Сайт учителя начальных классов
.
«Жас қаламгерлердің» жыр мүшәйрасы

«Жас қаламгерлердің» жыр мүшәйрасы

«Жас қаламгерлердің» жыр мүшәйрасы

Армысыздар құрметті жыр сүйер қауым, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жас қалам» атты жас ақындар мүшәйрасын ашық деп жариялаймын. Мектептегі «Жас қаламгер» үйірмесі – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі, оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі.

Жалпы «Жас қаламгер» үйірмесі дегеніміз – бұл оқушылардың  жеке дара өзіндік қабілеттері жоғары деңгейде көрініс беретін жұмыстардың жиынтығы, олар – жаңа мәтіндегі әңгімелер, күлдіргі  әңгімелер, өлеңдер, суреттемелер, мақалалар, хабарламалар құрастыруға бағытталған жаттығулар. Сондықтан мектебіміздің бүгінгі болашақ жас ақындары өздерінің жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырларын, осы «жас қаламгерге» арнайды.

Ендеше ортаға:

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу – маржан шашатын.

Көрерменді таңдантып,

Жырдан күмбез жасайтын –жас қаламгер ақындарымызды ортаға шақырайық.

Қарсы алыңыздар!

1) Серікова Назерке 7 Б сынып оқушысы:

Ең алғашқы өлеңін арнапты ол әкеге

11 жастан бұл Назерке қалам алып қолына.

Абай менен Ыбырай аталарын пір тұтар,

Ал көрермен қолпаштап, қолдау көрсет балаға.

2) Мұхабаева Айжан 7 Б сынып оқушысы:

Айжан атты жас ақын,

Ойы мен шабыт тең келген.

Жырлары оның пәк, жарқын,

Жүректерді тербеген.

3) Жексенбина Саягүл 7 Б сынып оқушысы:

Салмақты қыз Саягүл, жас қаламгер,

Шабыт келсе жыр жазумен тебіренер

Әрқашан шабытын құр жібермей,

Жыр жазса, тек биіктен көрінер.

4) Шойманова Жанбота 7Б сынып оқушысы:

Ақын болса болу керек, Жанботадай,

Ол жүреді осы жолды ардақтай,

Салмақты, ойы ашық, жырға жүйрік,

Отырайық жас ақынды қолпаштай.

5) Сабырова Сабина 7 Б сынып оқушысы:

Тәрбиенің қыр – сыры бойға сіңген,

Ұстаздан ұлағатты білім терген.

Сабина деген есімі бар жас ақынның,

Жырлары таза судай, тұнық, терең.

6) Жазыбекова Сағыныш 7 Б сынып оқушысы:

Болашақтың айқара ашып есігін,

Қойыпты оған Сағыныш деп есімін.

Жүрегінде Мұқағали рухы бар,

Мектептің жас ақыны ол бүгін.

7) Мақажанова Мөлдір 9 Б сынып оқушысы:

Қалам алып жыр жазған,

8 жастан қолына

Мөлдірдей ақынның

Гүл бітсін әркез жолына.

8) Рысбаева Жібек 11 Б сынып оқушысы:

Көп ойлайтыны кім болары,

Ой үстінде жүреді,

Аяулым ақын Фаризадай

Жыр жазарын біледі.

Өлеңдерін барлық халық

Оқып жүрсе үнемі

Аяулым қыздың осы екен,

Барлық арман – тілегі.

9) Төлеуова Айбибі 6 Асынып оқушысы:

Енді ақындық өнерін,

Тамашалап көреміз

Талантты қыз Нұрсұлудың

Өнеріне сенеміз

Билері мен жырларына

Сусындап әркез жүреміз.

10) Бүркітбаева Айнұр 7 Б сынып оқушысы:

Мұқағали бабасының жолын қуып,

Жүрмекші сөз шебері ақын болып,

Жас қаламгер, Айнұрдың тілегі тек

Ақын болса, жыр жазар, шабыт қонып.

