Сайт учителя начальных классов
.
«Еңлік – Кебек» пьесасы

«Еңлік – Кебек» пьесасы

«Еңлік – Кебек» пьесасы

Сабақтың  тақырыбы:  «Еңлік – Кебек» пьесасы

Сабақтың мақсаты: 

 Білімділік:   Пьеса туралы түсінігін молайту, тақырыбы мен идеясын ашу, ой жинақтау;  

 Дамытушылық:  Оқушының ой - өрісін, шапшаң ойлау дағдысын, бір - бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру, әдеби дүниетанымын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, зейінін арттыру;

Тәрбиелік: Ұжымдасып еңбек етуге, дұрыс сөйлеу әдебін меңгертуге, жауапкершілікке, жинақылыққа тәрбиелеу, еркін сөйлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка

Құрал- жабдықтар: түрлі- түсті стикерлер (төртбұрышты, алма кесінді),  А 3  форматтағы флипчарт қағазы, түрлі- түсті маркер бояулары, бағалау парақшалары,  А 3  форматтағы алма ағашы салынған сурет, топ атаулары жазылған бұрыштамалар;

 Оқудан күтілетін нәтиже:

  1. Бұрын алған білімдерін шындайды;
  2.  Жаңа  ақпарат алу арқылы өз білімдерін жетілдіреді;
  3.  Тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлауға, өз ойын толық, әрі нақты жеткізе білуге үйретеді;
  4.  Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір - бірлерімен тілдесіп, ой бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылады;
  5. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында диалог құрылып, сабақтың жүйелі әрі тиімді өтуіне септігін тигізеді.

Сілтеме: 11 – сыныптың  қазақ әдебиеті оқулығы. Авторы:  Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайм  Алматы қ.  «Мектеп»   2011 ж.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс), 2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Блум таксаномиясы жүйесі бойынша оқыту, диалогтік оқыту, «Миға шабуыл» әдісі, түртіп алу, «Жылдар сөйлейді» әдісі, сюжеттік- композициялық құрылым, «Ойыңды жалғастыр», кейіпкерлер бейнесін ашу, «БББ» немесе маркировка кестесі, ЭССЕ),  3-модуль Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (бағалау критерийлері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы), 4 –модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану, ActivInspire- Studio бағдарламасы) 5 модуль талантты және дарынды балаларды оқыту (ізденушілік жұмыс, шығармашылық жұмыс), 7 модуль  көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру);

Негізі дереккөздер, ресурстар: ғаламтордан жүктелген «Ғажайып туынды» атты бағдарламасынан түсірілген бейнежазба (Еңлік- Кебек шығармасының шығу тарихы туралы ақпарат беріледі), Еңлік – Кебек пьесасындағы бесінші суреттің  көрініс түріндегі қойылымы (бейнежазба), «Ұлттық шоу» бағдарламасынан түсірілген Али Окапотвың орындауындағы «Еңлік- Кебек» әні(бейнебаян);

Қадамдар:

  1. Сыныптың психологиялық ахуалын орнату;
  2. Түрлі- түсті стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлу, топ атауын беру, топ басшысын тағайындау, сабақ кезеңдері жазылған бағалау парағын ұсыну;
  3. Топтық жұмыс. Тақырыпты сөзжұмбақты шешу арқылы ашу;
  4. «Еңлік- Кебек» пьесасының шығу тарихы туралы  бейнежазбаны көрсету;
  5. Топтық жұмыс «Жылдар сөйлейді»;
  6. Оқушылардың дайындап келген  көрінісін тамашалау (Еңлік- Кебек песасының екінші суретінен алынған үзінділер қойылымы, оқулықтан тыс, ізденушілік, шығармашылық жұмыс)
  7. Топтық жұмыс. Шығарманың сюжеттік – композициялық құрылымын жасау, оқиғаның әр кезеңін қысқаша әңгімелеу;
  8. Топтық жұмыс. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу (флипчарт қағазымен орындалатын жұмыс түрі)
  9. Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы бесінші суретті бейне көрініс арқылы тамашалау, «Ойыңды жалғастыр» әдісімен аяғына дейін көрсетілмеген  көріністі ары қарай өз  ойымен  сюжет желісін аяқтау; шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; 
  10. Жеке жұмыс «БББ» немесе маркировка кестесін толтыру;
  11. Топ басшысы және топ мүшелері өзін - өзі бағалауы, мұғалімнің қорытынды бағасы;
  12.  «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнату;
  13. Үй тапсырмасын түсіндіру;

