Сайт учителя начальных классов
.
Ертегілер туралы түсінік

Ертегілер туралы түсінік

Ертегілер туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы:  Ертегілер туралы түсінік

Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу,тіл байлығымды дамыту, ертегі оқуға деген қызығушылығымды арттыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, жартылай-ізденушілк.

Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, эйлер дөңгелегі, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.

Ресурстары: интерактивті тақта,5 сыныптық оқулығы авторы:Ә Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай.  Алматы «Атамұра» 2010

Мазмұны: 1. Ертегі туралы түсінік, оның түрлері

Морфологиялық карта

№ р/с

Тақырыбы

Өмірге қажетті ақпарат

Басқа пәндерде кездесетін ақпарат

Берілген пәнді одан әрі оқып тану үшін қажетті ақпарат

Жалпы ой-өрісін дамыту үшін ақпарат

1.

Ертегі туралы түсінік

Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді. 

Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі,

ҰБТ, ОЖСБ,

5-11 сынып әдебиеті

Танымдық қабілетін, ой-қиялын,тіл байлығын дамыту

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. I. Ұйымдастыру

Кезеңнің міндеті – оқушылардың психологиялық дайындығы, сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.

  1.  II. Тақырыпқа енгізу

– деңгей білім

«Қане жауап ізделік»

- Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?

-  Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?

- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

- Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?

- Мақал мен мәтелдің айырмасын айт?

- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?

- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

ІІ деңгей. Түсіну

1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.

- Жолдасы жақсы жолды болар,

  Жолдасы жаман қолды болар

- Өнер алды – қызыл тіл

- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

(әр қатарға 1 сұрақтан)

ІІІ деңгей  Қолдану 

Тұрмыс салт - жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар

2) Мына сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел жазыңдар.

Отан, жер, еңбек, оқу, тіл, білім

3)Эйлер дөңгелегі арқылы  қарама – қарсы мағыналы мақал-мәтелдерді көрсетіңдер

Оқулықпен жұмыс.  26-27 бет

ІV деңгей  Талдау

Мұғалімнің сөзі. Мына суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.

-         ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?

-         Қандай ертегілерді білесіңдер?

-         Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?

Толықтыру (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі,тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы,мұң-шері, арман-мұраты жатыр.)

Оқулықпен жұмыс 34-35 бет

  • Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
  • Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр

V деңгей. Синтез

(Шежіре ағашы) Геанологическое древо

 Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).

Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандайды ( мәселе – адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)

Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т.б.

VІ деңгей бағалау.

«Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері маған неге ұнайды?» тақырыбында шағын ертегі жазу.

ID: 5075 | Просмотров: 3517