Сайт учителя начальных классов
.
Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты:

1)оқушыға ақын туралы,оның  шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау,талқылауға үйрету;

2)оқушының осы сабаққа дейінгі және одан  кейінгі білгенін ақпараттармен  ұштастыру,жинақтау;

3)мейірімділікке,ананы сүюге,құрметтеуге,қамқорлық көрсетуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жаңа сабақты меңгеруде пайдаланатын стратегиялар: алма кезек оқу әдісі,топтастыру,Венн диаграмма сараптама қағазы, «Галерея шарлау»әдісі, «Әсер бөлісу хаты» Әр стратегияның мақсатын сабақ өту барысында түсіндіремін.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері,қазақ тілі.

Сабақтың әдісі:оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың өтілу барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Үйге «Батыр Баян»поэмасындағы Абылай ханға  мінездеме беру,Баян мен Ноянға Венн сараптама қағазы бойынша салыстыру жазып келу тапсырылған.

Үй тапсырмасында берілген тапсырманы тақтаға шығып,дәлелдеп қорғайды.

ІІІ.Өткен білімді бекіту.

Сонымен балалар,біз өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»поэмасынан бойымызға не алдық?

Дәулет. Бойымызға Баянның батырлығын,намысқойлығын,елі үшін,елінің намысы үшін өзін құрбандыққа шалатындық қасиеттерін алдық.

Нұрсұлтан: Жақында ғана «Батыр Баян»киносын көрдім.Үлкен әсер алдым.

ІV.Жаңа сабақ.

а)Қызығушылығын ояту.

Тақтаға шығып өздері қорғайды.  Дәлелдейді.  Мұғалім толықтырады.  Сол арқылы баланың қызығушылығын ояту.

 ә)Мағынаны ашу.

Содан кейін барып бүгінгі сабақтың тақырыбы белгіленіп,тақтаға жазылады.

«Сен маған,мен саған»оқу әдісі бойынша Міржақып Дулатұлының өмірбаяны 4- топ оқушылары 4 абзац негізінде бөліп оқып,оқығанын талдап түсіндіреді.

 -Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген (Торғай облысы Жангелдин ауданында. )

Міржақып  әуелі ауыл мектебінде оқыған.1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп,1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.Алты-жеті жыл ауыл мектебінде мұғалім болады.Мұғалім бола жүріп, өлең жазады. Міржақып 1904 жылы Омбы  қаласына барады.1909 жылы Уфа қаласында «Оян қазақ»өлеңдер  жинағы басылып шығады.

«Бақытсыз Жамал»романын жазады.

Поэзия минутына кезек береміз.

«Алма кезек  оқу әдісі бойынша «Шешенің балаларын  сүюі»өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?

-Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын

Кім сендерді,балалар ,тербететін,

Еркелетіп,ойнатып,сергітетін?

-Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Бұдан кейін өздері оқиды.

-Ал,балалар,өлең қандай  үлгіде жазылған?

-Сұрақ –жауап түрінде жазылған.

Ақын өзі сұрақ қояды да,өзі жауап береді.

-Жақсы,балалар,енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді,тақырыпты  жазайық.

  Өлең құрылысына талдау жасау.

«Қамқор анаң көз жасын көлдететін,

Бетін жуған жасымен  сорлы анаңа,

Төбесі көкке жетсін»деген өлең  жолдарында әсірелеу (гипербола)кездесіп тұр.Адам бетін сумен жуады ғой,жаспен жумайды. Төбе ешқашан көкке жетпейді,бұл жерде аса қатты қуанған адамның түрін келтіреді.

-Ал,балалар  өткен жолы «Өздерің өз анаңа деген махаббатыңды  қалай жеткізесің,анаңды кімге,неге теңер едің,қалай суреттеп,бейнелеп келер едің?»деген тапсырма бергенмін.

Соны кім қалай қабылдап,қалай орындап келді  екенсіңдер.Тақтаға оқушы шығып  салған суретін іліп,өз сөзімен қорғайды.

Шолпан: Мен қос аққудың суретін және гүлдің суретін салдым.Себебі:мен анамды аққуға теңеймін.Аққу киелі ,қасиетті құсқа саналады ғой,сондықтан мен өз анамнан тек сол көлдегі жүзіп жүрген аққудың бойында қандай қасиет болса соны көремін.Аққуды әрі сұлулықтың,әдеміліктің рәмізі дейміз.Анам да әдемі,сұлу болып жүргенін қалаймын.

Баян: Мен баласын көтеріп тұрған ананың суретін бейнеледім. «Баласыз-ананың құшағы жетім»деген сөзді қосқым келеді.Анасыз бала,баласыз ананы көз алдыңа келтіру мүмкін емес.Сондықтан ана мен баланы,бала мен ананы тәңірім ажыратпасын.Мен өз анамды  жақсы көремін.

Бұл «галерея шарлау»әдісі болып  саналады.

Келесі топ суретке тақырып қояды.

V.Сабақты бекіту.-Өздерің осы өлеңнен қандай әсер  алдыңдар?Әсер бөлісу хатын жазыңдар.

  Жазып болған соң оқып береді.

Жазира:Шолпан,сен бұл өлеңнен өзіңе үлкен әсер алып отырғаныңды сезіп отырмын. Мен де өзіме үлкен  әсер алдым.Ақын аңаның балаларын сүюі туралы айтқан екен.Ал мен баланың аналарын сүюі туралы айтқым келеді. Күнделікті күйбең тірлікте өз анамның тілін алмай,немесе кейбір ұрысқан кездеріне  аузымды бұртиып,өкпелеп қалған сәттерімді есіме алып,өз-өзімнен ұялып отырмын. Осы сәттен бастап өз анамды түсіне түскендеймін.

  Ақын өлеңінен өзіме үлкен әсер алдым.

Айман:Біз Шолпан екеуімізді бірдей дүниеге әкелген анамызды құрметтеп жүреміз.Себебі бізді дүниеге әкелу кезінде қиналғандығын айтады. «Екі егіз қызым дүниеге келгенде қатты қуандым»деп айтып отырады.Осы ақын өлеңінен кейін анамды қатты жақсы көретіндігімді паш еткім келеді.

  Мадина:Мен өз анамды жарқыраған күнге теңеймін.Себебі күннің нұры жылы,шуақты,сәулелі.Біз ашық әдемі күнде көңіліміз де көтеріліп жақсы көңіл күйде жүреміз.Олай болса,анамыз да,ананың құшағы да жылы,шуақты,нұрлы,ол жерден  біз пана табамыз.Кейбір анасы жоқ балаларды аяймын.,

VI.Сабақты қорыту.-Бүгін біз не үйрендік?

-Білім қорымыз қандай мәліметтермен толықты?Ана,шеше,бала,әке деген сөздердің мағынасын аша алдық па?

VII.Білімдерін бағалау.

 VIII.Үйге тапсырма.Әке мен бала,ана мен бала арасындағы махаббатты бейнелеп әңгіме жазып келу

ID: 5992 | Просмотров: 3473