Балабақшаға жолдама

Балабақшаға жолдама

Елорданың барлық балабақшаларында жолдамалар электронды түрде беріле бастады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.



Бұл туралы Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин мәлім етті. Енді www.e.astana.kz порталы арқылы кезегі келген бала мекенжайы бойынша автоматты түрде жолдама алады. Демек бұдан былай Білім басқармасының мамандары бөбекжайға жолдама беру ісіне қатыспайды.





Айта кетейік, бас шаһарда күніне 100-ден астам бөбек кезекке тұрады. Ал қазірдің өзінде 33200-ден астам бала балабақшаға барудан үмітті. Ал елордада 261 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Оның 212-сі - балабақша, қалғаны - шағын орталықтар.



http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/171922-elektrondy-t-rde-berile-bastady

18
Декабрь
0
582
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.