Сайт учителя начальных классов
.
Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Астана  қаласы

№20 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет  пәні мұғалімі

 Аширалиева  Пернегүл Қаржаубайқызы

Сабақтың тақырыбы

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Мақсаты

Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, «Жаңа достар» шығармасының мазмұнын толықтай меңгерту, мәтінге талдау жасай, білімдерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі

Әдеби-теориялық ұғымдарды тереңдете меңгерту, өз пікірін сенімді әрі дәлелді айтуға, қорытынды ой түюге үйрету. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындауға дағдыландыру.

Түйінді идеясы

Шын дос – таусылмас қазына

Әдіс-тәсілдер

Диалог, топтық жұмыс, АКТ, СТО технологиясы, электронды оқулық, сұрақ-жауап.

 

Уақыты

 

Ресурсы

Сабақтың мазмұны:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І кезең Қызығушылықты ояту

3 мин

 

Тоқыма жіп

Амандасу

«Достардың торы» тренингін өткізу

Амандасу

«Достардың торы» арқылы бір –біріне  сәттілік тілеу 

2 мин

Қағаз қиындылары

«Дос туралы жыр» әнінің жолдарынан құралған шумақ арқылы топқа бөлу

Ән жолдары жазылған қағаз қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді

5 мин

Интерактивті тақта, слайд

Ассоциация әдісі

 

Ассоциация құру

ІІ кезең Мағынаны ашу

8 мин

Мәтінмен жұмыс, презентация қорғау

«ЖИГСО» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын меңгерту үшін әр топқа оқуға бөліп беремін.

Әр топ мәтінді оқып, мазмұндау арқылы өз жұмыстарын қорғап келесі топтарға түсіндіреді.

3 мин

 

Сергіту сәті

Шаттық шеңбері атты сергіту сәтін бір-бірімен қол алысу арқылы қимылмен көрсетеді

5 мин

Интерактивті тақта, слайд

«Семантикалық карта » әдісі арқылы шығармадан үзінді келтіріп, қай кейіпкердің сөзі екенін табу.

Оқушылар «Семантикалық картаны» толтыра отырып кейіпкерлер сөзін табады.

5 мин

Электронды оқулық

Электронды оқулық арқылы оқушылардың есіне түсіру. Мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды табу

І топ – кейіптеу

ІІ топ – портрет

ІІІ топ – теңеу

Мәтіннен оқушылар кейіптеу, портрет, теңеуді табады.

ІІІ кезең Ой толғаныс

5 мин

 

Шығармашылық жұмыс

1 топ – Қайрошқа мінездеме

2 топ – Салыстыру (Қайроштың ауылдағы өмірі мен қаладағы өмірін салыстыру)

3 топ -  Еркін жазу (Эссе, рафт, хат)

Оқушылар өз ойларын ашық жазады.

4 мин

Ақ парақтар, маркерлер

Қорытынды «Синкуейн» әдісі арқылы бес жол өлең жаздыртамын.

1 топ – Қайрошқа, ІІ топ –Шегенге, ІІІ топ – Борашқа бес жолдық өлең шығарады.

Қосымша тапсырма

Оқушылар,  Қайырғали қалаға барғанда балалар үйінде тәрбиеленді. Сол кездегі балалар үйі мен қазіргі кездегі балалар үйінің айырмашылығы неде? Салыстырмалы талдау жасау .

3 мин

Бағалау

Шығармадағы кейіпкерлер арқылы бағалау

Әр оқушы өзі таңдаған кейіпкерлерді алып, өзін түрліше бағалайды.

2 мин

 

Сабақ аяқталды, сабақтағы көңіл күйлерін қандай?

Смайликтермен көңіл күйлерін экранға жабыстырады.

 

ID: 5956 | Просмотров: 3330