Бүгінгі  біздің жыр – сайысымыз з кезеңнен тұрады.

І – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру)

ІІ- кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (өлеңдерін оқу)

ІІІ-кезең. «Салауатты өмір салты» (Эссе – шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету)

Қасиетті өлең – жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақындар аз емес. Сол сияқты біздің жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналары жарқын, көз қарастары айқын, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы жырмен қуантыңдар енді елді.

Енді жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалауға әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары:

  • 1) Оспан Мәрзия
  • 2) Сағындықова Гүлмира
  • 3) Шатекова Замзагүл

Сонымен 1-ші кезеңімізді бастауға, сөз кезегін жас ақындарға берейік.

1-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындардың өнерін бағалағанша, келесі әсем әнге берейік.

Ән: «  »

Орындайтын: Құрмашева Әмина 6 А сынып оқушысы

Жас ақындар жырлаңдар, аяңбандар,

«Жас қаламгер» үйірмесіне жыр арнаңдар

Ақын болсаң ел ертеңін ойлайтұғын,

Мұқағали, Фаризада не арман бар?

Сондықтан да, шабыттанып, тек жырлаңдар.

2-кезеңіміз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Жан бұлқыныстарынан пайда болған жырларын арнаған ақындарымызды тыңдайық.

2-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындарымыздың 2-ші кезеңін бағалағанша, әсем ән тыңдайық.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «   »

Орындайтындар: Мұратова Аяулым мен Сатбекова Толғанай

Келесі 3-ші кезеңімізді жас қаламгерлердің енді шешендіктеріне тәнті болу үшін, қара сөзге кезек берейік. Ақындар енді «Салауатты өмір салты» тақырыбына байланысты өз ойларын эссе, яғни қара сөзбен, шешен тілмен жеткізеді. Қазақстанымыздың нығайып, әрқашанда берік болуы үшін не істеуіміз керек? Деген сұраққа өз ойларын білдіреді.

Жас қаламгерлерге сәттілік тілейік.

3-кезең өтеді.

Әділқазылар ақындардың шешендігін бағалап, осы сайыстың жалпы қорытындысын шығарғанша жас қаламгерлер 6А, 6Б, 7Б, 6Б сынып оқушылары, шығарған өз жырларын оқып береді.

Ортаға оқушыларды шақырайық.

6А-Құрмашева Әмина

6 А-Бакенов Жансұлтан

5 Б-Жексенбин Марғұлан

5 А дәуіржан

Таңғажайып атың да дәл табылды

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі көкке жетті көк туың,

Сен тәуелсіз мемлекеттің кәдімгі

Қазақ үшін тым қымбат ата-дәстүр

Ұрпақтарға көп қайта атамас құр

Отан үшін қанша жастар күрескен

Бабалармен жастарымыз қатар тұр.

Мазмұнына өрнегі жарасқан Қазақстанның қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін деп жырлайтын жас ақындарымыздың өнерін бағалап, марапаттауға сөз кезегін әділқазыларға берейік. Сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын салыстыра отырып бағалауға сөз кезегін әділқазылар алады.

Осымен бүгінгі жас ақындар мүшәйрасын аяқтамас бұрын қорытынды сөзді мектебіміздің директоры Майгелдинов Шайхслам Шәріпбекұлына сөз берейік.

Өзінің ой пікірін білдіруге мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Райымқұлқызына сөз береміз.

Биіктерден көрініңдер ақындар,

Халқыңа тек жырмен шашу шашыңдар.

Өлең жолын тастамаңдар ешқашан

Ақындықтың асуынан асыңдар-

дей отырып бүгінгі жыр мүшәйрасына қатысқан барлық жас ақындарға үлкен алғысымызды айтып, әрқашанда сәттілік тілеймін.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет, кешімізді осымен жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

ID: 5086 | Просмотров: 2743