Сайт учителя начальных классов
.
Кітап – жан азығым

Кітап – жан азығым

Кітап – жан азығым

Мақсаты: Оқушыларды сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету,әдебиетке деген ықыласын, белсенділігін арттыру, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру

Түрі: сайыс

Көрнекілік: кітап көрмесі, интерактивті тақтадағы слайдтар

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінгі әдеби сайысымыздың тақырыбы «Кітап – жан азығым» тақырыпта өтуде. Сайысымыз V бөлімнен тұрады.

Ойынды бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын жариялайық

Жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Сайысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

l бөлім «Таныстыру» (Топтың аты мен ұранымен танысу).

Жүргізуші:

Қазағымызды бүгінгі күн біле ме деп,

Еліміздің ертеңгі болашағы.

Көзі ашық, білімді болып жүре ме деп,

«Білімді өрге жүзер»

ll  бөлімді бастайық.

Оқушылар тақтада берілген әріптерді құрастырып, ақын-жазушының немесе белгілі шығарманың кейіпкерін атау керек. Нәтижесінде әр топ әріптерін құрастырғанда, әдебиеттің көрнекті өкілінің аты-жөні немесе әдеби кейіпкердің аты  шығады.

ІІІ бөлім  «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (Жүргізуші бастаған мақал-мәтелді жалғастырады).

1-топ:

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ)

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 

2-топ:

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз - (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

Жүргізуші:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады,-

деген Асан Қайғы сөзін еске алып,

келесі ІV «Жарнама» бөлімге көшейік.

(Әр топ мектеп қорына сыйлыққа әкелген кітапқа жарнама жүргізеді)

Жүргізуші:

Кітап адам өмірінде белгілі орын алады. Әрқайсымыздың сүйікті кейіпкеріміз, ақын-жазушымыз бар.

Келесі «Кітап және мен» Vбөлімде өз ойларыңды сурет(ассоциация) арқылы білдіруге тырысыңдар.

Тренинг жүргізу.

VІ бөлім «Көрермендердің көрімдігі» ойыны

  1. 1.      Бес арысты ата
  2. 2.      Үш бәйтеректі ата.
  3. 3.      Алыптар тобын ата
    1. Қобыланды батырдың тұлпары...
    2. Манас батырдың тұлпары...
    3. Ер Тарғынның тұлпары...

1. У .Шекспирды махаббат жолында қаза болған кейіпкерлері...

2.Р.Киплингтің джунглида өмір сүріп өскенкейіпкері...

3.Г.Х.Андерсонның кіп-кішкентай, бойы 2,5 см тұратын кейіпкері...

  1. Абайдың неше қара сөзі бар?

2.Құран кітабында неше сүре бар?

3.Семей даласының үш данасын ата.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Женімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау,-

дей отырып, келесі сөзді әділқазы алқасына берейік. (Қорытынды шығарылады, топтар марапатталады).

Жүргізуші:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітаптан

Ерінбей оқып көруге,-

Абай сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

ID: 5101 | Просмотров: 2314