Сайт учителя начальных классов
.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты: ақынның өміріне қысқаша шолу жасау, поэманы талдау арқылы идеясын ашу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сұлулықпен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылардың мақсаты: шығармашылық ізденіс дағдысын қалыптастыру арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақ типі: аралас сабақ
түрі: дәстүрлі емес (поэзия сабағы)

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ой жинақтау,шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: «Аңыз адам» журналы, ғаламтор материалдары, слайд

Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, экология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру жұмысы. Оқушылар назарын сабаққа аудару, дәрісхана тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырын тексеру.

1. «Өнегелі өмір иесі» - Өмірі мен шығармашылығына шолу.

2. «Жүрегімде жаңғырған жауһар жырлар». (Өлеңдерін жатқа айту)

Сабақты актуальдау. Поэзия жанрындағы  елеулі шығармасының бірі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысатын боламыз.

І. Сұрақ-бізден, жауап сізден. («Ой шақыру» стротегиясы)

1. Менің ұғымым бойынша аққу...

2. Аққу туралы қандай әндер, өлеңдер бар?

3. Қандай мақал-мәтелдер бар?

Пайыммен поэманы парақтадым...

  • 1. Жетімкөл табиғаты.
  • 2. Сұлу аққу.
  • 3. Қиналған бала.
  • 4. Ана әрекеті.
  • 5. Көргені көп жылқышы.
  • 6. Қасиет пен қасірет.

Шығармашылық жұмыс

  • 1.Ана.
  • 2.Аққу.
  • 3.Мұқағалиға хат.

Сабақты бекіту

  • а.Ана аққуды неге атпақ болды?
  • ә.Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
  • б.Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.
  • в.Ана қасіреті.

Қорыту. «Мұқағали-өміршең ақын.Ғажап!Ол күн өткен сайын биіктеп барады.» Б. Нұржекеев

Үйге тапсырма:

  • 1. Менің Мұқағалиым. Эссе жазу
  • 2. Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу.
  • 3. Ізденіс... тағы да ізденіс.

ID: 5090 | Просмотров: 2536