Сайт учителя начальных классов
.
Қазтуған жыры- таза далалық поэзия

Қазтуған жыры- таза далалық поэзия

Қазтуған жыры - таза далалық поэзия

Мақсаты: 

білімділік – жыраулар поэзиясы өкілі Қазтуған жыраудың оның ақындық құдіретін танытатын шығармаларының тақырыптық мазмұнын ашу;

дамытушылық – Қ. Бітібаеваның жыраулар поэзиясын оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау, шығармашылық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыту;

тәрбиелік – Қазтуған жырлары негізінде ұлттық рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, ерлік пен елдікті дәріптеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, болжау, дәлелдеу, ой бөлісіу, модель құрастыру.

Оқыту формасы: топтық, жеке

Типі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кестелер, сызбалар, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Асан қайғы – ерекше жаратылған жан»

а) Мәнерлеп оқу сатысы;

б) Тақырыптық талдауды тексеру(3 топқа үш түрлі кесте толтыру берілген).

Кестелер үлгілері

№1

Жырау

Толғаулары

Тақырыбы

Маңызы, мәні

 

 

 

 

№2

Жырау

Аңыз

Шындық

Қорытынды

 

 

 

 

№3

Жырау

Қай хан тұсында өмір сүрген

Қандай қызмет атқарған

Басты шығармалары

Даналық ойлары

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабаққа көшу: «Қазтуған жыры – таза далалық поэзия»

  1. Жаңа тақырып бойынша алдын-ала дайындап келген тапсырмаларын тексеру.

а) Қазтуған туралы оқып келу, қосымша дерек жинау;

ә) Зерттеушілердің Қазтуған туралы үш пікірін дайындау;

б) Үш топқа парақша тарату, оны толтыру.

№1

             Зерттеушілер пікірі

              Оқушылар пікірі

«Қазтуған поэзиясы-табиғат аясындағы көңілі таза, сәби көшпендінің поэзиясы. Таза далалық поэзия». М. Мағауин «Қобыз сарыны»  

 

 №2

              Зерттеушілер пікірі

             Оқушылар пікірі

«Көшпенділір поэзиясының өкілі Қазтуған жыраудың қазақ тарихы мен әдебиетінде алатын орны ерекше» Ш.Уәлиханов

 

№3

         Зерттеушілер пікірі

           Оқушылар пікірі

«Жыраулар –ғасырлар бойы жан-жағынан қаптаған жауына қолындағы найзасымен , аузындағы өткір жырымен  жауап беріп қорғана білді...»

І.Есенберлин ,  «Алмас қылыш»

 

2. Тапсырмалар негізінде сұхбат-әңгіме, пікірлесу   

а)Өз жобаларын   қорғауы, талдау, жинақтау .

ә)Пікірлерін айта білуі, қорғай білуі.    

3. Жаңа білімді игеру.

а) Поэзия сәті.

1).Толғауларын үнтаспадан тыңдау

2). Мәнерлеп оқу

ә) Сараптама – талдау  жұмыстары негізінде  оқушы ------мұғалім  іс-әрекеті.

Автор туралы мәлімет

Толғаулары

Тақырыбы, айтар ойы

Көркемдік ерекшелігі

Қорытынды

 

 

 

 

 

IV. Оқушылардың білім-білік дағдыларын  дамыту.

Оқулықпен жұмыс  ( 3 топқа үлестірме парағы арқылы арқылы өзіндік талдау жұмысын жүргізу

               Болжау

             Дәлел

          Қорытынды

  1. «Қазтуған  жорық жырауы»

«Балдағы алтын құрыш болат»

Батырлықты, елдікті,  ерлікті дәріптейді.

  1. «Қазтуған-нәзік лирик»

Салп-салпыншақ анау үш өзен» (туған жерге деген махаббат)

Жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері.

  1. «Қазтуған-шебер суреткер

«Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да алаң, алаң жұрт».

Теңеу, метафораларды шебер пайдалана білген: «Қарғадай мынау Қазтуған», «ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай...», «Балығы тайдай...» т.б.

V.  Жинақтау, қорытындылау.

(Жаңа білімді меңгерудің 5 кезеңі бойынша мәліметтерін саралау, талдау)

Қазтуған жыраудың моделін жасау, қорғау. (Ол кім?)

VI. Үйге тапсырма.

1-ші топ. Ойтолғау жазу «Білімді туған жақсылар»

2-ші топ. Аманат хат жазу. «Қазтуған бабадан»

3-ші топМ.Мағауиннің «Қобыз сарыны » еңбегі бойынша ғылыми сипаттағы реферат дайындау

VIIБағалау.

ID: 5137 | Просмотров: 2930