Сайт учителя начальных классов
.
А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастауы»

А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастауы»

А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастауы»

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастауы»

  1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңін талдау, мәнін ашу, ой қозғау
  2. Адаладыққа, шыншылдыққа баулу, үлгі ету.
  3. Өзіндік ой –пікірін қалыптастыру, дамыту

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы: ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, бекіту, үйге тапсырма, бағалау

Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» өлеңін жатқа айту 5мин.
  2. Талдау: 1. Сәттілік (сәтті кезеңдерін айтады)

2. Сәтсіздік (оқып жатқан мысалдың сәтсіз тұсы)

3. Сезімтал (бастан кешірген сезіәмдерін тұжырымдайды)

4. Шығармашылық (идеялар мен болжамдар айтады)

5. Аналитикалық

3. Мультфильм «Түйе мен өрмекші»

Қарашаның қара суық күндері күн санап күшейіп келеді. Алда желтоқсан мен қаңтардың қарлы күндері күтуде!...

Денесін аяз қарып, бетін үсік шалған түлкі мен қасқыр осынау қарлы суық күндерге шыдай алмас еді?!

Ақырын айлаға көшті.

Күн ұзағына: қарашаның қысқа, шілденің ұзақтығына қарамастан өрмек тоқудан еш жалықпайтын «Өрмекші» атты достарын шақырды.

Түлкі:

Достық-өмір дерегі

Дерек- көңіл елегі

Достым, сенен әзірге

Көмек- бізге керегі!...

Қасқыр:

Жамандыққа қимаймын,

Жаһанға сенсіз сыймаймын

-Өрмекші достым, алдымен

Еңбегіңді сыйлаймын!

Автор: Өрмекшіні ортаға алған Түлкі мен Қасқыр алдын ала ойластырған «Үлкен жобаның» сырын ашып берді. Өрмекші де терең ойлай бермейтін жәндік екен! «Құба-құп» келісе кетті! «Әсілінде, еңбек сүйген жәндіктің бәрі  ақылды бола бермейді» Бұл айлакер Түлкі мен арамза қасқырдың ойы еді.

Үш дос ақылдаса келе ең шыдамды, ең аңқау, ең төзімді, ең бастысы жылы түбіт –шәліні өркешіне өңгеріп жүрген Түйені таңдады. Себебі, аңдардың ішінен осынша мықтынытабу оңай емес-ті.

Өрмекші:

- Келеді, әні, Түйе деген осыма?

Иә дәл өзі. Кетті түлкі қосыла

Үміті мол, үкіленген үш достың

Маң-маң басып, Түйе келді қасына!...

Түлкі: (Жыламсырап)

Жолбарыс, анау түнерген

Қабағы қатты тірелген

«Жараспайды орманға

Қорқақ қоян»,-деп кеше

Шөлейтке қуып жіберген!...

Қасқыр:

Сол кеткеннен келмеді

Сөзіме ешкім сенбеді

Бейшара, қоян шөлейтте

Жатыр,- дейді , өлгелі!...

Түйеке, малдың төресі

Қашық қой шөлдің белесі

Бейшара, сол бір қоянға

Су жеткізіп демеші!

Өрмекші:

Жол жүрер ек жуықта

Қойдық белді боуып та!

Үшеуміз-ақ барар ек

Шыдам, бірақ жетпейді

Ыстыққа да суыққа !

Барлық жәйтті айтайық

Жолбарыс сырын байқайық

Шөлден өлмей тұрғанда

Бейшара, анау қоянды

Елге алып қайтайық

Түйе: (Өрмекшіге қарап)

-Осы ма едің айтпағың?

Алған сөзден қайтпадың

Жүйріктен жүйрік озатын

Бәйгеде бәсі қозатын

«Жылқы» деген тұлпарға

Неліктен қарғам айтпадың?

Жолбарысты, о пәлі

Құдай бастан ұрған ғой?!

Әлсізге күшін көрсетіп

«Мықтымын» деп тұрған ғой?!

Жылқыға бұйымтай айтыңдар

Менен гөрі жылдамғой?!

Айтсаңдар, өзі кеп қалар

Демеймін істен шет қалар

Шабандап мен жеткенше

Байғұс қоян өп қалар!

Түлкі:

- Жо-жо- жо-жоқ!-жоқ! Түйемін

Бәріне өзің иесің?!

Бәріне өзің киесің?!

Барлық аң біткен сыйлаған

Сенімді төрем, түйемсің!

Түлкі (ішінен арамдықпен):

- Еһ, шіркін қалай желеді

«Тұлпар» деп тіпті өледі?!

Жалдан басқа дымы жоқ

Жылқының барма керегі!

Өрмекші:(ішінен арамдықпен)

Астың дәмі суда ғой

Судың бәрі буда ғой

Сенен бізге керегі

Жып-жылы жұмсақ шудаң ғой

Автор: Ақырында келіскен Түйе өркешін өрмекші де ілесіп мініп алып, әлдебір қоян күтіп отырған-мыс, шөлейтке бет бұрады. Түйе өркешіне қонымды отырған өрмекші біртіндеп шудалы талшықтарын жерге тастап  отырады. Аңқау түйе ешнәрсені аңғармайды. Жүре береді... жүре береді

Апта артынан апта, ай артынан ай өтті дегенде, Түйенің шудасын тәмәмдаған өрмекші екеш өрмекші де өркештен сырғып түсіп қалады! Аңқау түйе артына қарайлар емес! Ізінше кері қайтқан өрмекші жолай өзі тастап отырған жібектей жүнді теріп, шудалы жіпті тұмсығымен есе отырып, жылы төсеніш тоқып бітіреді.

Жылы төсенішін қараша мен қаңтардың қаһарынан қорыққан «екі досына» сыйға тартады.

Автор:

Тастай түйін шығады ойдан анық

Адал емес, амал достық айдан анық

Қандай қиын болса да, күн кешпегін

Басқаның еңбектерін пайдаланып

Дос-дұшпан айтқанына көне берме

Арамза әр сөзіне сене берме

Өлермен боп өрмекшідей өзгелердің

Айтқан арам ойына ере берме!

Тура сөзді жұтқан кім?

Туралықтан шыққан кім?

Дәл осынау мысалда

Ұтылған кім, ұтқан кім?

Жинақтап әркез ойыңды

-Үлес ал, -өзіңе тойымды

Алшақ ұста қашан да

Аңқаулықтан бойыңды

Шуда-түйенің мойнындағы жүн талшықтары

Сұрақтар

  • Қасқыр мен түлкі неге өрмекшіні таңдады?
  • Үш достың түйені таңдау себебі
  • өрмекші еңбегін пайдаланған кім?
  • Түйе аңқаулығы

Ендеше ХХІ ғасыр тұлғасы қандай болу керек?

 ХХІ ғасыр тұлғасы

 Әлемдік деңгейде

Білімді

Тренинг «Сатып алу-сату»

Осы адам бойындағы жақсы қасиеттерді жинай отырып, болашақта жақсы азамат болып шығатынына сенімі мол. Кез-келген өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Н.Ә.назарбаев

Жас шыбық бой түзегіш

Талапты жас ой түзегіш

ID: 5169 | Просмотров: 3517