

Бүгінгі тәрбие сағатымның мақсаты : Ана жайлы ұлағатты сөздер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана еңбегін бағалауға үйрету Ер бала мен қыз бала арасындағы  татулықты нығайту  болатын міне менің ойымша  осы мақсатыма жеттім деп және бұл  мақсат әрі қарай жандана береді деп сенемін.

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар,

Ана – деген тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен қасиетті аналар! – деп  қорытынды сөзді  мектеп директоры Токимов М.Қ. Оқу ісінің меңгерушісі Ахметова Б.Е. беріледі. Көп балалы ана Қалима апаға ,Тұрсын апайға , Батиқа апайға сөз беріледі.  Тәрбие сағатымыз  ұлдардың қыздарға өз қолдарымен даярлаған  мерекелік дастарханымен жалғасады.

ID: 6376 | Просмотров: 3767