Басты бет » Ашық сабақтар » Ашық сабақтар » Әдебиет

Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.

Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.

Дереккөз: Ұстаздар сайты

загрузка...
Тренерлерінің қолдауы арқылы мұғалімдермен wiki беттерін қолдана отырып,
сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Тюлеева Ж.Қ.
Оқушының саны -12
1 апта 6 сабақ 14:20-15:05 №7 кабинет
Сабақтың атауы Ахмет Йассауи хикметтері
Сілтеме Ақпараттық мәдениет негіздері,
8 сынып оқулығы 26-29-беттер және слайдтар
Жалпы мақсаты Ахмет Йассауи өмірі, шығармашылығымен таныстыру. «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы Ахмет Йассауиді тарихи тұлға, қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту
Міндеттер:
1. Бұл жаңа тақырыпты түсінулерін анықтау;
2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Тапсырмалар  Тақырып негізінде берілген ақпарат ішінен өзіне керегін таңдап алу, білгенін топта айта алу, оқыған ақпаратты жүйелей алу, ойын анық жеткізе білу, тапсырма негізінде жеке, жұптаса, топтаса жұмыс істеу қабілетін дамыту. Ой толғау, бес жолды өлең құрастыру тапсырмасы.
1 сабақ. тақырыбы: Ахмет Йассауи өмірі және хикметтері
Ахмет Йассауи өмірі, хикметтерімен танысу Белгіленуге арналған түйінді сөздер: слайд, сопылық, мазар, «Диуани хикмет»нәпсі, Хақ Мұстафа аманаты, сөздіктегі сөздермен танысу.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /0,5 мин/
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? -оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөліп, әр топта спикер сайлатып, бағалау парақшаларын таратып беру. Спикерге әр жауап берген оқушыға қызыл жұлдыз-5, көк төртбұрыш-4, жасыл үшбұрыш -3 екенін айтып, оқушылардың жауаптарына сәйкес топ ішінде өз-өздерін бағалату.
/2 мин/
Сергіту жаттығуын тамашалау.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2
Мұғалім: сурет бойынша не айта аламыз? (тақтаға суреттер шығарып, тану, дәлелдеу) (суретте Ахмет Йассауи мен оның кесенесінің суреті)
Кесте толтыру: Білемін Білгім келеді Білдім
/5 мин/

Бейне-слайд Слайд3-7 /2 мин/
Оқулықтан Ахмет Йассауи туралы берілген ақпаратты мұғалім оқиды.
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу -әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану
Мұғалім: Ал енді біз Ахмет Йассауи туралы деректермен тереңірек танысайық . /
Мәтін тарату(мәтінді топта оқыту) /5 мин/

Миға шабуыл стратегиясы бойынша оқушылар алған деректерін берілген флипчартта жинақтайды.
Топтар тапсырманы орындап болған соң ортаға шығып, қорғайды./10мин/
Тапсырма : топтағы айтылған мәліметті ортақ флипчарт бетінде топтастыру.
Слайд5
Жұппен жұмыс:
 Хикметтерді жұптарға бөліп(әр жұпқа екі жолдан), үзіліспен оқыту, талдау /5 мин/
 Жаңа сөздерді дәптерге жазу
(сопылық, Хақ Мұстафа аманаты,нәпсі,Мақшар күні, тәуба, төрт аяқты ағаш ат, Ысырап көпірі, жазмыш, Фәни шаһары, тар қапастың тоты құсы қақты ұшқалы) /3 мин /
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды
Оқулықтың 29-беті
 Сұрақ-жауап, тапсырмалар
І-топқа: Ахмет Йассауи кім? Өмірі туралы не білдіңдер?
(БББ кестесі)
/5 мин/
 Тест тапсырмалары
1. АхметЙассауи кім?
А) жазушы, ақын
Ә) әнші, композитор
Б) ақын, ойшыл, ұстаз, діни ағартушы, сопылардың бірі
2. Ахмет Йассауидың қанша шәкірті болған?
А) 60000
Ә)20000
Б) 90000
3. Йассауидың ұстазы Арыстанбаб кесенесі қай жерде?
А) Түркістанда
Ә) Сайрамда
Б) Талас-Шу бойында /2 мин/



Бағалау түрлері
- оқушының өзін-өзі бағалауы;
- топтық өзін-өзі бағалауы;
- мұғалімнің бағалауы;
- жалпы бағалау;
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні____________________________________
№ Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы
1
2
3
4

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы: Слайд8
Хикметтен үзінді жаттау /1,5 мин/
45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? Оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.
2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.
3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Кері байланыс парағы.
Оқушының аты-жөні_________________________________________

Сабақта ұнағаны Сабақта ұнамағаны Сабақта нені өзгерткің келеді

Ұстаздар сайты

loading...

Авторы: Тюлеева Жанагуль Куанышевна

Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұға

Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org
Ұстаздарға арналған жаңа Қазақстандық портал tarbie.org

Белсенді ұстаздарды марапаттау
Белсенді ұстаздарды марапаттау

Сертификат алу жылдам әрі сапалы
Сертификат алу жылдам әрі сапалы

Ұқсас ашық сабақтар:
Бөлім: Әдебиет | Қосты: tyuleeva1979 (21.02.2015) | Автор: Тюлеева Жанагуль Куанышевна E W
Көрсетілім: 2454 | Ілмек сөздер: жоспар, Қысқа, Ахмет, әдебиет | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Тарих [978]
тарихтан ашық сабақтар
Қазақ тілі [1465]
қазақ тілінен ашық сабақтар
Бастауыш сынып [1631]
бастауыш сыныптан ашық сабақтар
Биология [522]
биологиядан ашық сабақтар
География [480]
географиядан ашық сабақтар
Информатика [526]
информатикадан ашық сабақтар
Математика [392]
математикадан ашық сабақтар
Физика [271]
физикадан ашық сабақтар
Химия [155]
химиядан ашық сабақтар
Ашық сабақтар [1085]
ашық сабақтар
Әдебиет [281]
әдебиет пәнінен ашық сабақтар
Коучинг [49]
коучинг
Ағылшын тілі [58]
ағылшын тілінен ашық сабақтар
Музыка [55]
музыка пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану [28]
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар жинағы
Дене шынықтыру [223]
дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Балабақша [512]
Мектеп алды білім беру
Экономика [42]
экономикадан ашық сабақтар
Құқық негіздері [22]
Құқық негіздері пәні бойынша ашық сабақ
Мектеп әкімшілігі [23]
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер [25]
Мектептен тыс мекемелер
Оқушымен жұмыс [115]
Оқушымен жұмыс
Психология [2]
Психология
Сурет сызу [1]
Сурет сызу ашық сабақ
Сыныптан тыс жұмыстар [171]
Сыныптан тыс жұмыстар
Технология [15]
Технология ашық сабақтар
Тәрбие сағаты [19]
Тәрбие сағаты ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0