Сайт учителя начальных классов
.
Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі

Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі

 

Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі

 (қорытындылау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік

 Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау

  1. Дамытушылық

Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  1. Тәрбиелік

Студенттерді елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ- жауап, өз бетімен жұмыс- сөзжұмбақ шешу, тест орындау, бес жол өлең құрастыру

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Сабақтың көрнекілігі:

Мультимедиялық тақта арқылы көрсетілетін ақынның суреттерінен слайдтар, аудио және бейне жазбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

            Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату

-          Орындалған ән сіздерге таныс па?

-          Тақырыбын атаңыздар?

-          Сөзі мен әнінің авторы кім?

Ендеше, студенттер бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерімізді еске түсіріп, қорытындылауға арналады.

Бүгінгі сабағымызды 3 топтың сайысы ретінде өткізгелі отырмыз.

  1. «Жарық жұлдыз» тобы- Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы сыр шертеді.
  2. «Талантты дарын» тобы – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, яғни өлеңдері туралы сөз қозғайды.
  3. «Қайталанбас тұлға» тобы- Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған мол мұралары- поэмалары туралы сыр шертеді.

І кезең «Өткенді еске түсіру»

«Жарық жұлдыз» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаев кім, ол қандай ақын?
  2. М.Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.
  3. Творчествосының басталуы.
  4. Ақындық жолы.
  5. Қоғамдық қызметі.

«Жарық жұлдыз» тобының жауаптары

  1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты өлеңінде аңғартып өтеді.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

   Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

   Надан адам өлім жоғын білмейді.

   Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

   Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

   Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

  1. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

  1. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығармаларын жарыққа шығарады.
  2. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды. 1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

«Талантты дарын» тобына қойылатын сұрақтар:

  1. М.Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіздер?
  2. М.Жұмабаев қандай тақырыпта қалам тербеген?
  3. М.Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыздар?

«Талантты дарын» тобының жауаптары:

Жүктеу

ID: 6956 | Просмотров: 3295