Сайт учителя начальных классов
.
Ежелгі дәуір әдебиеті

Ежелгі дәуір әдебиеті

«Ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсының бағдарламасы

«Ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері:

Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің қазіргі күмбезі бірден пайда бола қалған жоқ. Ол өзінің туу, өрбу, даму кезеңдерін басынан кешірді. Әдебиетіміздің көркемдеу құралдары, поэтикасы өзінің тіл ұстарту жолдарынан өтті.

Қазақ әдебиетінің тарихы тез жетіліп толассыз өркендеу үстінде. Өзінің нағыз ғылыми бастауынан бергі уақыттардан басталатын жүйелі тарихы бар. Қазақ әдебиетінің тарихы біржола жаңаша жүйеленді. Оның жүйе-салаға бөлініп, түбегейлі дәлелденгеніне де көптеген жылдар өтті.

Жаңа буын оқулықтарында ежелгі дәуір әдебиетінен үзінділер берілген. Ол негізгі бағдарламадағы тақырыптар болғандықтан міндетті оқытылады. Ал ұсынылып отырған факультативтік курс бағдарламасы қосымша шығармалар, тақырыптар мен тарауларды қамтиды. Қазір ежелгі қазақ әдебиетін тереңдей оқыту оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін дамытып, білімдерін байытады.

Ежелгі әдебиет мұраларынан бастап, Ислам дәуіріндегі, Алтын Орда қыпшақ, қазақ хандығы тұсындағы әдебиет өкілдері шығармашылығын кеңірек түсіндіру мақсаты қойылды.

Бағдарламада көркем мәтінмен жұмыс, ақын-жыраулардың поэтикалық ерекшеліктері мен шеберліктерін таныту арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.

Факультативтік сабақ 8-сынып

Тақырыбы – Ежелгі дәуір әдебиеті (Негізгі бағдарламаға қосымша)

Р/с

Тақырыбы мен мазмұны

Сағаты

Уақыты

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі

1

Қазіргі қазақ халқының көне дәуірі. Қазақ тегі-түркі тайпасы

1

 

2

Түркештер. Бұл тұстан сақталған ежелгі жазбалар, құлпытас, жартастарға ойылған көне жазулар.

1

 

3

Жоқтау, мақтау, арнау, өсиет өлеңдер.

1

 

4

Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі көне жазулар сипаты

1

 

5

«Білге қаған», «Тоныкөк» ескерткіштері, Күлтегін есімі-түркі тілді халықтарға ортақ мұра

1

 

6

Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктері

1

 

7

Қорқыт ата кітабы (ҮІІІғ)-оғыз-қыпшақ дәуірінің эпостық жыры.

1

 

8

Қорқыт ата жырларының аңыз, ертегі, эпостық жырларға ұқсастығы. «Алпамыс» жырымен салыстыру

1

 

9

«Оғыз-нама» эпосының тарихи мәні, халықтың сипаты

1

 

10

Шығармашылық жұмыстар

1

 

11

Әл-Фараби (870-950)-ғалым, философ, философ-әдебиетші

1

 

12

Әл-Фарабидің бізге жеткен өлеңдері. Әдебиет теориясы мен өлең сөздің табиғаты туралы

1

 

13

Қазіргі Фарабитану

1

 

14

Жүсіп Баласағұн (1020-1069)-талантты ақын, қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастаны-дидактикалық дастан.

1

 

15

Махмұд Қашқари – белгілі филолог

1

 

16

«Диуани лұғат – аттүрік» жинағы, ондағы әдеби шығармалар, өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақ

1

 

17

Ахмед Иүгінеки –ХІІІ ғасыр ескерткіші –«Ақиқат сыйы» кітабының авторы

1

 

18

Шығармашылық жұмыстар

1

 

19

Хорезми – ХІІІ ғасыр ескерткіші-«Махаббат-нама». Оның тарихи мәні

1

 

20

ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көне түркі тіліндегі әдеби ескерткіштердегі мұсылманшылық түсініктер. Қожа Ахмет Иассауи хикметтері

1

 

21

С.Бақырғани хисса-хикметтері

1

 

22

Рабғузи шығармалары

1

 

23

ХІҮ ғасырдағы аударма әдебиет өкілдері. Дүрбек жырау

1

 

24

Сайф Сарайи лирикаларының мәні

1

 

Қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті

1

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ жырауларының поэзиясы «Жырау», «жыршы», «шешен», «ақын», «шайыр» атауларының мәні

1

 

2

Шығармашылық жұмыстар

1

 

3

ХҮ ғасырдағы қазақ хандығының мемлекеттік сипаты. Авторлы поэзияның қалыптасуы.

1

 

4

Сыпыра жырау

1

 

5

Асан қайғы – көркем сөз шебері. Жырау толғауларына талдау

1

 

6

Шалкиіз жырау шығармалары, оның халықтық сипаттары, поэтикалық тілі

1

 

7

Қазтуған, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар мұралары

2

 

8

Қорытынды сабақ (тест, өздік жұмысы тапсырмалары)

2

 


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Әл-Фараби «Поэтика» 1996ж.
  2. Ж.Баласағұн «Құтадғу білік» 1986ж.
  3. М.Қашқари «Диуани лұғат-аттүрік» 2004ж.
  4. «Қорқыт ата» кітабы 1986ж.
  5. А.Иүгінеки «Ақиқат сыйы» 1998ж.
  6. М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» 1961ж.
  7. Ә.Марғұлан шығармалар жинағы 2004ж.
  8. М.Мағауин «Қобыз сарыны» 2003ж.
  9. «Бес ғасыр жырлайды» І том 1989ж.
  10.  Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы даму кезеңдері»
  11.  А.Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті» 2001ж.
  12.  «Қазақ әдебиетінен факультативтік сабақтар бағдарламасы» 1991ж.
  13.  Н.Келімбетов, Ә.Қанафин «Түркі халықтары әдебиеті» 1996ж.
  14.  М.Жолдасбеков «Асыл арналар» 1990ж.
  15.  Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» 2003ж.
  16.  «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматия 1993ж.
  17.  Б.Кенжебаев «Түрік қағанатынан бүгінге дейін» 2004ж.

ID: 5047 | Просмотров: 5513