"Абай жолы" романы

Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай тұлғасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Роман-эпопеядағы басты кейіпкер Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала келе, Абай тұлғасын ашу.
Дамытушылық: Әр тараудағы Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушының ата-анаға, туған-туысқа, жақындарына деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, топтастыру, ой қозғау
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі. «Абай жолы» роман-эпопеясының
I-II томы. Тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
1.М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмаларын орындау (интерактивтік тақтадан).
2. «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлері туралы тапсырма берілген болатын. Яғни, қазір аталатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрге анықтама бере отырып, ол романның қай жерінде кездесетіні туралы түсінік бере кету:

Жоқтау Сауын айту

Қаралы жыл Әдет-ғұрып Әмеңгерлік
Ат сауырын Салт-дәстүр Бастаңғы

Барымта Ұрын бару



III Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Абай болса – шаңырақ,
Сен көтерген уық ең.
Көрік берген еліме,
Көтерілген туым ең, - деп, Қ.Абырайымұлы айтқандай,
«Абай жолы» романының жаны мен жүрегі - Абай тұлғасы.
Абай Құнанбайұлы 1845жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. «Ата-анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі», -деп ұлы ақынның өзі жырлағандай, жас шағында екі анаға, яғни, Ұлжан мен Айғызға тел жанасып өсіп, Телқара атанған, балалықтың хан базар барша қызығын ол да армансыз кешіп өткен.
Әжесі Зере оның әке-шешесінің азан шақырып қойған «Ибраһим» есімін өзгертіп, өзі ерекше жан тартып, жақсы көрген, бауырындағы немересіне Абай деп бір түрлі нәзік, сезімді ат қойып еркелетуінің өзінде ерекше мән жатыр. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан деген молдадан оқып, хат таниды.
10 жасында әкесі Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып, тәрбиелемек болып, оны оқудан шығарып, елге алдырады. Эпопея, міне, осы кезеңнен басталады.
Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, кінәсіз бала көзімен қарайды. Біз қаладан далаға асыққан бала шәкірттің бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай жарысуынан-ақ оның келешекке шығатын бел-белестерін аңғарамыз.
Енді, әр тараудағы Абай бейнесін ашатын үзінділерге тоқтала отырып, Абайдың адами қасиеттерімен танысамыз(интерактивтік тақтадан кесте бойынша түсіндіру).
2. Абай «Татьянаның хатын» аударып, ән шығарумен қатар, өзі де 20 шақты өлең-ән жазған. Атап айтсақ, «Сегіз аяқ, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай».
Қазір «Көзімнің қарасы» әнін тыңдаймыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқтақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.Бұл - өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне беймәлім, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді түрде жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Дүниені торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Абайдың халықтығы мынада , ол- халқының рухани көзі болып, алысты көре білді. Халқы үшін ойлап, халқы үшін сезіне жүріп, оның тарихи келешегін көрсетіп берді.
Енді «Абай жолында» кездесетін ұлы ақынның асыл қасиеттерін жинақтай келе, топтастырамыз.

азамат ақын

өнерді құрметтеуші Абай аудармашы

жастарға қамқоршы сазгер

IV. Дәптермен жұмыс.
V. Бүгінгі сабақта нені үйрендім? Абайды қай қырынан таныдым? (ойтолғау)
VI . Енді Абайдың маңындағыларды топтарға бөлеміз:

Өмірлік серіктері,
үй серіктері Достары, өнер адамдары Шоқтай жиын, мықты топ Ел ішіндегі жақсылар

VII. Абайға арналған арнауларды тыңдасақ.
VIII. Бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзімен қорытындылаймын:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай – әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс...
Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды».
IX. Үйге тапсырма: «Абай тағылымы» эссе.
X. Білімдерін бағалау.

Автор: Темиргалиева Меруерт Мутановна

Астана қаласы, № 66 мектеп-лицей

18
Декабрь
0
1700

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.