Сайт учителя начальных классов
.
М. Өтемісұлы «Қызғыш құс»

М. Өтемісұлы «Қызғыш құс»

М. Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:  

  1. Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;
  2. өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
  1. Тәрбиелік:  Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
  2. Дамытушылық: Өлеңмен жазылған  шығармаларды  мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру, ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін  арттыру.

Сабақтың түрі Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең,ой толғау, инсерт кестесі.

Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, тарих, биолигия.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) «Ой шақыру». Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп, топта ой бөлісіп, оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .

   Ә) «Өлеңім- қаруым»  ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.

Б) Топтастыру «Махамбет кім?»

ІІІ.  Жаңа тақырып: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».

1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;

а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;

ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.

2. «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»

а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру

ә)  Сөздік жұмысы

Көл қорыған – көлді мекендеген

Лашын құстың тепкіні- көлге жолатпау

Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу

3. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан  туралы дерек. (слайд көрсету)

4.  Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.

5.  Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.

6. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім жылдам?» ойыны ұйымдастырылады.

Тапсырма:

І топ:   «Махамбет - Қызғыш құс»  Венн диаграммасы.

ІІІ топ:  «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.

1. Зат есім (1 сөз)

2. Сын есім+зат есім (2сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Тұрақты сөз тіркесі –

5. Түйін (сөйлем)

ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?

ІV. Сабақты бекіту:   «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.

V. Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.

VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам...» деген тақырыпта шағын ой толғау жазу

ID: 5084 | Просмотров: 2817