Сайт учителя начальных классов
.
Оқырман жүрегіне ой салған жазушы

Оқырман жүрегіне ой салған жазушы

   Оқырман жүрегіне ой салған жазушы

 Оқырман жүрегіне ой салған жазушы.

   Қолыма  « Ақ пейіл » атты Айтбай ағаның кітабы түсті. Маған бұл кітаптың  ішіндегі әңгіменің алғашқысын оқу түн жарымда бұйырды. Бұған бір күш итермелегендей. Сөреде тұрған кітапты ашып, көзіме түскен бір әңгімені оқи кеттім. Бұл әңгіменің сиқырлығы сонша, бір мезетке де ажырау мүмкін емес. Ондағы жас ана жүрегінің сыздауы, уайым сан - сағына енуі сол, жас сәбиінің айтқан сөзіне де, жылағанына да құлақ асар емес. Бұл оқиғаның соңы не болар екен деген мен, ертеңгі күні осы әңгіменің жалғасын оқыр күнге әрең жеттім. Міне осы секілді жүрек тебірентер әңгімелері бұл кітапта өз орнын табуда. Менің түсінгенім, түйінгенім, жазушының айтар ойы сүйкімді бір әйелдің, мейірімді ананың, самайын ақ шалған әжей жүрегінің баласына, немересіне, болашаққа деген алаңдауынан туындаған болса керек. Жазушы әңгімелеріндегі түпкі мәселе, әйел-ананың баласына деген тілегі, немересінің бақытты, ғұмырлы өмір сүруі. Ол баласы, немересі үшін жанын беруге әзір. Ана тілегі біле - білгендерге өмірлік тіреу.  Осындай жүрекке қонымды , әсерлі, жүрек күйін тебірентер әңгімелер жазған бұл жазушыны қазіргі таңда біреу білсе, біреу білмейді. Десек те, жазушының қаламымен ақ қағаз бетіне түскен, әзіл – оспақ, бірқақпай  әңгімелері, прозалықтуындылары республикалық, обылыстық баспа сөздерде жарияланып, бірнеше кітабы да жарыққа шығып үлгерген.

    Жазушы ағамыздың қолыма түскен бір кітабының өзінде қария әженің немере келінінен сөз естіп, еңсесінің төмен түсуі, арман- қиялының көкке ұшуы, орта жастағы ананың өз балаларын бауырына басып тағдыр тауқыметін басынан кешуі, жас келіннің дүние- мүлікке қызығып, іштарлық көрсетіп, үлкендерге деген қатыгездігі, мейірімсіздігі туралы оқиғалар баяндалған. Осы секілді сан- қилы әңгімелері оқырманның жүрегіне ойланарлықтай терең жол салары анық. Бұл «Ақ пейіл »  атты кітаптың авторы Аймағамбет Айтбай Асанұлы.

   Сонау Түрікменстанда тұрған қазақтар үшін 1932-1999 жылдар  аралығында ана тілінде шығып тұрған бірден-бір ақпарат құралы болған «Жұмысшы» газетінде арнайы жоғары білімі бар  Темір Мыңжас, Еркеш Нәренбаева, Айжан Сәрсенова, Базар Ботабаев сынды журналистер арасында Аймағамбет Айтбай да журналист қызметін атқарады. Кеш те болса да ата-жұрты Маңғыстауға оралады. 1974-1988 жылдар аралығында аудандық, Маңғыстау обылыстық «Маңғыстау» газеттерінде журналистік қызметтер атқарып, он бес жылдай уақыт бойы баспа сөзде еңбет етеді. Ол 1991жылы Стамбул қаласында өткен Семей-Невада қозғалыс форумына Маңғыстау обылысынан қатысты.

   Қазіргі таңда жазушы ағамыз Аймағамбет Айтбай Асанұлы Жаңаөзен қаласынан қашық емес Ақмаржан қала Ақтауда тұрады. Ол отбасының тірегі, аяулы әке, мейірімді ұл, абзал жан, тілі орамды жазушы. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген мақалға орай, оқырман қауымынан тысқары қалып бара жатқан жазушылардың еңбегін еш қылмайық, ағайын! Жазушылардың жазған әңгімелерін сүйсіне оқу, оған өз бағаңды беру, жазушы мерейін көтеру, бір үлкен мәртебе деп ойлаймын. Маңғыстауда Айтбай аға секілді жазушылар саны көбейе берсін. 

ID: 6237 | Просмотров: 2119