Сайт учителя начальных классов
.
Абайдың 29-қарасөзі

Абайдың 29-қарасөзі

Абайдың 29-қарасөзі 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29-қарасөзі 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерін талдата отырып, білімдерін тереңдету. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қара сөзін талдату және еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдылау;

Дамытушылық: Еркін сөйлеп, іздемпаздыққа, алғырлық пен білімділікке шақыра  отырып, қара сөз мағынасын терең түсіне білуге дағдылау;

Тәрбиелік:  Сөз мағынасын түсіне білуге, тілді құрметтеуге, Отансүйгіштік пен тапқырлыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі:  Сыни тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: Музыка, философия

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

Жұлдызды сәт

“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” (мәнерлеп жатқа айту 5 шумақ

Үй тапсырмасын бағалау.

Критерий-лер

Білім жетістігінің

 деңгейі  /ұпайы/

Дискрипторлар

   

3

Өлең оқу кезінде дауыс ырғаың сақтай отырып, образға ене білуі, орфоэпиялық нормаларды сақтау қабілеті, өлеңді кідіріссіз жатқа айта білу. 100 пайыз

 

2

Өлеңді жатқа айта білді. Дауыс ырғағын сақтауда кемшіліктер болды. Образға енуге талпынды. 75 пайыз

 

1

Өлеңді жатқа айту кезінде іркіліс болды.Интонация сақталмады. 50 төмен пайыз қатысты.

 Қызығушылық ояту

 А) Абай – дана, Абай – дара қазақта    (видео мәлімет)

 Б) Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.-деп жырлаған кім ?

- Абай.

- Мына өлеңнен қай тармаққа ерекше назар аударар едіңдер?

- Мен жұмбақ адаммын

- Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты осы Абай жұмбағын шешу.

- Абай  әдебиетке  қандай жаңалық енгізді? Абай өлеңдерінен үзінді оқу

Мағынаны тану

Тақырыптық мәлімет

Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

 

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген  қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Ар-ұят, адамгершілік:  5, 9, 11, 18, 24, 40

Еңбек:   2, 4, 25, 42

Қазақ мақалдары:  5, 6, 29, 37, 39

Дүниенің  тылсым  сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43

Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44

Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45

Қазақтардың   мінез-құлқы:   4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38

Жиырма тоғызыншы қарасөзін тыңдау

Топтық тапсырма:

І топқа:  «Екі жақты күнделік».

ІІ топқа:  Қарасөз дегенді қалай түсінесің?. (Топтастыру әдісі арқылы)

ІІІ топқа:  Сәйкестендіру әдісі

ІV топқа:  29-қарасөздегі негізгі ой қандай? (Алтын қағида , стикерлер арқылы тақтаға іледі).

Критерийлер

Білім жетістігінің деңгейі  /ұпайы/

Дискрипторлар

 

3

 Мәтінді түсінді , негізгісін жазды. Топтық жұмыста  өте белсенді 100 пайыз болды, тапсырмаларды белсенді орындап, өз ойын жеткізді

 

2

Мәтінді түсінді , негізгісін жазды. Топтық жұмыста белсенді  75 пайыз болды, тапсырмаларды орындады, өз ойын жеткізе алды.

 

1

Мәтінді түсінді ,негізгісін жазды. Топтық жұмысқа 50 төмен пайыз қатысты.

Ой толғаныс

Абайша менде жырлайын...  (жеке тапсырма)

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

               Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?...

2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

               Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте...

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

               Алтын үйден жан тәтті...

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

               Алтын көрсе періште жолдан таяр...

Орындалуы.

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

               Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?

               Ардан безген бес күн фәни тірлігің,

               Ақрет болып көрінеді  өлерде.

2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

               Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте

                Жерді өртеп атанғанша бір бұзық

                Сыйыншайшы кетпен менен күрекке.

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

               Алтын үйден жан тәтті

               Бағалай біл шәкіртім

               Алтын менен қымбатты

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

               Алтын көрсе періште жолдан таяр

              Айтындаршы Абайша ұландарым,

              Бұл мақалда қаншалық ғибрат барын.

 

Критерийлер

Білім жетістігінің деңгейі  /ұпайы/

Дискрипторлар

  

3

 Өлең белгілі бір ұйқас түріне құрылған , тақырыпқа сай, айтылар ойы мағыналы 100 пайыз болды, тапсырманы  белсенді орындап, өз ойын жеткізді

 

2

Өлең ұйқасында кемшілік аздаған кемшілік бар , тақырыпқа сай, айтылар ойы мағыналы 75 пайыз болды,  өз ойын жеткізе алды.

 

1

Өлең нің ұйқасы келмейді, тақырыптан ауытқыған.Тапсырманы 50 төмен пайыз орындады.

Үйге тапсырма:

  • Міндетті деңгей: Абайдың 29-қарасөзін жаттау
  • Мүмкіндік деңгей: “Абай қарасөзің оқығаннан кейінгі түйген ойым” ой толғау
  • Бағалау шкаласы:
  • 7-9 ұпай – “5” баға
  • 4-6 ұпай  - “4” баға
  • 1-3 ұпай – “3” баға

ID: 6197 | Просмотров: 4001