Сайт учителя начальных классов
.
Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары

Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары

Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары

Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары

Сабақтың білімдік мақсаты: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігіоқулық, ақын өмірі туралы сызба – кесте, ақын шығармашылығына арналған слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, сабаққа қатынасын белгілеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Жоспары:

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
  2. Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
  3. Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын түсіндіру.
  4. Мұрат – айтыскер ақын.
  5. Ақын жырларының көркемдігі.
  6. Мұрын жырау естеліктері.

Үй тапсырмасын бекіту

Венн диаграммасы негізінде салыстыру.

Бір шумақ өлеңін алып, талдау жасау.

3. Жаңа сабақты меңгерту.

Оқулықпен жұмыс.

Жоспары:

1. Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық.

2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.

3. Қосымша мәлімет.

4. Түйін.

4. Сабақты бекіту кезеңі.

Ақынның дастан – толғауларының аттарын жазу, әрбір оқушыға толғау – дастандардан үзінді оқыту, мазмұнын айту.

Толғаулары: «Топқа түскендегі толғауы», «Мұраттың жалпыға айтқаны».

Дастандары: «Шалкиіз», «Қазтуған», «Үш қиян», «Қарасай – Қази».

Интернет материалдары.

Бес жолды өлең стратегиясы және ұйқасын тап ойыны арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.

5. Сабақты қорыту кезеңі.

Мұрат Мөңкеұлының дастан – толғауларының қазіргі дәуір үшін маңызы. Ой – толғаныс. Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады.

6. Сабақты бағалау кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне, сөйлеу мәдениетіне, оқу мәнеріне, түсінігіне, ізденісіне қарай білімдері бағаланады. Оқушылар өзін – өзі бағалайды.

7. Үй жұмысын беру. Ақын толғау - дастандарын оқып, мазмұнын айту, талдау.

ID: 5133 | Просмотров: 5894