Сайт учителя начальных классов
.
І. Есенберлин шығармашылығы, «Қаһар» романы

І. Есенберлин шығармашылығы, «Қаһар» романы

Сабақтың тақырыбы

І. Есенберлин шығармашылығы, «Қаһар» романы

Жалпы мақсаты

Романның мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Оқушы «Қаһар» романының мазмұнын меңгереді, романның басты кейіпкері К.Қасымұлы туралы білімін жетілдіреді.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Тапсырмалар

Әбілхайырханға мінездеме береді «Жанталас» романы бойынша, «Қаһар»романының мазмұнын баяндайды, Кенесарының әдеби, тарихи бейнесін ашады, роман желісі бойынша шежіресін жасайды, әдеби-тоериялық талдау жүргізеді.Қасым төре мен Нысанбай жыршының, Төлебай батырдың портретін табады. АВС деңгейлі тапсырмаларды орындайды. YouTube сайтынан «Көшпенділер» бейнеролигінен алған әсері мен өзіндік талдауын ойтолғанысын жазады. Топтық жұмыс.

Керекті жабдықтар

А3 форматы, маркер,интербелсенді тақта, Кенесары портреті

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Сыныппен амандасу.

2. «Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын»

Оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып бастайды.

3.Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Сыныптың білім деңгейін анықтау.

1.І.Есеберлиннің өмір сүрген жылдарын ата. Жазушының балалық шағы тарихтағы қай кезеңмен сәйкес келеді?

2. І.Есеберлинн Қазақ тау-кен институтын қай жылы тәмамдады?

3.Жазушы ІІ Дүниежүзілік соғыстан елге қашан оралды?

4. І.Есеберлин қай жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды?Не себептен?

ІІІ.Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау.

  1. 1.     І.Есеберлин алғашқы туындысын қандай жанрда жазды?
  2. 2.     Жазушының проза жанрына қалам тартуы өмірінің қай кезеңімен сәйкес келеді?
  3. 3.     Тарихи роман дегеніміз не?
  4. 4.     І.Есеберлиннің жазушылық орнын белгілейтін шығармаларын атаңыз.
  5. 5.     «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары қазақ тарихының қай кезеңдерін қамтиды? Осы үш роман қандай кітапқа біріктірілді?
  6. 6.     «Алмас қылыш» романының басты идеясы не?
  7. 7.     Шығармада кімдердің бейнелері жасалған?
  8. 8.     «Жанталас» романының І бөлімінде қандай тарихи оқиғалар бейнеленеді?
  9. 9.     «Жанталас» романының ІІ бөлімінде қандай тарихи оқиғалар бейнеленеді?
  10. 10.                       «Жанталас» романында қазақ халқының ХҮІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі кімнің әңгімесі арқылы баяндалады?
  11. 11.                       «Жанталас» романында Әбілхайыр ханның ішкі психологиялық дүниесі қалай беріледі?

ІҮ. Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау.

Оқушылар І.Есенберлиннің қандай шығармалары бар?

«Көшпенділер» трилогиясына қандай кітаптары біріктірілген?

«Қаһар» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Асем- көңілді, Нұрсұлтан – күлдіргіш.

Күтілетін жауап.

І.Есеберлиннің өмір сүрген жылдары 1915-1983жж. Балалық шағы ашаршылық кезеңге сай келеді.5жасында тұл жетім қалып,балалар үйіне тапсырылады.

2.1940жылы аяқтап,Жезқазғанға жұмысқа жіберіледі.Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылып,Рига әскери училищесінде оқып,соғысқа аттанады.

3.1942 жылы қатты жарақаттанып,госпитальге түсіп, бір жылдан соң елге оралады.1943 жылы.

4. 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Х.Жүсіпбековтың қызыне үйленіп, қайыненесін АЛЖИР ден алдырғаны үшін 1949 жылв 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

ІІІ.

1.Мектеп жасында қабырға газетін е өлеңдер жазудан бастаған «Айша», «Сұлтан» поэмалары 1945,1949жж шыққан.

2. Жазушы жазасын өтеп келген соң прозаға көшті.

3.Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.

4. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары.

5.ХҮ-ХІХғ.қамтиды. «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді.

6. «Алмас қылыш» романының басты идеясы – қазақ руларының бірлесу,бір хандықта ынтымақ құру мәселесі көтеріледі.

Тұсаукесер

 «Қаһар» романының тақырыбы мен идеясын ашып мазмұнын қысқаша баяндаймын.

3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі.

Тапсырмалар бойынша жұмыстанады.

1-топ. Кенесары Қасымұлының шежіресін роман желісі бойынша постерге шығарады

2-топ.Нысанбай жыршының портретін романнан табады. Мінездеме береді.

3-топ.Кенесары Қасымұлының тарихтағы, әдебиеттегі бейнесін баяндайды.Мінездеме береді.

Негізгі бөлім

І. А-деңгей.1.Романда Хиуа хандығымен Россия патшасының бейнесі қалай беріледі? Салыстырыңыз

2.Романда қазақтың қандай салт дәстүрлері көрініс табады?