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. «Жүректен жүрекке»  тренингін өткізу;
  2. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау.
  3.  Тақырыпты ашуда сөзжұмбақты шешкізу;
  4. Алдын ала тапсырманың орындалу барысын түсіндіру, бейнежазбаны көрсету, осының негізінде тапсырма беру;
  5. Поэзия сәтін ұйымдастыру;
  6. Сабақтың әр кезеңінде  оқушылармен диалогтік қарым -қатынаста болу; сабақ барысында жоғары және төмен дәрежелі  сұрақтарды қою, сұрақтың  әртүрлі техникаларын (түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау) пайдалану;
  7.  Оқушылардың орныдап жатқан жұмыстарын қадағалап, керек кезінде ой тастау;
  8. Бақылау, бағалау,сабақтың әр кезеңінде оқушыларды ынталандыру.

Оқушының іс-әрекеті:

  1. Тренинг өткізу барысында оқушылардың бір- бірлеріне жақсы тілектерін, ниеттерін білдіруі;
  2. Сөзжұмбақты шешу;
  3. Бейнежазбаны тамашалау, алған ақпаратты түртіп алу, кейін «Жылдар сөйлейді» тапсырмасында берілген даталарды  сөйлету;
  4.  Дайындап келген көрінісітерін көрсету;
  5. Шығарманың сюжеттік -композициялық құрылымын жасау,  қысқаша әңгімелеу;
  6. Постер қағазына түсіру арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу, орындаған жұмысын қорғау;
  7.  Оқулықпен жұмыс. Көріністі тамашалау,  «ойыңды жалғастыр» әдісімен оқиға желісі  немен аяқталатынын  өз ойымен түсіндіріп әңгімелеп беру, шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу;
  8. Мұғаліммен, оқушылармен диалогтік байланысқа  түсу;
  9. «БББ» немесе маркировка кестесін толтыру;
  10. Сабаққа белсенді  ат салысу, өз ойын ортаға салу;
  11.  Өзін- өзі бағалау;

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру. «Жүректен жүрекке» деп аталатын тренингін өткізу; (Оқушыларды шеңберге тұрғызып қойып, алдын ала жүрек формасындағы стикер қағаздарына  жазылған тілектерін бір - бірлеріне тілеп  ұсынады).

 2. Оқушыларды түрлі -түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну,  сөзжұмбақ арқылы  тақырып ашылғаннан кейін топтардың атауларын беру;

Жаңа сабақ:

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу мақсатында алдарыңызға берілген сөзжұмбақты шешейік, жасырын тұрған сөздерді ашқаннан соң бүгінгі сабағымыздың тақырыбы тігінен шығады. Бірінші топ алғашқы көлденен қойылған сұрақтарға жауап береді, ал екінші топ төменгі  қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1. Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері?  деген сұрақтарға жауап беретін сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі? (мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем)

2. Сабақтас құрмалас сөйлем  құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып екінші сөйлемге бағына байланысады, ендеше екінші сөйлемнің сыңар атауын табыңдар? (басыңқы)

3. Мұң мен өкінішке толы өлең. (элегия)

4. Билеті барлар орындарына жайғасты. Сөйлеміндегі «билеті барлар»  мүшесі құрылысына қарай қандай? (үйірлі)

5. Етістіктің мағыналық ерекше түрі, оның үш жасалу жолы бар? (көсемше)

Екінші топтың сұрақтары:

1. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы (есімдік)

2. Затты не құбылысты айшықты, бейнелі таныту үшін оны екінші бір ұқсас затқа, құбылысқа балау тәсілі (метафора)

3. Мына үзінді қай ақындікі? Үзінді өлеңі оқылады. (Шортанбай)

4. Абайдың философиялық бағыттағы прозалық шығармасы (қара сөздер)

5. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

 

- «Еңлік – Кебек»  пьесасының шығу тарихы туралы бейнежазбаны көрсетпес бұрын алдын ала орындалатын тапсырманы түсіндіріп кетейін. Бұл тапсырманы сіздер топпен орындауға тиіссіздер, барлықтарың қатысып, ұжымдасып орындалған жұмыс  нәтижелі болады.

- Түртіп алу әдісі арқылы бейнежазбада айтылған оқиғаны жылымен  бірге қысқаша жазып аласыңдар, кейін осы бойынша сіздерге тапсырма беріледі.

