Маңғыстаудың Бейнеу ауданында биология пәні үш тілде оқытылады

Маңғыстаудың Бейнеу ауданында биология пәні үш тілде оқытылады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов білім беру нысандарын, оның ішінде Бейнеу ауылындағы 320 орындық «Күйкен» орта мектебіне, 80 орындық «Болашақ» балабақшасына барды, - деп «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Мұнда 23 балабақша бар. Онда 2441 бала тәрбиеленуде. 3-тен 6-ға дейінгі жастағы балаларды білім және тәрбиемен қамту 91,1%-ды құрайды.

Бейнеу және Боранқұл ауылдарында 150 орындық балабақша салуға жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Оны мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі бойынша жүзеге асыру қарастырылуда.

Өңір басшысы Бейнеу гимназиясының қызметімен танысты. Педагогтар 13 «Алтын белгі» иегері бар екенін айтты.

«Білім сапасы жоғары деңгейде. 330 оқушы 2 ауысымда білім алады. Түскен кезде емтихан тапсырады. Қазір эксперименталдық бағдарлама әзірлеуге кірісіп жатырмыз. Биология үш - қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтеді», - деді гимназия директоры Болат Досанов.

Аудан бойынша екі мектепте үш тілді оқытуға көшу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Өткен жылы 102 ұстаз жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс оқыды. Биыл 305 педагог оқытылады. Ауданда 26 мектептің барлығы кең жолақты интернетпен қамтылған.

«Бейнеу мектептері басқа аудандарға сапалы білім беруді дұрыс ұйымдастыру жағынан үлгі болуы тиіс. Үш тілділік білім беруді енгізуді жалғастыру қажет. Физика, химия кабинеттерінің зертханаларына жаңа жабдық орнатып, мектептерде практикалық сабақтар өткізуге арналған шығын сметасын ұсынуды тапсырамын», - деп атап өтті өңір басшысы.
18
Декабрь
0
693
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.