Сайт учителя начальных классов
.
Компьютер жанындағы жанжал

Компьютер жанындағы жанжал

Компьютер жанындағы жанжал

Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;

Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;

Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға баулу;

Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)

Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас

Барысы: Ұйымдастыру

Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды  оқи отырып, неге үйрендік?

-          Ата-ананы сыйлауға;

-          Үлкендерді құрметтеуге;

-          Олардың өнегелі істерін үйренуге;

-          Өнерлі, білімді болуға;

І. Қызығушылықты ояту

Тірек символдар

Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар, компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме құрайық.

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау

ІІ. Мағынаны тану                    

Болжау кестесі

Не болады деп ойлайсыз

Сізде оған қандай дәлел бар

Не болды

 

 

 

Түсіндірме сөздік

(Қолдарына естелік ұсынылады.)

  1. Сега – электрондық ойын.
  2. Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге,  сақтауға және беруге арналған машина.
  3. Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.
  4. Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.
  5. Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.
  6. Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз хабарласатын телефон.
  7. Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі) компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.
  8. Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.
  9. Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.
  10. Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.
  11. Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
  12.  Америка – АҚШ, Солтүстік Америкадағы мемлекет.
  13. Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері
  14. Майкл Джексон – әнші

ІІІ. Ой толғаныс

Дебат

Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?

Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу

Дебатты аяқта

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгей

  1. Әңгімені оқып, түсінгенін айту
  2. Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері жөнінде деректер жазып келу

ID: 5059 | Просмотров: 2440