3.Кенесары Ақмола бекінісіне шабуылды қашан бастады?

В-деңгей

1. Романнан Төлебай батырдың шыққан тегі мен портретін тап.

2. Есенгелді мен Саржанның қазасын естіген соң Қасым төренің бейнесі ішкі психологиялық жан күйзелісі қалай суреттеледі?

3.Сенің пікіріңше, «Абылайдың жолын қуу...»

С-деңгей (жоғары)

  1. «Абылай хан болар жылы жылы Қызылжар қорғаны, одан 25 жыл бұрын Ескі Семей бекіністері салынды»-деп отыратын Қарт Қожақ шежіресінде.Қызылжар қорғаны мен Семей бекінісі қай жылдары салынған?
  2. ( 1771,1746жж)

2.Қасым Төренің күміс қынды сапысын, білтелі құлдыр мамай түрке мылтықты Кенесарыға беруінде қандай мән бар?

3.Кенесары елді Ұлытауға көшірунің басты себебі не?

4. Ақмола бекінісін алуда Кенесары қандай әскер ойынын тиімді қолданды?

ІІ. YouTube сайтынан «Көшпенділер» фильмінен бейнеролик көрсету.

Оқушылар роман желісі бойынша салыстырады

Хиуа хандығы

 

 

 

Қазақ хандығының дұшпаны

Россия патшасы

Тас жүрек,жеңілсең қанға бояйды,қорқау қасқыр сияқты,өлексеңді талай береді,қорыққандарын ғана сыйлайды

Бұқараны аты-жөні жоқ қыра бермейді, оқ-

қа байлап, Сібірге айдаса жақсыларын ғана айдайды

А,В,С деңгейлі тапсырмаларды орындайды?

Бейнероликтен алған әсері мен өзіндік талдауын,  ойтолғанысын жазады.

Қорытынды

Тест тапсырмасы беріледі.

Бағалау

Тест тапсырмасын орындайды. Бір-бірінің  тест жұмысын тексереді

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың кіріспе бөлімінде сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында оқушыларға жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар  қою арқылы алдыңғы сабақты сыныптағы 24 оқушының 20 меңгергенін білдім, 4 оқушы сабаққа дайындалмаған. Оқушыларға «Қаһар» романының мазмұнын оқып келу күн ілгері тапсырған едім. Оқушылар  Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады.(39-б.Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық) романның мазмұны бойынша өз түсінгендерін топта әңгімелеп айтты. Кейін үш топқа үш түрлі тапсырма бердім. Топтық жұмысты қорғауда Есен Нұржауған мен Тоққожина Нұржаннаттың көшбасшылығын айқын көрінді. А деңгейіндегі тапсырмаларды А, -А, А , В деңгейіндегі тапсырмаларды В***,В**, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды С*, С**, С ерекшелеп  бөлек дайындап әкелдім. Бұл тапсырманы барлық оқушы орындады. Әр тапсырма оқушының когнитивті даму деңгейіне сәйкестендіріп құрылса да орындай алмаған тұстары болды. А деңгейіндегі 3 тапсырманың екеуін  орындаған, біреуі ашық қалғаны. Тапсырманың біреуін орындап, екеуін орындай алмаған оқушылар болды. А деңгейіндегі 3 тапсырманы толық орындаған оқушы болған жоқ. В деңгейіндегі тапсырмаларда 5 тапсырманың үшеуін орындап екеуін орындай алмаған, не төртеуін орындап  біреуін орындай алмаған оқушылар болды. Жалпы А деңгейіндегі 7 тапсырманың 4 толық орындалды. В,С деңгейіндегі тапсырмалардың барлығын оқушылар орындады. С деңгейлі тапсырмаларды орындауда Есен Нұржауған мен Ғабдолкәрім Асылайдың зияткерлік қабілеттіліктерін көрдім. Қорытынды бөлімде тақырыпқа сәйкес тест тапсырмасын орындаттым. Тестті сынып түгел дұрыс орындады. Кейін жұмыстарын бір-бірімен алмасып, тексерді. Бұл сабақ барысында постер жасау, оқушының білім деңгейіне сәйкестендірілген  А,В,С деңгейлі тапсырмаларды орындау, жұппен бір-бірінің жұмысын тексеру жұмыс түрлерін бірінші рет қолдандым.

Сабақты бағалау

Сабақ барысында оқушылардың белсенділік деңгейі жақсы болды. Оқушылар топпен жұмыстанды. Осы жұмыс түрлерін орындату арқылы  оқушылардың шығарма мазмұнын толық меңгергенін білдім. Есен Нұржауған мен Ғабдолкәрім Асылайдың көшбасшылық қабілетін топтық жұмысты орындауында байқасам,  зияткерлік қабілеттіліктерін С деңгейлі тапсырмаларды  толық орындауынан көрдім.

 

ID: 5042 | Просмотров: 4417