Сайт учителя начальных классов
.
Құнанбай бейнесі жағымды кейіпкер ме, әлде озбыр жан ба?

Құнанбай бейнесі жағымды кейіпкер ме, әлде озбыр жан ба?

Сабақтың тақырыбы: Қара қылды қақ жарған Құнанбай жағымды кейіпкер ме, әлде озбыр жан ба?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құнанбай бейнесін талдай отырып, жаңарған көзқарас тұрғысында баға беру, Құнанбайдың шын тарихтағы тұлғасы жайлы мәліметтерді қамту;
Дамытушылық: кейіпкер бейнесін талдай білуге төселдіру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз пікірін қорғауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, жағымсыз мінезден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дебат-сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Құнанбай туралы айтылған А.Байтұрсыновтың сөзі, Құнанбайдың нақыл сөздері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Мұғалімнің сөзі:
Біз «Абай жолы» роман-эпопеясымен таныстық. Үйге Құнанбай бейнесі туралы жан-жақты ізденіп келуге тапсырма берілген болатын. Бүгінгі сабағымыз дебат-сайыс түрінде өтеді. Енді бүгінгі дебат-сайыс сабағындағы төрешілерімізбен танысайық. Олар: Болатов Шыңғыс, Хамиджан Медина, Сағынтай Данияр.
Қазір жеребе тастау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.
I топ – «Ақиқат» (жақтаушы), II топ – «Әділет» (даттаушы).
( Құдайберген, Айзере, Динара) (Әділет, Назерке, Арнұр)
Жеребе алып, топ анықталған соң, ойларын жинақтауға 2 минут уақыт беріледі.
Таймкиппер – 1 оқушы (Ақшалов Асан)
1. «Ақиқат» тобы. 2. «Парасат» тобы.
1-спикер (3 минут) 1-спикер (3 минут)
2-спикер (4 минут) 2-спикер (4 минут)
3-спикер (3 минут) 3-спикер (3 минут)
Дебат-сайыс аяқталып, оқушылар ойларын түйіндейді.
Кезек төрешілерге беріледі: «Үздік топ» және «Үздік спикер» анықталады.
Ендігі кезек сабаққа қатысып отырған қалған оқушыларға беріледі. Олар қатысушы топтардың пікіріне өз ойларын қосады. Сонымен бірге Құнанбай бейнесі туралы өз дәлелдемелерін келтіре отырып, толықтырады.
Қорытынды:
Бүгін біз Абайдың әкесі Құнанбай бейнесін жан-жақты ашып талдадық. Қазіргі таңда Құнанбай бейнесі әлі де зерттеліп келеді. Роман барысында Құнанбай жағымсыз кейіпкер ретінде танылды. Оның шын тарихтағы тұлғасын зерттей келе, жаңарған көзқарас тұрғысында баға берілді. Өздерің атап өткендей Бейбіт Сапар Әлі, Мамай Әхетов, Тұрсын Жұртбаев, Төкен Ибрагим Құнанбай бейнесін әлі де зерттеуде.
Құнанбай туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «...Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі болған». Құнанбайдың артында қалған даналық сөздері де бар.
Бүгінгі дебат-сайыс сабағына қатысқан оқушыларға рахметімді айта отырып, ойында қарсылас болсаңдар да, өмірде адал дос болуларыңа шын жүректен тілектеспін.
Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында ойтолғау жазу.

ID: 9643 | Просмотров: 3479