Сайт учителя начальных классов
.
А. Құнанбаев Желсіз түнде жарық ай

А. Құнанбаев Желсіз түнде жарық ай

А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену  

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау». «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

-                   Саяси-азаматтық лирика

-                   Махаббат лирикасы

-                   Философиялық лирика

-                   Табиғат лирикасы

Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.

Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

IV. Жазбаша жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбытабиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Эпитет Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.

Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәнісұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.

V.Шығармашылық жұмыс. Қос жазба күнделігі.

 

Өлеңнен маған ұнаған үзінді

Менің ойым

 

 

 

 

VІ. Ауызша жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту.

 

VІ. Білімді бекіту. Бес жолды өлең әдісі.

Кім?  (бір зат есім)

Қандай? (екі сын есім)

Не істеді? (үш етістік)

Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем)

Синоним (бір синоним сөз)

 

Тақырып бойынша сұрақтар қою. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

VIIІ. Үйге тапсырма беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

ID: 5934 | Просмотров: 4025