Сайт учителя начальных классов
.
Біржан сал Абай аулында

Біржан сал Абай аулында

Біржан сал Абай аулында

Сабақтың мақсаты:

  1. Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;
  2. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;
  3. Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.б

Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру

Пәнаралық байланыс: музыка, география, тарих

Көрнекіліктер: Абай, Біржан, М.Әуезов портреттері, бейнеролик, флипчарт, көрме

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

І топ –Абай

ІІ топ –Біржан

ІІІ топ -Мұхтар

М.Әуезов туралы бейнеролик көрсету.

ІІІ  Өткен тақырып бойынша жұмыстар

М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында»

1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс

2-тапсырма. «Тұжырым» кестесі

3-тапсырма . Оқулықпен жұмыс

4-тапсырма. Тест

5-тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы

6-тапсырма. Мақал-мәтелдер бойынша ой қорыту

ІҮ Үйге тапсырма

«Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазу

Ү Бағалау

ҮІ Көрмені тамашалау

Сабақтың барысы:

І Психологиялық дайындық  «Шаттық шеңбері»

/Оқушылар дөңгелене қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілек айтады/

Эпиграф

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!..

Абай

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты :

1. Көркем шығарманың мазм\ұнын меңгеріп, талдай білу;

2.Теориялық білімдеріңізді тереңдетіп, ойлау қабілеті мен мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

3.Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылық, адамгершілік, қонақжайлық, сыйластыққа тәрбиелеу және өнерді сүйіп, бағалай білуге баулу;

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар, 3 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ –«Абай», ІІ топ – «Біржан»,  ІІІ топ –«Мұхтар» болсын. Әр топ осылар туралы қысқаша мәліметті тақтаға «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазсын.

Топтардың жауабы бейнероликпен толықтырылады.6 сынып. Қазақ әдебиеті . Электрондық оқулық

ІІІ Жаңа тақырып

М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында» Біржан әнінің зор құдіреті.

1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Жоспар құру

Композициялық құрылысына талдау

Абай мен Біржанды «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру

2- тапсырма. «Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс

Топ

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Адами қасиеті

І

Абай

 

 

ІІ

Біржан

 

 

ІІІ

Әйгерім

 

 

3-тапсырма

Оқулықпен жұмыс

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Біржанның «Жанбота» әні туралы үзіндіні тауып, мәнерлеп оқу

Абайдың Біржан әнінен алған әсері бейнеленген жерді тауып оқу

Ұлжанның Біржанға бата берген кезін тауып оқу

4-тапсырма Тест жұмысы

  1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты

а/ Сабалақ    ә/Телғара     б/Ерасыл

  1. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» Кімнің сөзі?

а/ Абай    ә/Біржан    б/Әйгерім

  1. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі?

а/ Жиренше   ә/ Абай    б/ Біржан 

  1. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,

Бар ма еді статьяда көрген жерің?...» -деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?

а/ Жаяу Мұса «Ақ сиса»     ә/ Абай «Көзімнің қарасы»    б/ Біржан «Жанбота»

  1. Шығармадағы типтік образды ата

а/ Абай      ә/ Біржан      б/ Әйгерім

  1. «Біржан сал» фильміндегі Біржанды сомдаған актер кім?

а/ Т.Жаманқұлов       ә/А.Әшімов    б/Д.Жолжақсынов

  1. Әйгерімнің шын аты кім?

а/ Үмітей     ә/Шүкіман     б/Балбала

  1. Әйгерімге алғыс айтқан кейуана

а/ Зере     ә/Иіс    б/Ұлжан

  1. Керімбала:

Тағы бір ауыз!-деп еді.

Оралбайға:

 Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты.

а/ диалог    ә/монолог      б/ эпилог

  1. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән

а/ «Жамбас сипар»     ә/ «Жиырма бес»     б/ «Жанбота»

Бекіту

Біржанның «Көкек» әнін Ақсамалдың орындауында тыңдау

Қорытынды

6-тапсырма

  • Өнерліге өріс кең.
  • Өмірде кең бол,

Өнерде өр бол.

  • Өнерде қызығу орынды, қызғану –күнә.
  • Өнер бәйгесі үнемі тігулі
  • Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді

Сұрақ: Елімізді дүние жүзіне танытқан қандай әнші, өнер адамдарын білесіңдер? /Әміре, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, «Ұлытау» тобы, М.Бисенгалиев, т.б./

Ендеше, екі ұлы  -Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.

«Өнерім –өмірім» тақырыбында бейнеролик көрсету.

Үй тапсырмасы «Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазу

Оқушыларды бағалау

ID: 5036 | Просмотров: 3262