Сайт учителя начальных классов
.
Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы

Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы

Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Ақын Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, зерделеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту.

Оқушылармен жылы сәлемдесіп, сынып басшысымен сыныптың ахуалымен танысып аламын. Содан кейін түсті параққа қиылып жасалған өрнектерді таратып, сыныпты топқа бөліп аламын. Әр топта топ басшылары сайланады, бағалау парақтары таратылады. (3минут)

Топқа бөліп алған соң, зейінді сабаққа аударамын.

Үй тапсырмасы сұралады: 1) Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтіп барады» әңгімесінде көтерілген негізгі идеясы не?

2) Әңгіменің «Қаздар қайтіп барады» деп аталуының қалай ұғасыңдар?

3) Қабдеш Жұмаділовтің тағы қандай шығармаларын білесіңдер? (7минут)

Жаңа сабақ: Оқушылар, бүгін біз қазақ халқының заңғар жазушысы, әрі ақыны Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығымен таныс боласыңдар. Оқулықтағы 226 бетті ашып, дәптерлеріне бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қояды. Олжас Сүлейменов жайында слайд көрсетіледі. Оқушылар керекті мәліметті түртіп алады.

Оқулықпен жұмыс.  1топ «Арғымақ», 2топ «Қыз қуу», 3топ «Махамбетке» арналған өлеңдерін оқиды. Сергіту сәті. «Бас» деген сөзді дене мүшелермен жазады.(1о минут)

Топтар постер қорғайды.

1топ. Арғымақтың шабысында, суреттеуде қандай теңеулер үндестігі таңдап алынған және психологиялық паралаллизм өлең әсерін күшейтіп тұрғанын дәлелдеңдер. Қандай ұйқас мол екендігін байқадыңдар?

2топ. Қыз қуу ұлттық ойынды суретке түсіріп, әңгімелеп беріңдер.

3топ. Өлеңді оқып, Махамбеттің портретін ақын бейнесінде жасаңдар.  (12минут)

Сергіту сәті. Оқушылар дөңгеленіп дұрып, үрленген шарды бір-біріне лақтырып сөзден, сөз тіркесі, сөйлем құрайды.(3минут)

Сабақты қорыту. Балалар,ақынның өздеріңнің оқулықтарыңа енген «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» атты өлеңдерін оқығанда ақын өлеңдеріндегі ұлттық мінездің асқақтығына тәнтті болдыңдар.

Біз бүгінгі сабағымызда ақын өлеңдерінде көрінген ұлттық болмысты бойымызға сіңірдік, сондай-ақ осы үлгі-өнегені басты назарда ұстап,елімізді,жерімізді сүйе білейік деп сабағымызды қорытамыз. (3минут)

Топ басшылары тобындағы оқушыларды жеке-жеке бағалап,бағасын қойып маған тапсырады. Әр оқушы бағаның жанына смаилик жапсырады. (5минут)

Үйге тапсырма: «Арғымақ» өлеңін жаттау,дәптерге қазақ халқының ұлттық ойындардың бірін салып келу.» (2минут)

ID: 5141 | Просмотров: 4133