Сайт учителя начальных классов
.
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі

Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі

Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі

Тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі ашық сабақ

Мақсаты: 1. ғ. Мүсіреповтің шығармаларын оқу арқылы аналар бейнесін ашу;

2. Оқушы қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге, пікір айтуға баулу, шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсініктерін дамыту;

3. Оқушыларды адами қасиеттерге баулып, әйел-ананы сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Білім бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, қорыту, жеке топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма, сахналық көрініс, мәтінмен жұмыс.

Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің портреті, эпиграф «Құрметтейік те, қадірлейік ананы...», «Зергердің зері» кітап бұрышы, схема-сызбалар, кеспелер, буклет, слайд

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, тарих, география, театр

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз (қызығушылықты ояту)- Оқушылар, ең ардақты, асыл адамды естеріңе алған кезде қандай сезімде боласыңдар?

-         Бүгінгі сабақтың мақсаты да аналар бейнесін ашу, аналарға деген сүйіспеншілікті арттыру;

Ғ.Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығын еске түсіреміз. Сандарды сөйлетейік. 1902,1923,1928,1932,1933,1950,1974,1985 жыл.

ІІІ. Сұрақ-жауап.

-         Әлем деңгейіндегі әдебиеттерден аналар тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?

-         Мына буклеттегі әйелдер бейнесі қай шығармалардан таныс? («Абай жолы» романы, М.Әуезов)

ІҮ. Жұмбақ-аңыздың жауабын тауып көріңдер. (Әйел ананың тапқырлығы)

-         Әміршіге әйелдің қандай сөзі әсер етті?

-         Ғ.Мүсіреповтің аналар тақырыбына арналған шығармаларын атаңдар.

Ү. Сахналық көрініс.

- Қай әңгімесінен үзінді? ( Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»)

ҮІ. Мәтінмен жұмыс.

-Шешендік сөз қай әңгімеден алынған?

Кеспелер №1,2,3.

ҮІІ. Әңгімелерді қысқаша мазмұндау. (схема арқылы)

Әңгіме басы Ана бейнесін талдау байланысы дамуы мінезі сөзі портреті шарықтау шегі шешімі мақсаты

ҮІІІ. Деңгейлік тапсырмалар:

ІҮ деңгей

а) Қазақстандағы қайраткер әйел-ана туралы не білесің?

ә) Әғгімеге рецензия жазу.

ІІІ деңгей

а) Анаға арнап 1 шумақ өлең құрастыр

ә) Осы тақырыпты қандай эпиграфпен аяқтар едің?

ІІ деңгей

а) Анаңды қатты қуантқан, ренжіткен сәттеріңді әңгімеле

ә) Ана сенімін қалай ақтайсың?

І деңгей

а) Ана туралы мақал-мәтел жаз

ә) Анаңның жақсы көргенде айтатын сөздерін есіңе түсір

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ғ. Мүсіреповтің драмасын оқу. Ана тақырыбына шығармаға әзірлену

Эпиграф: Ғ. Мүсірепов аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасап, рухын көтере білді.

ІХ. Қорытынды. Бағалау.

Сабақтың соңы.

ID: 5077 | Просмотров: 2991