Сайт учителя начальных классов
.
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік –Кебек»

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік –Кебек»

Шәкәрім Құдайбердіұлы.

«Еңлік –Кебек» дастаны

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Балтабай ауылы

Балтабай орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ауганбаева Нуржамал Рамазанқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.

                            «Еңлік –Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ш.Құдайбердіұлы өмірін, шығармашылық жолын таныстыру; өлеңдерінің идеясын ашу; өлеңдеріндегі ақын көзқарасын таныту; ақынның дастандағы кейіпкерлер бейнесін жеткізу шеберлігін байқату; оқушылардың санасына дастанның адамгершілік идеясын жеткізу; Шәкәрім мен Абай шығармашылығының үндестігін таныту.

Дамытушылық:  оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойларын еркін, нақты   жеткізе білуге баулу.; тіл байлықтарын дамыту;

әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту; ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Дастан мазмұны арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал ету, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сызба, кластер,ақынның портреті, шығармалары.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

 

Сабақтың барысы:

I.          Ұйымдастыру кезеңі:

а )Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.

ә)  Оқушыларды топтарға бөлу.

  1. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
  • Жаңа сабақ:
  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың ойқазығы ретінде ақынның мына өлең жолдарын

алуға болады:

 Жалыналық Абайға, жүр,баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік.

Осыдан кейін  Шәкәрімнің қазақ әдебиетінде алатын орны, ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы екендігі туралы айтамын.

  1. «Ой қозғау», «Шәкәрім кім?»Интерактивті тақтадан Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім туралы өз білімдерін ортаға салады.
  2. Оқушылар Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы туралы оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.
  3. Топтық жұмыс ұйымдастыру.

1-топ:Ақынның шығармашылығы, өлеңдері жайлы оқып шығып,тірек сызба арқылы баяндайды.

2-топ:Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастырады, қалған мәліметтерді оқушы өзі орналастырады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Шәкәрім – Абайдың талантты шәкірті әрі ең жақын туысы». Шәкәрім мен Абайдың шығармашылығындағы үндестік пен ұқсастығын, айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетеді.

Интерактивті тақтадан екі ақынның өлең жолдарынан үзінділер көрсетіліп, салыстырылады

Абай Құнанбайұлы

Өлең тақырыбы

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап,еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

 

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлең тақырыбы

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкініші қалмайды кетсе ағатың.

Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

 

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған ұйқасты өлең сөз керек,

Өзіне орайлы,

Ән-өлшеуіш,  өлең-күміс,

Қоспаңыз мыс аралас.

 

 

  1. «Еңлік-Кебек» дастанымен жұмыс:
  2. XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар туралы, көрген қайғы – қасіреті жайлы баяндаймын.
  3. Дастанның кіріспесі ретінде алынған «Әңгіме алдындағы сөз» оқылғанда, «Елім-ай» әні тыңдалады.
  4. Дастан кіріспесінде тарихи оқиғаларға тоқталамын:
  • 1723 жылдарықазақ елінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  заманы болғанын айту.
  • Қазақ пен қалмақ соғысы.
  • Абылай ханның қалмақтармен соғысы.
  • Қазақтардың қалмақтарды жеңуі.
  • Қазақ еліндегі Матай руының Шыңғыс жеріне қоныстануы.
  1. «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойыншажоспар құрып, оның композициялық құрылысына талдау жасау, хрестоматиядан поэманың мәтінін оқыту.
  2. Дастанда кездескен адам аттары мен жер атауларына түсінік беру:

Шақшақ Жәнібек – арғын, Шақшақ руынан шыққан.

Жеті момын, Атығай Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты және Бәсентиіннің үш баласы.

Мұғалжар – Ақтөбенің оңтүстік –күншығысындағы тау аты.

Матай – ру аты.

Кеңгірбай, Қараменде – Тобықтының екі биі.

Қабекең – Кеңгірбай биге қойылған ат.

Жуантаяқ –Тобықты ішіндегі елдің аты.

Хақан – хандардың ханы деген сөз. Хақан өзені – Матайдың қыстауы.

Көбей –Кеңгірбай бидің оң қолы, сөзін сөйлеуші адам.

  1. Сабақты бекіту:
  2. Жұмыс дәптерінде дастан кейіпкерлері туралы кесте толтыру:

 

Дастан кейіпкерлері

Портреті

Мінезі

Іс-әрекеті

       

 

  1. Дастан мазмұны бойынша жоспар жасау.
  2. «Миға шабуыл» стратегиясы. «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады.
  • Дастанда Еңлік пен Кебек қалай кездеседі?
  • Балгер қандай жорамал айтты?
  • Еңлік Кебекке өзінің атастырған жігітін қалай таныстырады? Дастаннан тауып оқып беріңдер.
  • Кебекті бір көргеннен ұнатып қалып, бар сырын ақтарып салған Еңлік жайлы қалай ойлайсың?

 

  • Кебектің жауабы оның қандай адам екенін көрсетеді?
  • Еңлік пен Кебектің қашуына не себеп болды?
  • Екі елдің жауласуы немен тынды?
  • Кеңгірбай неге екі жасты ұстап беруге мәжбүр болды? Жауабын тауып оқып беріңдер.
  • Екі жас қандай жағдайда қолға түсті?
  • Өлім алдындағы Еңлік қандай үш тілек айтты? Бұл Еңлікті қандай етіп көрсетеді?
  • Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
  1. Топтастыру немесе кластер стратегиясы. Мынадай тақырыптар бойынша сабақ мазмұны ашылады:
  • Шәкәрім – лирик (өлеңдері және оның тақырыптары )

2) Шәкәрім – аудармашы

3) Шәкәрім поэмалары

4) Шәкәрімнің сазгерлік өнері

5) Шәкәрім – жазушы (әңгімелері, романы)

6) Шәкәрім – зерттеуші, ойшыл.

  1. Сабақты қорытындылау:
  2. «INSERT»стратегиясын пайдалану. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Сұрақ:  Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Дастан неге трагедиямен аяқталды?

Тапсырма: Дастанда орын алған қазақ халқының салт-дәстүрлеріне түсінік беру.

  1. Оқушыларға ой түйіндеп, қорытынды шығарту.

Ақынның:

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы,

Аларсың, көп ғибрат, байқағаның, -

деген сөздері сендерді қандай ойларға жетелейді?

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындату.
  2. Шәкәрім әндерін тыңдату.
  • Үйге тапсырма, оқушы білімін бағалау:
  1. Жұмыс дәптеріне берілген тапсырмаларды орындау.
  2. Дастаннан географиялық атауларды теріп жазып, түсінік беру.

Шыңғыс тауы, Сыр, Есіл, Нұра,Сарысу, Қарқаралы, Шу, Шалқар көл, Ұлытау, Ор, Елек, Ойыл, Қиыл, Мұғалжар тауы, Орал, Ырғыз, Торғай, Тарбағатай, Нұр-жайсаң, Шәуешек, Арқа, Орда, Көкен, Ащысу.

  1. Шығармашылық тапсырма: «Еңлік – Кебек » дастаны бойыншы пьеса, киносценарий жаздыру.
  • Рефлекция кезеңі:Дастан кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?

 

ID: 9690 | Просмотров: 4498