Сайт учителя начальных классов
.
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 

1) Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердиев туралы толық мәлімет бере отыра, білімдерін кеңейту.Өмірлік жолы мен шығармашылық жолын зерделеу.

2) Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту,  шығармашылыққа баулу, өзінің ойын еркін жеткізуге дағдыландыру

3)Халқымыздың тарихына, әдебиетіне, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, ББҮ, қозғал-тоқта, 5 минуттік эссе, автор орындығы стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің портреті, «Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесі, электрондық оқулық, мультимедиялық тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың барысы: 

  1. Қызығушылықты ояту (3 минут)

Күй орындалып тұрады «Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесін мұқият қарап, қандай ойлар туындады? деген сұраққа жауап береді.

II. Мағынаны ажырату

1. Кіріспе сөз  (2 минут)

Биыл еліміз ұлы дана, данышпан, Абайдың нағыз шәкірті Ш.Құдайбердиевтің 150 жылдығын атап өтті. Міне, бүгінгі сабағымызды, да аз болса осы ұлы тойға қосқан үлесіміз деп есептейік. Бұл сабақта біз ақынның толық өмірлік жолын зерделеумен қатар, оның шығармашылығына да тоқталамыз. Осындай жұмыстарды  электрондық оқулық арқылы жүзеге асырамыз. Оқулықтың мазмұнымен танысып өтейік. ....

Бүгінгі сабақта бұл тараулардың барлығына тоқталмаймыз, тек алдында айтылғандай өмірлік жолы мен шығармашылығына үңілеміз.

2. Элетрондық оқулықпен жұмыс (15 минут)

1-топ

Өмірлік жолы деген тарауды ашамыз.

2-топ

Ұрпақтары деген тарауды ашып, танысамыз

1. Әр топ зерттеген мәселесін ортаға салады

2.  2 топқа да  ортақ ББҮ кестесін толтырамыз

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Жұмыстарын оқыту 2-минут

3. Шығармашылығына тоқталу

«Ғафиз» Күйі орындалып тұрады

 Мұғалімнің сөзі:

Қай ақын болмасын өз дәуірінің перзенті, өз заманының жемісі. Шәкәрім де сондай. Күрделі тарихи кезеңде ғұмыр кешті. Туған халқының басындағы экономикалық және рухани , мәдени ауртпалықтарды ,заман мәселерін көзімен көрді, көңілімен саралады. Өз жұртының жағдайын өте жақсы түсінді. Сондықтан да ол заманның шындығын , әлеметтік-қоғамдық мәселерді тануда және өз шығармашылығы арқылы көтеруде асқан шеберлік танытты. Тұтастай алғанда Шәкәрімнің әдеби мұрасы  -аса бай қазына. Ол әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеді. Халқымыздың мәдени мұражайында тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны терең, кестесі көркем лирикалық өлеңдер қалдырды. Ұлы Абайдың үлгісін өлшем ете отырып, «Қалқаман-Мамыр», « Еңлік-Кебек», «Нартайлақ- Айсұлу», атты тамаша поэмалар жазды. Көркем проза үлгісіндегі Шәкәрімнің шығармалары ХХ ғасырдың басындағы ұлттық прозаға өз үлесін қосып қана қоймай, оның орнығып, ілгерілеуіне ықпал жасады. Әсіресе «Әділ-Мария» романы көркемдік мазмұны жағынан өте бай болып келеді. Сонымен қатар, кезінде өз тарапынан ізденіп, мол білім жинаған Шәкәрім әлем әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ арасына таратуда біраз еңбек атқарды. Атап  айтсақ, А.С.Пушкиннің «Дубровский» мен «Боранын» , Толстойдың әңгімелерін, Хафиздің өрнекті жырларын,классикалық «Ләйлі- Мәжнүнін» сюжетін дастанға айналдыруы екінің бірінің қолынан келетін өнер болмаса керек. Шәкәрімнің білімдарлығы да осынау ақындық, ойшылдық қуаты да осынау туындылардан айқын аңғарылады. Шәкәрімнің мұрасының тағы бір саласы – оның тарихи, философиялық трактат үлгісіндегі туындылары. Өлеңдерінде Шәкәрім ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін көтереді. Ақынның өлеңдерінің тақырыптық диапазоны  аса кең.       

III. Рефлексия (14 минут)

5 минуттік эссе жазу (5м )

«Автор орындығы» стратегиясы арқылы тексеру. 1,2 оқушы шығып өз эссесін оқиды, 1 пікір, 1 сұрақ қою керек. (3м)

1,2 саналу арқылы екі топқа бөлінеміз, шеңберге тұрамыз

«Қозғал – тоқта» стратегиясы бойынша «Шәкәрім туралы не білдім?» (6м)

«Қылқалам ұшындағы данышпан бейнесі» атты суреттер көрмесіне қайта оралы, мұқият қарап, енді қандай ойлар туындады? деген сұраққа жауап береді. (2 мин)

IV. Үй жұмысы Кезекші пошташы болып үй тапсырмасын таратады: «Қалқаман- Мамыр» поэмасын оқу. Мына  (2-мин) мәселерге мән беріп оқимыз: Жырдың дауы.

ID: 5088 | Просмотров: 2785