Сайт учителя начальных классов
.
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".

С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".

С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
а)Сәкен  Сейфуллин өмір жолы мен  шығармашылығына тереңірек түсінік беру. « Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық:
а)шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; 
ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест,сұрақ-жауап, иллюстрациялық баяндау, түсіндіру,  синквейн
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,математика.
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, күй дискісі, интерактивті тақта, СТО  перфокартасы, тест
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгелдеу.
ә) Оқушы зейінін  сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасы

   1.Сұлтанмахмұт Торайғыров  кім  ?

А )  әнші             Ә)   ғалым                       Б)    ақын, жазушы

2.Сұлтанмахмұт Торайғыров қай жылы дүниеге келген  ?

А)   1865 ж             Ә)   1569ж                        Б )   1893 ж

3. Сұлтанмахмұт қай жерде дүниеге келген ?

А) Көкшетау облысы      Ә) Орал облысы           Б) Ақтөбе қаласы

4.Оның алғашқы ұстазы кім болған ?

А) Абылай      Ә)  Нұрғали                   Б) Әсет

5.Қай журналда хатшы болып жұмыс жасайды ?

А) « Айқап »          Ә)  «Дала»              Б)  «Қазақ»

6.Сұлтанмахмұттың поэмаларын ата

А) « Еспенбет »       Ә)  «Адасқан өмір»        Б ) « Медғат - Қасым»

7.Оның алғашқы туындысы қалай аталады ?

А)  «Қамар сұлу»     Ә)  «Сұлушаш»     Б) «Ботағөз»

8.Ақынның бір өткір өлеңі не деп аталады ?

А ) «Бір адамға »       Ә)  «Жаз»      Б)  «Гүл»

9. Ақынның оқу - ағарту тақырыбына жазған өлеңін көрсет

А) «Жарқынбай»      Ә) «Шәкірт ойы»                 Б) «Жазғы қайғы»

10.Сұлтанмахмұт қай жылы қайтыс болады ?

А)  1478 ж             Ә)  1236ж            Б)  1920 ж

 

Жауап кілттері :

1 Б      4 Ә        7 А      10 Б

 2Б        5 А       8 А

3А       6 Ә        9 Ә

Оқушылар бір- бірін тексереді, жауап кілттерін пайдалана отырып.

ІІІ  жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгін сабақта қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі ,

ақын ,қоғам, мелекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолымен, оның «Ақсақ киік» атты өлеңімен танысамыз. (слайд № 3)

Үнтаспадан Сәке  сейфуллин туралы мәлімет беру.

Ал ,енді «Ақсақ киік» өлеңімен танысу үшін ең алдымен киік туралы мәліметпен танысамыз.

Сөздік жұмысы слайд №6

Шөл – суға тапшы аймақ.

Бетпақдала – Арқаның шөл даласы

Киік,бөкен-аша тұяқты,жүйрік аң

Бетеге- дала өсімдігі

Қос- далалықта паналайтын баспана

Сегіз көштік-сегіз көшіп, әрең өткен

Таңы – жануардың сұлу мүсіні

Киік – аталық жануар

Бөкен – аналық жануар

( слайд №7 Бетпақдала туралы, № 8 киіктің физикалық туралы мәлімет ,№ 9)

«Ақсақ киік» өлеңін үнтаспадан тыңдату .Оқушылар өздері өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Сұрақтар :

1.Өлең қандай жануар туралы ?

2.Киік қандай жерде мекендейді ?

3.Киікті  бейнелейтін сөздерді оқып беріңдер ?

4.Мергеннің киікті атқаны туралы оқып беріңдер

5.Ақынның айтатын ойы қандай ?

Слайдтан өлеңді құрылысына қарай талдауды еске түсіру

Өлеңді құрылысына қарай талдау

Қап - қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

(  1 шұмақ, 4 тармақ,11 бунақ, 11 буын )

«Ойнап, ойлап кезеңі» Бес жолды өлең құрастыру

1. Киік

2

3

4

5

Сабақты қорытындылау

Кесте толтыру

+ мен үшін жаңа ақпарат

келісемін

? мені ойландырды

---Келіспеймін

 

 

 

 

 

Бағалау

Үйге тапсырма

 .”Ақсақ киік''өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.
2.”Біз - табиғат сақшысымыз” ой толғау жазу.

ID: 8883 | Просмотров: 5647