Сайт учителя начальных классов
.
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері

Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері

Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері 

    Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері

                               (1841-1889)

                                                    Кітап-білім бұлағы,

                                                    Білім-өмір шырағы.

 

Мақсаты:

  а) Білімділік:қазақ еліне білімінің шамын жаққан ағартушы,жазушы Ы.Алтынсариннің өмірі,шығармашылығы,қызметімен таныстыру,өлеңдерін талдау.

  ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту

  б) Тәрбиелік: адамгершілікке,еңбекті сүюге баулу,тақырыпқа байланысты халқымыздың мәдениетін,мінез-құлқын аңғаруға баулу.

 

  Түрі: жаңа сабақ

  Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндірме,мәнерлеп оқу,топтау әдісі

  Көрнекті құралдар: сурет,интерактивті тақта,кесте,үлестірме қағаздар

  Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

  Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,түгендеу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. "Жұмбақ сандықша"ойыны(блиц-турнир) Мұғалім: «Жұмбақ сандығым ашылды,ішінен Шоқан туралы сұрақтар шашылды» деп, әр оқушыға сұрақтар алғызып,жауабын сұрайды)
  • Ш.Уәлиханов қай жылдары өмір сүрген?
  • Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
  • Шоқанның зерттеушілік қызметіндегі алғаш жазып алған халық жыры
  • Шоқан тамамдаған білім ордасы?
  • Қай жылы Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланды?
  • "Мұндағы мақсатым-өз халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді"-деп кімге жазады?
  • "Сот реформасы туралы жазбалар" не туралы?
  • Сот реформасына Шоқан қандай үміт артты?
  • "Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп"кімнің сөзі?

2.Үш қатардан 3 оқушыға Шоқанның өмірбаянын айтқызады.

а)Қашқария жері туралы не білесіңдер?Шоқанға дейін Қашқарияға кімдер сапар шекті?

ә) "Сот реформасы туралы" жазбалар Сот реформасына Шоқан қандай үміт артты?

б) Шоқанның асыл мұраларының бірі-бейнелеу өнері.

 

Жаңа сабақ:Мұғалім интерактивті тақтаны қолданып, Ы:Алтынсарин туралы мәліметтер көрсетіп,өмірбаянын түсіндіреді.

∙Ы.Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы,аса көрнекті педагог,тұңғыш оқулық авторы.

∙1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келді.

∙1850 жылы Ыбырай мектепке қабылданды.

∙1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шықты.

∙1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып,сонда келеді.

 (оқытушылық қызметін бастайды)

∙1864 жылы Торғай мектебі ашылды.

∙1876 жылы Петербор,Қазан қалаларына барады.

∙1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

∙1879 жылы Орынборда "Қазақ хрестоматиясын" бастырып шығарады.

∙1881 Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

∙1883 жылы қолөнер мектебін ашады.

∙1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырады.

 Сөздікпен жұмыс:

Айшылық,жалықпай,өркениетті,айнадай,мұнарланған,т.б. сөздердің мағыналары түсіндіріледі.

                                                                                                         

Өлеңдері:

                       Өлеңдерінің тақырыптары

Ақыл-кеңес,

өсиет өлеңдері«Әй,достарым!», «Ананың сүюі»

 

 

 

Әлеуметтік     теңсіздік

«Азған елдің хандары», «Залым төреге»

 

«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясы- қазақ қауымына өркениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Өмірді көркейтуші,өркениетті болашақтың иесі-жастар,ал жастардың көркі-білім,мәдениет деп ұқты.

«Өзен», «Жаз» өлеңдері табиғат көрінісін суреттеуге арналған

Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейді.Негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты,Отанды сүю сезімдерін дарыту мақсатынан туған.

«Азған елдің хандары», «Залым төреге» өлеңдерінде елдегі теңсіздікті,әлділердің үстемдігін баяндайды.

«Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!» өлеңдерінде жастарға ақыл-кеңес беріп,жақсы мен жаманды ажырата білуге шақырады. «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуді айтады.

 

Оқулықпен жұмыс: «Өнер-білім бар жұрттар», «Өзен», «Жаз» өлеңдері мәнерлеп оқылады.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Алтынсарин қандай мектепте оқыған?

2.Ыбырай қайда,қай жылы қыздар мектебін ұйымдастырды?

3.Ы.Алтынсаринді «кемеңгер кісі» деп кімдер бағалаған?

4. «Қазақ хрестоматиясы» неден құрастырылған?

5. «Ыбырайдың жастарды өнер-білімге шақыру мақсатында жазылған қандай өлеңдері бар?»

6.Табиғат көріністерін суреттеуге арналған өлеңдерін ата.

 

∙Қорытындылау                     Үйге тапсырма:

∙Бағалау                            Ы.Алтынсарин өмірбаяны,кестені толтыру

ID: 7000 | Просмотров: 7245