  - Ал балалар, бейнежазбаны мұқият зейіңдеріңді салып тыңдап отырсаңыздар, келесі тапсырманы орындауда еш қиындық тудыртпайтынына сенімдімін. Олай болса тақтаға назарымызды аударайық!

         Топтық жұмыс.     Тақтада екі ұяшық беріледі. Сол ұяшықтың біреуін таңдап, жасырылып берілген тапсырманы орындаймыз.

 

1912

Бірінші ұяшықтың жылдары:

1922

     

   1892

1988

                                    

1917

1941

Екінші ұяшықтың жылдары:

1960

1926- 2010

 

Балаларға алдын ала ізденушілік пен шығармашылық жұмыс ретінде  Еңлік- Кебек пьесасының толық нұсқасын оқып және оқулықтан тыс, яғни оқулықта берілмеген екінші суретті  шағын көрініс ретінде дайындап келуге берген  болатынмын.

Еңлік -Кебек пьесасының  екінші суретінен алынған үзінді.

Бірінші көрініс: Еңлік пен Есен батырдың кездейсоқта болған әңгімелері.

Екінші көрініс:  Аңшылық кезінде Кебек батырдың Еңлік пен қойшы балаға кез болуы.

 Сабақты бекіту:  

1. Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымын жасау, қысқаша әңігмелеу; Топтық жұмыс.

  1.  Оқиғаның басталауы
  2.  Оқиғаның даму кезеңі
  3.  Оқиғаның шиеленіскен тұсы
  4. Шарықтау шегі
  5. Оқиғаның аяқталуы
  6. Қорытынды

Оқушылар тапсырманы орындап отырған кезінде баяу түрде Али Окаповтың орындауында «Еңлік- Кебек»  атты әні шырқалады. (поэзия сәті).

2. Кейіпкерлердің бейнелерін ашу. Топтық жұмыс. А 3  форматындағы  постер қағазына жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің тұстарын ашып жазу (кейіпкерлердің жасаған іс әрекеттеріне қарап,  несімен жағымды немесе жағымсыз кейіпкер екенін оқиғаның желісімен дәлелдеп, қорғап  шығу) Тақтада жасырын берілген екі ұяшық, сол ұяшықтың біреуін таңдап, кейіпкердің қай қырын ашып жазатынын анықтайды. Постер қағазына түсірілген жұмысты топтағы екі қатысам дейтін оқушы қорғап шығады.

 

Жағымды кейіпкерлер

Жағымсыз кейіпкерлер

 

3.Оқулықпен жұмыс.  Оқулықтағы берілген пьесаның соңғы бесінші суретін балалар   көрініс  арқылы тамашалайды. Көрініс үзілген жерден бастап «ойыңды жалғастыр» әдісімен оқиға желісі  немен аяқталатынын ары қарай  өз ойымен түсіндіріп әңгімелеп береді, шығарманың идеясы мен тақырыбын ашады;

 Қорытынды :  Жеке жұмыс.  Оқушы БББ   кестесіне сабақтан алғанын, түйгенін  жазып, сабақтың қорытынды кезеңінде оқып шығады.

  •  
  •  

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау: бағалау критериийлері арқылы оқушылар өздерін бағалап, кейін топ басшысы өз бағасын беріп дауыстап оқиды, соңғы қорытынды бағасын мұғалім қойып шығады.

Бағалау парағы

Топ атауы: тобықты (матай)     күні:

Оқушының аты жөні:

Кезеңдер

Максималды балл

Топтың өзін өзі бағалауы

Әр оқушының өзін өзі бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

Сөзжұмбақты шешу

1

 

 

 

«Жылдар сөйлейді»

1

 

 

 

 Көрініс қойылымы

2

 

 

 

Сюжететтік- композициялық құрылым

2

 

 

 

Кейіпкерлердің бейнесін ашу

2

 

 

 

«Ойыңды жалғастыр»

1

 

 

 

БББ кестесі

1

 

 

 

Барлық ұпай

10

 

 

 

 

«2» - 0- 3

 «3» – 4-7

«4»  – 8- 9

 5» - 10

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өтілген сабақ бойынша өз ойларын жазып қалдырады.

Үйге тапсырма:  «Махаббат – мәңгілік  өмірдің нәзік арқауы» тақырыбына ой толғай (ЭССЕ) жазып келу.

ID: 8397 | Просмотров: 3962