Сайт учителя начальных классов
.
Алаштың арлы ұлы еді

Алаштың арлы ұлы еді

Жүсіпбек Оразгүл  Рысханқызы

 

№135 – жалпы орта мектебінің

                                                                          6 «а» сынып оқушысы 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                                           Сарыағаш  қаласы

Алаштың арлы ұлы еді.

 

Таңда  туған  жұлдыздай,

Шолпан боп шашты жыр жинақ.

Өнер мен ғылым білімге                                 

Шақырды  Мағжан  жыр толғап.

 

Бес арыстың бірі еді,

Қазақ деп соққан жүрегі.

Алаштың арлы ұлы еді,

Түркі жұрт түгел  біледі.

 

Жастарға сенім артатын,

Арманы асқақ ұлы ақын.

Елімнің ойлап ертеңін,

Үмітпен сенім артты ақын.

 

Ақынды мақтан етеді ,

Ескерткіш қойып түрік елі.

Жалынды жырлар жолдаған ,

Қалаулы болған  ұл еді.

 

Адамдық үшін жауызбен

Күресіп сол бір сәттері.

Жаламен қуғын-сүргінде

Қаза болған ұл еді.

 

Айрылған сондай саңлақтан,

Болмасын енді жаманат.

Сөздерің болсын аманат,

Боламыз әркез қолғанат.

 

Мағжанды атқан сол кезде,

Гайкович деген сұм еді.

Өзі өлсе де арыстың

Сөздері мәңгі өлмейді.             

 

Айтылар әлі өлеңің,

Өсіп –өнген жастар бар.

Өзіңді мәңгі  ұмытпас,

Артыңда қалған қазақ бар!

ID: 112 | Просмотров: 2394