Сайт учителя начальных классов
.
Абай «Отыз бірінші қарасөзі»

Абай «Отыз бірінші қарасөзі»

Абай «Отыз бірінші қарасөзі»

Сабақтың тақырыбы

Абай «Отыз бірінші қарасөзі»

Мақсаты

Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқу арқылы есте сақтаудың   төрт себебін түсінеді.

- Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге дағдыланады.

- Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін,  сыни ойлау қабілетін дамытады.

Қарасөзін оқып  мағынасын түсінеді.

Есте сақтайды, ынталы болады.

Әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс,диалогтік оқыту, интерактивті тақтамен жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға түрлі түсті гүлдерді алып, онда жазылған сөздерді оқып топқа бөліп отырғызу.
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек», «Ғылым» тобы деп төртке бөлеміз.

Үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық, кім дайын?

Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
Абайдың әндерін атаңдар

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жатқа айту

Түрлі түсті гүлдерді алып, өз топтарының орнына барып, гүлдерді жапсырып қою. Оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек», «Ғылым» тобы деп төртке бөлінеді.

(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жатқа айтады.
 

Қызығушы-лықты ояту

1-тапсырма.Есту арқылы есте сақтау.

10 сөз оқылады. есте қалған сөздерді жазу керек.
1) парта 3) көбелек 5) сағат 7) маса 9) жылан
2) кітап 4) машина 6) шелек 8) сабын 10) теледидар

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл - қызы да болу керек дарынды, -деген сөзбен бастаймын.

Сергіту сәті
 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды, есте сақтаудың жаттығу тапсырмаларын орындап, оқушы көшбасшылары шығады.

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой – қозғау сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатылай кешенді талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дарынды оқушылар-мен жұмыс

Абайдың қарасөздері туралы түсінік беру. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Қарасөз дегеніміз-ақыл, өсиет түрінде жазылған еңбек. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абайдың қара сөздерінің саны -46. Бірақ біз 46 - ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүр.
Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім - ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді. Қарасөздері 1948 жылы Семей қаласында «Абай» журналында жарық көрді. Ол орыс, қытай, француз тілдеріне аударылған екен.  
Электронды оқулықтан «Отыз бірінші» қара сөзін тыңдату.1895ж. (3 мин.)

 

Ғибратләну - (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».
Уайымсыздық - еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық - әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.

І топқа:  Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Тірек сөздерді жазу

ІІ топқа:  Мәтіннен есте сақтаудың себептерін жазу, түсіндіру.

ІІІ топқа: Ой кеселдерін жазу, түсіндір.

ІV топқа: Мәтіндегі автордың идеясын жазу.

(Жауаптарын әр топтан бір оқушы оқып береді)

Интерактивті тақтада отыз бірінші қарасөзінің мәтінін қалпына келтірумен жұмыс.

 

І топқа:  Бастың суретіне қарап, бүгінгі сабақпен байланыстыра ойларын топта талқылау, флипчартқа түсіру.

ІІ топқа:  Ұйқының  бүгінгі тақырыппенқандай байланысы бар екенін ойлап, суретке орай ойларын топта талқылау, флипчартқа түсіру

ІІІ топқа: Спортпен айналысып жүрген адамдардың суретіне қарап, бүгінгі сабақпен байланыстыра ойларын топта талқылау, флипчартқа түсіру

ІV топқа: Тамақтанып отырған баланың суретіне қарап, бүгінгі сабақпен байланыстыра ойларын топта талқылау, флипчартқа түсіру (Постерді әр топтан бір оқушы оқып береді)

 

«Отыз бірінші» қара сөзі
Авторы:
Жанры:
Идеясы:
Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар:
1.
2.
3.
4.
Ой кеселдері:
Тәрбиелік түйіні:
«Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар.

 

 

«Сен маған, мен саған» топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

 (сұрақ – жауап бойынша)
- Бұл қара сөздің идеясы қандай?

- Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? Кім?

- Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?

- Абай бар асыл ойын кімге арнады?
- Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты  не деп ойлайсыңдар?



«Ұлы ақынның даналығына жақындау»

Қарасөздегі айтылған мазмұнды ойларды өлең тілімен жазу.

 

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
«... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 - том).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін ішінен түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. - сену керек;
2. - үлгі алу керек;
3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;
4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,, ойыншы - күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану)
 

Кітаптарын жауып,мәтінмен жұмыс жүргізеді. 
 

 

Әр топ өздеріне берілген суретке байланысты бүгінгі тақырыптың байланысын топ ішінде талқылап, постер қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай

Проза

Жақсы нәрседен үлгі алу, жаманнан жирену

1. - сену керек;
2. - үлгі алу керек;
3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;
4. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;

 

 

 

 

 

 Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
- Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
- Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
- Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.
- Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі.

 

Прозаны поэзия тілінде сөйлетуге тырысады.

Жақсыдан өнеге алып,

Сақтайық есте анық.

Салғырттықтан аулақ жүріп,

Ой кеселін ұғындым танып.

 

Бос жүру, бос күлу-жаман әдет,

Қарасөзде айтылды ылғи әдеп.

Адамды жақсылыққа тәрбиелеген,

Ұлы Абайға көрсетейік жақсы ізет.
 

Қорытынды

-          «Бір айналым сөйлеу»

-          Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

 

-Кері байланыс:
Оқушыларға таратылады, балалар жауап жазады және оқиды.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

-          Сабақта не маңызды болды?

-          Не қызықты болды?

-          Бүгінгі сабақтан жаңа не үйрендіңіз?

Нені игердіңіз

Тақтаға кітап, қалам дәптер суреттері ілінеді. Осы суреттердің біреуінің астына әрбір оқушы өзіне берілген кеспе қағаздарды жапсыра отырып, бүгінгі сабақ бойынша өз білімін бағалайды. Кітап-------------« 5»

 Қалам--------------« 4»

 Дәптер-----------------« 3»

 


Оқушылар тақырыпқа байланысты бір сөйлемнен айту.

Абай – ұлы ақын,

Философ-ойшыл

Көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы адам болу.

қарасөздері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.

Жастарды адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болуға тәрбиелейді.

 

Оқушылар стикерге бүгінгі сабаққа байланысты «Екі жұлдыз бір тілек» жазады да, тақтадағы кітап, дәптер, қалам суретінің тұсына өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

«Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау.
 

 

 

ID: 6954 | Просмотров: 3119