Сайт учителя начальных классов
.
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?



Құрметті сайт қолданушылары Ұстаздар сайты конкурстардың басталатынын хабарлайды. Жақын арада барлық конкурстардың тізімі сайтта жарияланады. Конкурстар қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығарма деп аталады. Ұстаздар сайтының алғашқы конкурсы болғандықтан қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Конкурсқа қатысу тегін және қатысушыларға ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақыны банктік шотына аударылады.Конкурс туралы толық мәлімет сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз. 





Ең үздік шығарма конкурсы туралы



1) Конкурсқа қатысу тегін.



2) Конкурсқа барлық сайт қолданушылары қатыса алады. Жасына, қызметіне, тіліне, және тағы басқа талаптар қойылмайды.



3) Конкурсқа ұстаздар, студенттер, оқушылар, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары, кез-келген қолданушы қатыса алады.



4) Жүлде қоры 100 000теңге



Толық мәліметті жақын арада сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз.





Бүгінгі жаңалықта біз сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді. Қазақстанда ұстаздарға, жастарға арналған қандай конкурстар ұйымдастыруға болады?



Үздік ұсыныстарға ақшалай сыйақы тағайындалған.



Сіз өз ұсынысыңыз арқылы сайттың дамуына үлкен үлес қосқан болып есептелесіз. Ұсынысыңыз ұнаса сайт ұстазы құрамына тегін және бірден ауыстырыласыз.



Ұсыныстар қызықты, тәрбиелі, түсінікті болуы шарт. Ұсынысты мына беттен>> немесе кері байланыс арқылы жіберуге болады. Біз үшін сіздің пікіріңіз маңызды.



Өз ойыңды бізге жібер>>







Алдағы жоспарларда тұрақты түрде әр ай сайын



1) Ең үздік ашық сабақ



2) Ең үздік презентация



3) Ең үздік мақала және тағы бірнеше конкурстар өткізу көзделіп отыр.







Сондықтан біз белсенді, тәжірибесі бар қолданушыларды әділ қазы алқасының құрамына шақырамыз.



Әділ қазы алқасының құрамына әр облыстан 1-2 ұстаз қабылданады. Әділ қазы мүшелеріне сертификаттар мен сыйлықтар беріліп отырады. Олардың міндеті конкурсқа қатысқан қолданушылардың материалдарына өздерінің пікірін беріп, жеңімпазды анықтау.



Егер сіз жюри құрамына қосыламын десеңіз бізге өзіңіз туралы, жеткен жетістіктеріңіз бен ойыңызды кері байланыс арқылы жіберуге болады. Ескерту әр облыстан 2 ұстаздан артық жюри құрамына қабылданбайлы.



Жюри құрамына қосыл>>



Біз үшін сіздің ойыңыз маңызды. Барлығы ұстаздар үшін.

ID: 20 | Просмотров: 25063

01/Янв/2015