Сайт учителя начальных классов
.
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!

Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!

Құрметті сайт пайдаланушылары мен қонақтары. Жаңа Қазақстандық ашық сабақтар сайты ашылғанын хабарлаймыз. Әрине ол !





Казнетте (Қазақстандық интернет желісі) ашық сабақтар сайттары 10 шақты (арнайы ашық сабаққа арналған) екен. Бірақ біздің байқағаным олардың көбісі ыңғайсыз, бір қарағанда ашық сабақ қосу өте қолайсыз. Сондықтан біз біраз мұғалімдерді жинап ақылдасып қолайлы, түсінікті сайт ашуға бел будық. Аллаға шүкір бүгін 8 айлық еңбегіміз ақталды



- Республикалық ұстаздар сайты 



Ашық сабақтар сайтын ашу үшін арнайы ұстаздармен кеңесіп, талдап сіздерге ыңғайлы етуге тырыстық. Біраз сайттарды талдап кемшіліктерін көрдім. Сондағы байқағаным




  1. Ашық сабақ жариялау үшін арнайы поштасына жіберу керек. Оны жіберу де уақыт алады. Ол сіздің ойлағаныңыздай жариялана ма, жоқ па?

  2. Ол материал сайтта жариялана ма, жоқ па, Ол да белгісіз

  3. Ол қашан жарияланады деп тағы күту керек. Қосымша уақыт, қайта қайта сайтқа кіріп тексеру керек. (мұғалімдер үшін уақыт ең керекті)

  4. Тағы басқа ыңғайсыз мәселелер бар, бірақ оларды мұнда жазудың керегі жоқ деп ойладым.




  • Ал сертификат алу жайы мүлдем бөлек




Жақын арада сертификат алу мәселесін де шешеміз деген ой бар. Ол туралы керемет жоспар бар, ол туралы ашылған соң осында жазамын. Әзірше құпия болып қала берсін.




Ал біздің сайт бұл мәселелердің барлығын шешті деп айта алмаймын, бірақ біздің басты мақсатымыз осы жоғарыда айтылған мәселелерді шешу болып табылатынын айтқымыз келеді. Сондада шешілген мәселелер жайлы айта кетейін.




  1. Ашық сабақ жариялау үшін енді арнайы поштаға жіберудің керегі жоқ. Сол жақтағы ашық сабақ жариялау деген сілтемені бассаңыз болғаны, ар жағын басқаннан кейін білесіз. Басып көріңіз. Тіркелмеген қонақтар үшін біраз мүмкіндіктер шектелген. Бірақ тіркелсеңіз ашық сабақты мына менің жазғанымнан да керемет қылып жаза аласыз.

  2. Ал, егер жазғыңыз келмесе жай ғана тақырыбын жазып, файлды таңдап жіберсеңіз болғаны. Біздің редакторлар оны тез арада жариялайды.

  3. Егер онлайн түрде, яғни тікелей барлығын өзіңіз жазып осы сайтта жарияласаңыз сіздің материялыңыз бірден жарияланады. Күтудің ешбір қажеті жоқ.

  4. Біз сіздің алтындай қымбат уақытыңызды барынша үнемдеуге тырысамыз.

  5. Сертификат мәселесі жақын арада шешіледі. Барлығы сіздер үшін!



Біздің сайтқа қош келдіңіздер, біздің ұран - Барлығы ұстаздар үшін!

12/Июн/2014